Сирияда үйінді астында дүниеге сәби келді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.
Сирияның Алеппо қаласындағы үйінділерді сараптау кезінде ұл бала дүниеге келген деген болжам бар. Нәресте аман, алайда оның анасы ғимарат қирандыларының астында қалды.
Сириядағы соңғы мәліметтер бойынша, жойқын жер сілкінісінен кейін қаза тапқандар саны 700-ге жақындады.
Түркияда 2921 адам құрбан болып, 16 мыңға жуық адам зардап шекті.