Сирияда жер сілкінісінен кейін үш айдан соң үйінді астынан тірі адам табылды

Сирияда жер сілкінісінен кейін үш айдан соң үйінді астынан тірі адам табылды

Сириядағы жер сілкінісінен үш айға жуық уақыттан кейін құтқарушылар үйінді астынан тірі қалған ер адамды алып шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Akhbar.fouri хабарлауынша, 16 мамырда желіде таратылған видеолардан бет-аузын қалың сақал-мұрт басқан, қатты азып, терісі сүйегіне жабысып қалған ер адамның құтқарылған сәтін көруге болады.

 

Оның мұнша уақыт ішінде қалай аман қалғаны белгісіз. Құтқарушылар ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Қазір ауруханада емделіп жатыр.

 

Айта кетейік, Сирияда 6 ақпанда күшті жер сілкінісі болды. Бірнеше күн бойы тірі қалғандарды іздеу-құтқару  жұмыстары жүргізілді. Жер сілкінісінен соң сегіз күн өткеннен кейін жергілікті билік 1500-ге жуық тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.

 

Жер сілкінісінің ошағы көршілес Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған. Мұнда президент Режеп Тайып Ердоған айтқандай, 49 мыңнан астам адам апаттың құрбаны болды. Магнитудасы 7,7 және 7,6 болатын дүмпулер екі елде тоғыз сағаттық аралықпен болды. Оның әсері Ливан, Ливия, Грузия, Армения, Израиль және Кипрде де сезілді.

 

Анкара жер сілкінісін «ғасыр апаты» деп атады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста