«Сәлем салсам, тектілігім бұзылады» - Алматылық емші қыз

27 жастағы Фатима Қабыл емшілік, әлде көріпкелдік жолға түскен. Ол күйеуге шығып, бала сүюден бас тартқанын айтады. Себебі, марқұм аталары солай деп бұйрық берген екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sn.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы “Көреміз” бағдарламасында айтылды. 

 

Алматылық Бақыт Қабыл қызының 5 жыл бойы ауырғанын, алайда медицина таппаған ауруды тылсым дүниеден тапқанан айтады. Ал қызы Фатима емшілік я көріпкелдік жолға түсіп, ауруынан айыққанын айтады. 

 

“Қызым денесі тартылып ауырды. Бірақ не екенін таппадық. Медицина таппады. Қаралмаған жеріміз жоқ. Нақты диагнозын білмеді. Содан ауылдың бас дәрігері айтты, "біз көмектесе алмаймыз" деп. Халық медицинасына жүгініп көріңіздер деді. Мықты деген емшілерге бардық. Бірақ олар Фатимаға күшіміз жетпейді деді. Солай өз аталарымыздың басына зиратқа бардық. Сонда Фатима қайтыс болған аталарымызды көргенін айтты”, – деді ол. 

 

Айтуынша, ата-бабалары аян беріп, Фатиманың тұрмыс құруына тыйым салған. Себебі бұл тектілікті құртады деп ескерткен. 

 

“Менің екі ұлым бар еді. Өмірден өтті. Енді жалғыз қызым бар. Сондықтан немере сүйгім келеді. Бірақ Фатима бас тартты. Аталар солай деді дейді. Басқа амал жоқ. Көнеміз. Бір алыс туысымыздың баласы қатты ауырып жатқан. Соны өзі біліп бардық. Таң намазына жақын уақытта кірді. Солай комада жатқан баланы жазып шықты. Содан кейін қызымның бойында қасиет барын түсіндім”, – дейді әкесі Бақыт Қабыл. 

 

Ал Фатиманың өзі адамдарды қабылдап, ем жасап жүр. Тұрмысқа шықпауының себебін былай түсіндірді. 

 

“Аталарымнан рұқсат сұрадым. Күйеуге шығып, бала сүйгім келеді дедім. Бірақ маған қарсы болды. Тектілікті сақтауың керек деді. Мәселен, мен тұрмысқа шықсам, сол адаммен қаным араласады. Бала өмірге әкелемін. Қан бұзылады. Одан қайын жұртыма сәлем саламын. Өз атамның тегін бұзамын. Сол үшін маған өз аталарымның тегі маңызды болып тұр. Тектілікті сақтап қалу үшін өмір  бойы тұрмыс құрмаймын деп уәде еттім”, – деді емші. 

 

Медицина мамандары мұның әйел денсаулығына зиян екенін, керісінше тұрмыс құрып, бала туудың пайдалы екенін алға тартты. Ал дін маманы Фатиманың емшілігі шайтани әрекеттермен араласқан деп кесіп айтты. 

 

“Дінімізде әйелдің тұрмыс құруына қарсылық жоқ. Керісінше некелесу бұл –  сүннет. Хадисте ерте неке құруға кеңес береді. Некелесудің қайырлы екенін құптайды. Ал бой жетіп отырған қызға тұрмыс құрма, тектілікті құртпа, бала таппа деген бұл шайтани әрекет. Бұнда тәкаппарлық бар. Сондықтан дін тұрғысынан қарау керек. Сіздің көріп жүргендеріңіз де шайтани түстен шығар”, – деді дін мамандары.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста