Шайтанкөлге неге сәлем беру керек немесе ғажайып көлдің сыры неде? (фото)

Әлемдегі ең құпия орындардың бірі – Шайтанкөл Қарқаралының Бұғылы тауының шыңында орын тепкен. Теңіз деңгейінен 1200 метр биікте, аспанға жақын орналасқан ғажайып көлдің суы тартылмайды, не азайып, не көбеймейді. Бүгінге дейін бұл тылсымның сыры әлі табылған жоқ, деп жазады Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі.

Бүгінде туристер көп аялдайтын көлдің не себепті Шайтанкөл аталуы жайлы әркім әрқилы айтады. Ол жайлы аңыз бен ертегі көп. Аңыздардың көпшілігі көлдің «шайтандар мекені» болғандығы жайлы ұғымға келіп тіреледі. Серік Ақсұңқарұлы айтқандай «Аққулар мекені» болған Шайтанкөл талай жанды сұлулығымен өзіне тартатын қасиетке ие. Мұнда келушілер таудың ұшар басында, бастауы жоқ, ағын су келіп қосылмаса да жыл он екі ай суы ортаймай бір қалыпта тұратын, өзі де ешқайда ақпайтын, суы сасымайтын, сап-салқын болып тұратын көлдің ерекшелігіне таңданып, табиғаттың құдіреттілігіне бас иеді. Шайтанкөлдің құдыретіне табынушылар бұл көлді қасиетке балап, суына беті-қолдарын жуып, емдік қасиеті бар деп санайды.

Осы бір табиғат кереметінің сырына біз де үңіліп көрмек болдық. Жаздың ұзақ күндерінің бірінде Қарқаралы тау сілемдерінің бірінде орналасқан ғажайып көлге жолымыз түсті. Шайтанкөл - құз жартасты таудың ұшар басында, қарағайлы орманның ортасында орналасқан көлемі шағын көл. Көлдің ұзындығы 60, ені 40 метр болса, тереңдігі бар болғаны 1,5-2 метр дейді деректер. Шайтанкөлді көргенде бірден байқағанымыз қоңырқай түсті көл суы мөлдіреп жатқанымен, түбі көрінбейді екен. Көл түбі жанартаудың өзегіне қатты ұқсайды. Қарқаралы жұртшылығының айтуынша, "көлге түнде жан бітеді". Осы бір табиғат құдыретінің жанында түнегендер беймәлім бір құбылыстарға куә болып, тылсым күштертердің бар екендігін аңғарады.

Шайтанкөлге жол бастаушы Қарқаралының тұрғыны Асқар Жұмабековтың айтуынша, көлді көргенде оған амандасуды ұмытпағаныңыз абзал.

«Шайтанкөл қасиетті жер. Ол өзіне амандасқанды қалайды. Көлге сәлем берген жанның жолы болып, жұмысы жүреді деген сенім бар. Ал, Шайтанкөлге сәлем бермегендердің ұйқысы бұзылып, өмірінде қиыншылықтар көптеп кездеседі екен», - дейді Асқар Жұмабеков.

Сөзіне мысал ретінде ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің басынан өткен ел аузында жүрген оқиғасын айтып берді.

«Тоқтар аға ғарышқа ұшып келген жылы, туған жеріне келіп, Шайтанкөлдің суына шомылған деседі. Ертесінде ғарышкердің денесінде адам көргісіз жаралар, бөрткендер пайда болыпты. Дәрігер мен емханалар қандай ем қолданса да, Тоқтар ағаның тәніндегі жаралар жазылмапты. Бір күні Тоқтар түс көріпті. Түсінде ақ киімді ақсақал: «Тоқтар, сен менімен амандық сұраспадың ғой!” десе керек. Осыдан кейін Тоқтар Шайтанкөлге қайыра келіп, сәлем беріп, суына түсіпті. Мына тылсымға қараңыз, бұған дейін емі табылмаған жаралар жазылып, Тоқтар аға ауруынан айыққан екен. Міне, Шайтанкөлдің құпиялы қасиеті туралы ел аузндағы әңгіменің бірі осылай», - дейді ол.

Еш өзен құймайтын, ағып шықпайтын тұйық көлдің не себепті ортаймайтынын, суының азаймайтынын ешкім дөп басып айта алмайды. Бір белгілісі, түбі әлі де толықтай зерттелмеген Шайтанкөлдің киесі мықты. Аспанға жақын орналасқан бұл көлдің өз иесі бар екендігі де халық арасында дау тудырмайды. Сондықтан да, Қарқаралы жұртшылығы қасиетті мекенге табаны тиген жанның ісі оңынан келіп, ауруына шипа табатынына сенімді.

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста