Белгісіз қонақ кешегі түнде ертең тағы келетінін айтты. Бірақ өкінішке орай мен одан құтыла алмаймын. Және ол тек маған көрінеді. Маған 3 түн бойы келеді. Және бүгін соңғы түн. Егерде соңғы түнде шыдасам ол маған келмейді.
Бүгін күні бойы түн болмауын қатты тіледім. Бір кезде әкем өзінің анаммен бірге ауылға баратынын, ертең келетінін айтқанда менің үстіме суық су құйғандай әсер алдым. Менде баруымды қанша жалынып сұрасамда бара алмадым. Міне түнде жақындап қалды. Үйде тек бір өзім, құрбыларыма соғып қасыма алдырайын деп едім. Бірақ мұным болмады. Ал енді керек. Бүгін соңғы түн,шыдасам бостандыққа шығамын. Сағат 11:00.Өзімнің күнделікті киномды көрдімде төсекке жаттым,қатты қорықтым,жастықтың астына әкемнің пышағын салып қойдым.Ұйықтадым.Сағат1:00.Ұйқыдан оянып кеттім. Оның келетінін сезіп жаттым. Бір кезде асүйден тысырлаған дыбыстар шығып жатты. Аяқ жүрісі естіле бастады.Теледидар қосылды,қайта сөнді.Енді аяқ жүрісі менің бөлмеме келе жатты. Мен теріс қарап,көрпемді бүркеніп алдым. Есікті ашты,маған қарай келе жатты.Сол сәтте мен мүлдем козғала алмай,дыбысым шықпай қалды. Тек көзімді тарс жұмып алдым.Бір кезде одан:
-Дайынсыңба, бүгін шыдасаң сені босатамын,бірақ сен жарайсың екі күнде шыдадың. Ойын шарты былай:Көзіңді ашсаң жаныңды алам,ойын таңғы сағат алтыға дейін жалғасады.-деген қырылдаған дыбыс шықты.
Мен көзімді тарс жұмдым.Ол төсекті айналып,менің бетіме жақындатты,мен оны сезіп жаттым.Менің қатты жүрегім айнып жаттым,өйткені оның йісі өте жиіркенішті еді,шіріген жуындының йісінен де жаман,ол қолымнан ұстады,шашымды ұстады. Бір кезде:
- Сен батыл екенсің, бірақ сужүректігіңде бар,бүгін сені күні бойы аңдыдым, сенің бұл түнге жеткің келген жоқ,және сен ата-анаңның қасына,яғни ауылға барғың келді,ауылдағы туысыңды өлтірген менмін,сондықтан ата-анаң ауылға кетті ақымақ қыз.Сенің ата-анаңды да мен өлтірдім.Жылап ал жақсы боласың,деді ол.Менің көзімнен ыстық жас ытқып шығып,бетімдегі термен бірге қосылып жатты.Ол қайтадан:
- Олардың өлі денесін көргің келеме, қазір көресің,деді де қолыма бірнәрсе ұстатты. Қолыма шаш, ауыз, кеңірдек тағы бірнәрселер сезіле бастады. Бұл менің анам еді. Мен қатты жыладым. Бірақ көзімді ашқан жоқпын. Ол қарқылдап күліп жатты.Бір кезде ол менің бетімнен темір бірнәрсемен сипап жатты.Пышақ секілді. Сол кезде оның не екенін түсіндім, әкемнің пышағы еді,жастықтың астына салғанмын,бірақ оны қалай деген ой болды. Бір кезде ол менің ұялы телефонымдағы видеоны қосты.Ол видеода естелік бар еді,анамның мені туғандағы әкемнің камераға түсіріп жатқан кезі.
- Бұлардың дауысын соңғы рет естіп қал, енді естімейсің. Саған сағат қанша болғанын айтып қояын, 5 болды, бір сағат шыдасаң, бостандықтасың, бірақ мен сенімдімін, сен көзіңді ашасың, мен сені алып кетемін.Ол өмірде сен маған тұрмысқа шығасың,мен саған үйленемін
Бұл шақта анасы мен әкесі үйіне қайтіп бара жатты. (әлгі нәрсе қызды алдаған болатын) Анасы үйінде бірнәрсе болғанын, жалғыз қызы бірнәрсеге ұшырағанын сезіп, күйеуін қайтта-қайта асықтырып, тез жүруін айтып отырды. Үйге келіп, анасы дереу есікті ашты, есік сөйтсе ашық екен. Қызын шақырғанда, қызы дереу алдынан ата-анасын құшықтап алды да, аузынан мен бақыттымын деген дыбыс шықты да, талып құлады. Ата-анасы оны ауруханаға апарды,дәрігерлер одан айырылып қалу қаупі бар деп ата-анасына шорт кесіп айтты. Операция жасады, сәтті шықты. Ата-анасы жанына барып,бір мауқын басты, бір кезде әкесі естелік ретінде суретке түсейік деп ұсыныс айтты, келісті. Түскен суретті қараған ата-анасы жүрегі ұшып өліп қала жаздады. Суретті қараса, қызының суретінің орнында бір ұсқынсыз, қара түсті, сұсты бір құбыжық тұрды.
Қызының орнында ұсқынсыз, қара түсті, сұсты бір құбыжық тұрды
Последние статьи автора