Қытай елінде елес поезды көрген көпшілік шошып қалды деп хабарлайды сегодня.ру сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Баотау" бекетінің бейнебақылауына еле поезд түсіп қалған. Видео осы жылдың 10 наурызында түсірілген. Елесті көрген теміржол қызметкерлері әлі де үрейден арыла алмай жүр.
Ал аталмыш бекетте 12 жылдан бері қызмет ететін куәгер, бұдан қорқынышты нәрсе көрмегенін жеткізіпті.
Видеода келе жатқан көліктің дыбысы естілгенмен өзі көрінбейді. Тек поездың алдыңғы жарығы ғана әлсіз байқалып тұр. Артқы вагондар да бұлыңғыр. Тек жүріп өткенін ғана байқауға болады. Видеода ол бекетке аялдағанымен, ешқандай жолаушы мінбеген.
Оқырмандар бұл сұмдық оқиғадан соң қорқып қалғандарын жасырмады. Кейбірі тіпті поездың келесі әлемнен келгеніне сенетіндіктерін айтқан.