Қыдыр атаны қонақ қылған қария...

Сегізбай ата мейірімді, жаны жайсаң адам болған. Жас шағында жоқшылықтың зардабын көп көрген. Мал дейтін малы да жоқ, небәрі екі-үш ешкісімен күндерін көріп, жан баққан. Кейде тіпті ішерге асы, киерге киімдері де болмаған. Ондайда атамыз барға-шүкіршілік, жоққа-сабырлық сақтаған... Өзі жарымай жүрсе де, айналасынан көмегін аямаған атамызды ел де ерекше сыйлаған деседі...

Сол атамыз, жас күнінде (28 шамасында) күздің қытымыр уақыты болса керек, әдетінше басына ескі бөркін, үстіне тозығы жеткен шапанын іліп алып, екі ешкісін таудың бөктерінде жайып жүреді. Арасында «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіріп шырқамаса да, әуендетіп қояды... Кенет алыстан «Бауырым» деген дауыс естілгендей болады. Бірақ кең далада өзінен басқа тірі жан баласы жоқ. Шалыс естіген болармын деп, мән бермей, әндетіп жүре береді. Бір кезде иығынан біреу түртеді. Артына бұрылып қараса, астында ақбоз аты бар, сақалы кеудесін жапқан қария екен келіп тұрған. Атамыз таңырқап қалады. Сонда әлгі қария атамызға қарап:

- Балам, менің тісім жоқ. Үйіңе қонақ етіп, тамақ бересің бе?

- Әрине, ата! Қонақжай дейтін халықпыз ғой!

- Мына атыма да шөп бере аласың ба?

- Қам жемеңіз! Атқа да шөп табылады.

Осылай атамыз қарияны кішкентай ғана төрт бөлмеден құралған үйіне ертіп келеді. Босағадан аттай түсе, күтіп отырған келіншегіне «Қалима, құрметті қонағымыз бар. Тездетіп тамақ әзірлеп жібер!» деп ішке кіріп, қарияға төрден орын ұсынады. Осындайда алыстан келген сыйлы қонаққа деп асатын бір асым еті де жоқ еді. Келіншегі ұнды майға қуырып быламық жасап береді. Быламақты сүйсініп жеген қария «Балам, енді атыма да шөп беріп, қарайлап қой» дейді. Сөйтіп орнынан түргеліп «Мен енді жолға шығайын, мына атымды саған қалдырамын. Алты айдан кейін келемін. Егер қайтіп оралмасам, атты сойып ал, немесе сатып, одан түскен қаржыны қажетіңе жұмса» деп жүріп кетеді...

Арада алты-жеті ай өтеді. Бірақ, қария сол кеткеннен қайтіп көрінбеді. Атамыз ендігі жерде атты сойып, жарты бөлігін сатып, қалғанын игілігіне пайдаланады. Міне, осыдан кейін атамыздың малының саны артып, күннен күнге баий түседі. Сонда о баста атамызға кезіккен қария тегін адам емес, «Қырықтың бірі-Қыдыр» демекші «Қыдыр ата» екен. «Мұндай бақ екінің бірінің басына қона бермейді. Жаратушы Ием атамыздың пейіліне қарай жіберген» деген екен естіген жұрт. Содан бастап атамызды «Қыдыр қонған Сегізбай» деп кеткен...

Кеңес үкіметінің ең бір сұрқия тұсы еді. Қазақтар арасынан бай шықса, мемлекет сол отбасын түгелдей жер аудартып жіберетін. Ал, мал-мүлкі тәркілене бастайды. Бұл уақытта мыңғырып бай болған, ауқатты адамдардың қатарынан орын алған атамыз осы құрыққа ілінген болатын. Атамыздың байлығы шолақ белсенділердің құлағына жетіп, «Ташкентке жер аударылсын» деген үкім шығады. Атамыз оны естіген бойда дереу малын сатып, одан түскен қаржысын целофан қалтамен орап, күбінің ішіне салып, бетін ешкінің майымен бүркеп қояды. Қалған жиған-терген қаражатын жастықтың арасына тығып, сыртын ескі-құсқы шүберекпен жамап, көктеп тастайды...

Үйінің бұрыш-бұрышын тіміскілеген сақшылар өз жұмыстарына кірісіп кеткен. Атамыз күбінің ішіндегі майды көрсетіп «Мына азғантай ғана майды балаларым жол үстінде азық қылар. Күбіні өзімізбен әкетуге рұқсат ет» деп сақшыларға қарайды. Мұрнын тыржитып, қатал кейіп танытқан мемлекет жағымпаздары «Алсаң ал! Мұның бізге қажеті де жоқ. Тозығы жеткен жастығыңды қоса ал!» деп жастықты атама қарай лақтырып жібереді. Атамыздың көздегені де осы еді. Осылай Сегізбай атам Ташкентке жер аударылып кете барды... Анамның айтуынша, атам Ташкентте аз ғана қаражатын малға айырбастап, мал басын көбейтіп, қайтадан аяғынан тік тұрып, шалқып ғұмыр кешкен... Кейін ақталып, қайта еліне оралады. Бірақ ресми түрде «ақталды» деген шешім бертін келе қабылданған.

Атам елге оралған соң, тіршілігі жалғаса береді. Әдеттегідей, малын ақшаға айырбастау мақсатында базарға сатушыларға өткізетін. Кейбір кезде алушы тарап қаражаттан қиналып тұрған сәтте атамыз «Бір келгенде алармын» деп тегін беріп кетеді екен...

Бүкіл саналы өмірін халқына жақсылық жасаумен өткізген атам, уақыты жетіп, сексеннен асқан шағында дүниеден өтеді. Қазасын естіген қаймана қазақ егіліп, етегін жасқа толтырып қимастықпен қоштасқан....

Нәзік ТҰРТАЙ,

alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста