«Қорқынышты»: Сүндеттелген әйелдердің жан сыры

Некеге дейін қыздардың тазалығын сақтау және махаббат құмарлығын басу үшін Африка елдері ғасырлар бойы әйелдерді сүндеттеуді қолданады. Бүгінгі күні бұл процедураға ішінара тыйым сала бастады, бірақ әлемде оның салдарымен өмір сүретін 200 миллионға жуық әйел бар. Олардың кейбірімен Санкт-Петербургтен келген Аша Майлс кездесіп, әңгімелерін жазып алады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Bugin.kz тілшісі әңгімені тәржімалап назарларыңызға ұсынады!

Әйелдерді сүндеттеу – сыртқы жыныс мүшелерін жартылай немесе толық алып тастау. Операция негізінен Африкада, сондай-ақ Азия мен Таяу Шығыстың бірнеше елдерінде кең таралған. Операцияға медициналық көрсетілімдер жоқ. Жарақат ізі – Гамбиядағы  әйелдердің бұл процедураны бала кезінде жасаған тарихы.

 

Сарьо Вах, 37 жаста

 

Жасым небәрі бесте болса да, анамның бұл сөздері үнемі есімде. Бұл сөздер санамда азаппен қатар қалады деп кім ойлаған? Сол жолғы серуен бұрынғылардан ерекше болды. Бізді орманда операция жасауға дайын әйел күтіп тұрды. Жанымда менімен жасты тағы екі қыз болды. Барлығы тез болғаны есімде: мені жай ғана бұталардың арасына апарды. Онда ол ешқандай алдын-ала процедураларсыз менің клиторымды инемен тесіп, оны қарапайым пышақпен кесіп тастады. Ментол мен есек зәрі сияқты халықтық емдеуден басқа ауруды басатын дәрілер болмады. Және апталарға созылған адам төзгісіз ауырсыну болды. Анам маған үндемеді, ештеңе түсіндірмеді....

 

Тым ерте14 жасымда тұрмысқа шықтым. Мені ата-анам мәжбүрледі деп айта алмаймын, таңдау менікі, мен ғашық болғанымды сезіндім. Менің күйеуім 25 жаста еді, бірақ сондай махаббат бола тұра, тұрмыстағы өмір маған қиынға соқты. Бес баланы босандым, босану өте қиын болды. Оның бір себебі тәнімде қалған тыртық. Әйелдерді сүндетке отырғызу рәсімінде жақсы ештеңе жоқ. Қан жоғалту, инфекциялар, ауырсыну, кейде өлімге әкелетін операциядан өттім. Бүгінде әйелдерді сүндетке отырғызу заңсыз болып табылады, бірақ бұл процедура жасырын түрде жүргізілуде. Кейде мына жерде, ана жерде сәбиді әжетханада сүндетке отырғызды деген қауесет тарайды. Осының тоқтағанын қалаймын.

 

Марияма Джуф, 24 жаста

 

 

Маған бес жасымда ота жасалды. Әпкем екеумізді басқа үйге алып кеткені есімде, онда тағы үш қыз бар еді. Бізді, әрине, не күтіп тұрғанын білмедік. Мұның бәрі кішігірім мереке сияқты көрінді. Бірақ бірдеңе дұрыс болмады. Айналама мән бермедім. Үлкендер жағы қыздардың бірінен соң бірін ваннаға апара бастады. Барабаншылар айқайды естірмеу үшін барған сайын қатты соқты. Барабанды соғуға өзім рұқсат бергенім есімде, мен тіпті кезегім жеткенше қуанып жүрдім.  Бұл азапты болды деу – кем. Тағы бір апта бойы мен іс жүзінде қозғалыссыз жаттым.  Дәретханаға барған сайын ауруды азапты хәлде сезіндім.  Олар ауруды басатын дәрілерді немесе емдеу әдістерін қолданбайды. Егер олар ешкі қоқысымен суды қайнатса, соған отыру керек. Бұл ауруды басудың – халық еміне сай нұсқасы. Содан кейін басқа мәселелер басталды, инфекциялар және ауырсыну жоғалмады.

 

Тұрмысқа шыққанан кейін де ауру үдеп, жаныма маза бермеді. Сенегалда тұратын, ота жасатпаған әпкемен сөйлесе отырып, жағдайдың басқаша екенін білдім. Егер сол кезге қайта оралсам, анама бұлай жасама деп айтар едім. Қазір менің 4 жасар қызым бар, анам оған да операция жасатқысы келеді. «Олай жасасаң мен сені өлтіремін!» - деп батыл айттым. Қызымды қорғағым келеді.

 

Айда Мбенга, 22 жаста

 

 

Мен сүндеттеу кезінде қандай да бір гипнозға ұшырадым деп ойлаймын. Менің есімде көп нәрсе жоқ, бәрі бұлыңғыр. Сонда анам: «Менің туған күніме Банджулға барамыз», - деді. Біз шынымен де бір жерге бардық. Үйдің есігінен енгеніміз, бір әйелдің қарсы алғаны есімде содан кейінгі жайттың бәрі жадымнан жоғалып кетті. Бұл жағдай маған ауыр тиді ме? Білмеймін. Мен ауруханаға түскеннен кейінгі жағдаят есімде: олар маған көп қан жоғалтқанымды айтты, бірақ бәрі ойдағыдай болды.

 

Әкем қыздардың сүндетке отырғанына қарсы адам еді. Алайда, анам бұл процедураны жасырын жасатуға бел буды. Ол сүндетке отырғызу қажет екеніне, бұл қыз балаға пайдалы екеніне шын жүректен сенді. Әкем әлі күнге дейін білмейді. Оған айтуға әлі де батылым жетпейді. Бақытымызға орай, басқа сіңілілерім бұл отадан зардап шеккен жоқ. Әйелдерді сүндетке отырғызудың жағымсыз салдары туралы белсенді түрде айтыла бастағандықтан, анам өз ойын өзгертті. Мен барлық әйелдердің ойын өзгерткенін қалаймын – бұл  ғұрып шынымен қорқынышты!

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста