Қираған шахта астынан 17 жылдан кейін тірі шыққан адам

Осыдан 17 жыл бұрын Қытайдың батысында қуаты 7,8 баллдық жер сілкінісі салдарынан 118 жұмысшы қызмет атқаратын шахтаның бір бөлігі қираған болатын. Содан бері кен орынының қираған бөлігі жабық күйінде қалған еді.

Алайда, кеншілер қараусыз қалған кен ұңғымасынан кеншіні тауып алған соң, мұндағы жұмыс қайта жалғасты. Кен орнынан табылған кенші дәл осы қираған шахтада 17 жыл өмір сүруін жалғастырған.

Кен қирандысының арасында 17 жылын өткізген 59 жастағы Чунг Вайдың жағдайы өте нашар. Кеншілер оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген, қазір оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Чунг Вайдың тірі қалуы және оның осынша уақыт бойы өмір сүруі адам сенгісіз жағдай.

Шахтада болған жер сілкінісі кезінде шығар ауызға апаратын тунельдің төбесін тіреген ағаш тіреулер қираған. Соның салдарынан осы бөлікте қызмет ететін 118 адамның 117-сі опырылған тунельдің астында қалады. Тек қана Чунг тірі қалады. Оның тірі қалуына бірден бір себеп болған – ауа алмастырғыш тесіктің бітелмей қалғандығы, таза ауаның шахта ішіне еркін жетуі еді.

Сонымен қатар, оның бағына орай кен түбінде азық-түліктің мол қоры да бар болатын. Соған қарамастан, Чунг Вайға тышқандар мен мүкпен тамақтануға тура келген.

Бұл жағдай адамзат тарихында болмаған оқиға. Яғни, осыншалықты қауіпті бастан өткере отырып, 17 жыл бойы тірі болу бұған дейін болмаған.

baq.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста