Қарғысқа ұшыраған семейлік жанұяның жан айқайы (фото)

Семейлік Есенбековтер (өтініші бойынша аты-жөндері өзгертілді) «отбасылық қарғыстың» құрбаны болғандарын айтып, көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Бес ағайындылар махаббатпен отау құрғанымен барлығы ажырасып, тіпті кейбірінің екінші некелері де сәтсіз болған.

«Біздің отбасымызға не болғанын білмейміз. Туған ағам екі рет үйленіп, екі рет ажырасып кетті. Жұмысқа тұрғанымен ай өтпей жатып шығып қалады. Тағы бір әпкем бар 1988 жылы туылған, әп-әдемі күйеуінен өзінен өзі ажырасып, бір баламен қайтып келді. Екінші рет таңдаған жары қант диабетіне шалдықты, қазір ауру. Менің өзімді де сүйген жігітім бір баламен тастап кетті. Бауырларымның да, өзімнің де жолым болмайды үнемі. Білетіндер бізге қарғыс тиген дейді. Осы сөз рас па? Оның себебін біліп, емделуге жағдайымыз жоқ», - деп жылады жанұяның кенже қызы Сәния.

Отбасылық қарғыстың бар жоғын білу үшін біз танымал көріпкел Кямран Самедовке хабарласып, жанұя мүшелерінің жеке суреттерін жібердік. Экстрасенс суреттерді қарап шыққан соң мынадай қорытынды жасады.

- Бұл отбасының қарғысқа ұшырағанына 15-20 жылдың жүзі болған. Аналары өздеріне туыс болып келетін бір әйелді қатты ренжіткен. Ол жылап тұрып: "Балаларың бақытсыз болсын!", - деген. Осы сөз ұрпағының бойына дуа болып тараған. Жанұядағы ер азаматтар араққа әуес. Бақытсыздықтың азабын ең бірінші қыздар тартып жатыр, көздері мұңға толы. Ал фотолардың ішіндегі жас баланың демі жоқ.

Менің көз алдыма оның сарайда асылған бейнесі елестеп тұр. Бұл жанұяға мен де, ешбір емші де көмектесе алмайды. Тек Құран кітабы құтқарады. Себебі, айтылған қарғыс үлкен балаларына ғана емес, олардың ұрпақтарына да дарып жатыр. Шешелері өзі ренжіткен әйелді тауып кешірім сұрағанымен түк пайда жоқ. Олар жанұясымен ислам шарттарын орындау арқылы ғана бойларын қарғыстан тазалай алады. Ер азаматтар арақ ішуді қоюы керек", - дейді Кямран Самедов.

Көріпкелдің болжамын отбасы мүшелеріне айтқанымызда, үйдің үлкен қызы жылап тұрып, барлық сөзді растады.

«Иа Н. есімді бауырым ішкілікке салынып кетті. 20 жастағы ұлым әскерде жүргенінде еш себепсіз сарайда асылып, қайтыс болды. Анамыздың туыс әйелді ренжіткені де рас. Әкеміздің қарындасы күйеуінен бір баламен ажырасып, үйге келіп анамды түртпектей берген соң шешем оны баласымен қоса қуып жіберген еді. Ол кісінің не айтқанын білмеймін. Бірақ анам сол қайынсіңілісін қатты ренжіткенін жиі айтып, жолымыздың байланғанын содан көретін еді», - деп егіліп жылады 1973 жылы өмірге келген Мариям есімді үйдің үлкен қызы.

Жалпы қарғыс пен дуаның шариғатта бар жоғын білу үшін «Орбита» мешітінің наиб имамы Жолдас Бердіқұловтың пікірін білген едік.

"Қарғыс, сиқыр ол шариғатта бар. Яғни біреудің назданып, ренішпен айтқаны екінші адамның жолын жабуы әбден мүмкін. Сондықтан да Алла тағала бойыңды жаман нәрседен тазарту үшін үш жұмыс жаса дейді. Бірінші – өкіну, екінші – жаман әдеттен арылып, оған жоламау, үшіншісі – ниет ету. Яғни «күнәмді кеш» деп Алладан тілеу тілеп, намазға бет бұрып, ораза ұстап, шариғат шарттарын орындаса міндетті түрде жаратушы оны қарғыстан, дуадан да құтқарады. Сондай-ақ бойында қарғысы бар адам құран оқи отырып, алақанына үрлеп сол қолымен денесін сипау арқылы өзіне дем салып жаманшылықтан арыла алады. Жалпы, исламда біреуді қарғауға, тіпті жаман сөзбен балағаттауға да тыйым салады. Өкінішке орай адам ашуланғанда небір ауыр сөздерді айтып қояды", - дейді имам.

Жиырма жыл бойы отбасылық бақыт түгіл, тәуір жұмысқа тұра алмай әбден қиналған отбасы мүшелері жолдарын ашып, қарғыстан арылу үшін бәріне дайын екендерін айтады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста