Орманды тауда адасып кеткен 60 жастағы тайвандық ер адам өзінің аман қалуына екі "қорғаушы рухтың" себепші болғанын айтып, елді таңқылдырды. Оның сөзінше, әйел мен ер адам кейпінде келген рухтар оны орманнан жетектеп алып шығыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ paranormal-news.ru сайтына сілтеме жасап.
Бұл таңғажайып оқиға 2019 жылдың 10 қарашасында болған. Сун Руй Сюн есімді ер адам Тайванның оңтүстік шығысындағы таулы Пиндун ауданына барып, сол жерде адасып кетіпті.
Ал 60 жастағы Сунның отбасы ол таңға дейін келмегендіктен дабыл қаға бастаған. Еріктілер тобы Сунды шамамен жоғалған жерінде іздестіре бастайды, алайда ер азамат жоғалған соң 10 күннен кейін бір-ақ табылған.
Белгілі болғандай, Сун адасқан күні көзілдірігін жоғалтып алыпты, сол себепті орманнан шығар жолды таппай қалған екен. Ол ұялы телефонының қуаты таусылғандықтан ешкімге хабарласа алмаған.
Бірнеше сағаттан кейін Сун кішігірім үңгірге тап болып, сол жерде 9 күн отырған. Ол тәтті шөп жеп, бұлақтан су ішіп, күн көрген екен.
Кейіннен үңгірдің ішінде мәңгіге қалып қоймау үшін ол жерден тезірек шығу керек екенін ойлапты.
Ер адам үңгірден шыққан соң әйел мен ер адам кейпіндегі екі рухты кездестіргенін сөз етті.
О баста Сун олардың рух екенін білмеген. Оның сөзінше, олар осы жерде тұрған ежелгі тайпа өкілдері секілді киінген.
Екі сағатқа жуық олар үнсіз ғана Сунды жетектеп жүрген. Ер адам мен әйел оның тіпті, кім екенін, мұнда не істеп жүргенін сұрамаған.
Олар Суннан: "Сіздің көзіңіз нашар көре ме?", - деп қана сұрапты.
Сун жолсеріктері кенеттен ғайып болып кеткенде ғана олардың кім екенін түсінген. Ол өзіне көмектескен адамдарды іздестіре бастағанда үйге апарар жолды көріпті. Сол жерде Сунды еріктілердің біреуі байқап қалған.
Аман-есен үйіне оралған ер адам көз жасына ерік беріп, оны іздестірген барлық жанға алғыс білдірді. Ол өзінің аман-есен үйіне оралуына екі рух көмектесті деген сенімде.