Ажал жастығына бас қойып, өлім аузында жатқан адам айналасындағы дыбыстардың барлығын ести алады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі planetanovosti ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Өліп бара жатқан адамдардың ең соңынан жоғалтатын нәрсесі осы есту қабілеті шығар. Олар соңғы деміне дейін айтқанның бәрін тамаша естиді, тіпті, жанындағы адамның күрсінгеніне дейін ажырата алатын болып шықты.
Сол себепті, демі таусылуға жақын адаммен тілдесудің маңыздылығына тоқталды Британдық Колумбия университетінің Елизавет Блудон есімді ғалымы.
Неврологтар өлім аузында жатқан адамдарға тағы бір тәжірибе жүргізіп көрген екен. Оларға электродтары бар арнайы қалпақ киген, оның көмегімен мидың әуенге реакциясын және оның тонусының өзгерісін тіркеуге болады. Ми дыбыстарға реакция танытқан, яғни, адам өлімге жақын күйде болса да оны тамаша естігенін көрсетеді.
Сондай-ақ, адам есінен танып, өмір белгілерін көрсетпесе де мұндай реакция тіркелген. Осыған байланысты ғалымдар соңғы сәтке дейін адамдар қасында болып жатқан барлық нәрсені ести алады деген қорытындыға келді.
Болашақта сарапшылар адамның естігенін түсіну қабілетін қанша уақыт сақтайтынын және өлім аузында жанасуды сезіне алатынын немесе алмайтынын анықтағысы келеді.