Өлінің астынан өту

  Мен бір басымнан өткен жағдайды сіздермен бөліскім келеді. 21 жасымда тұрмыска шықтым. 5 жыл көтере алмай катты киналдым. Жолдасым екеуміз бармаған жер баспаған тауымыз калмады. Емнің түр-түрін кабылдадык. Мүлде балалы бола алмайсыңдар деп ешкім айтпайды, толык диагноз ешкім коя алмады.

Солай киналып, жылап жургенімізде, менің нағашы атам қатты ауырып қайтыс болды. Бізде бардық. Адам көп, абыр-сабыр арасында анам сені молда күтіп отыр деп сыбырлады. Сол сәтте біз отырған бөлмеге молдекең басын сұғып: "Кызыңыз келді ма?"- деді, анама карап. Анам көзімен мені көрсетті.

"Дайындалсын" деді де, шығып кетті. Сөйтсем мені атамның астынан өткізбекші екен. (Жүкті бола алмай жүрген келіншектерді, қайтыс болған жақындарының астынан өткізетін ырым бар екен) Содан бәріміз қатарда тұрдық, атамды ағаларым соңғы сапарға алып шықты, ер кісілер жаназа намазына тұрды, осы уақытта молдекең мені шақырып табыттың астынан үш рет ары-бері өткізді. Соңғы өткенімде аркаңа қарамастан кет деп ескертті. Солай жасадым. Ағаларым табытты көтеріп тұрды. Соңғы өткенімде айналам, маңдайым жап-жарық болып кетті. Бұлтты куні кенеттен күн шыққандай сезім болды. Бул жағдайдан соң, мен онша елеместен жүре бердім.

Екі айдан соң жүкті екенімді біліп, қуанышымызда шек болмады. Жуктілігім женіл өтті. Бір қызығы, жүкті кезімде атамды түсімде жиі көретін болдым, маған еш зияны жоқ. Тек қасымда жүреді немесе бірнәрселер түсіндіріп, біреулермен таныстырып жүреді. Менде еш қорқыныш болмады. Атамның басына ризалығымызды білдіріп көк тасын біз қойдық. Ағаларым көк тасын қойган күні 8 айлык, жетілген қызымды босандым. Толғағым 45минутка ғана созылды. Тек қызымның салмағы сәл аз болды. (2,500кг) Қызымды 40 күннен асырып қырқынан шығардық, сол күні түсіме атам кірді. Біз жатқан бөлменің терезесінен қарап маған "жақсы, мен кеттім" деп қолын бұлғап, жымиып күлді де кетіп қалды. Мен шыр-пырым шығып, сізді сағындым деп есікті ашуға ұмтылып жатып оянып кеттім. Содан соң атам түсіме кірмей кетті. Қызымның артынан ұлды болдым, Аллаһа мың шүкір! Қәзір ойлап отырып осы бір тылсым дүниені әлі түсіне алмаймын. Бәріде бір Аллаһа аян! Мүмкін мен сияқты қиналып жүргендерге көмегі тиер...

kz.el24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста