О дүниеге екі мәрте барып қайтқан әйел

(Қымбат Қабдашқызы Орынбаеваның тозақта көрген сұмдықтары, жұмақта көрген туыстары, болашақ өмірге келетін сәбилерімен жолығуы)

 

Кісінің өз өлімімен өлгені қандай да болса жақсы өлім. (беймезгіл өлім шейіт) Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Қымбат Қабдашқызы сөзін былай бастады:

 

– Түрлі аурулар, моральдық-этикалық деңгейдің құлдырауы, психикалық соққылар тәрізді түрлі қиыншылықтардың пайда болуы, бір қанаты әлсіреген ұшқан құс тәрізді адамзат қауымын өзінің табиғи даму бағытынан ауытқыта бастатады. Осындай жағдайды өз басымнан өткізіп, керек десеңіз екі мәрте «о дүниеге» де барып қайттым.

 

Тұрмыс құрған бастапқы 1997 жылы күйеуім Марат екеуміз Талғар ауданы, Әлмерек ауылында екі қайын сіңіліммен бірге тұрдық. Пенде баласы болғаннан кейін, әсіресе қыздар арасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сондай бір кезекті «азамат соғысының» бірінде қайын сіңілім ішімнен тепті, менің іш құрлысымда бірдеме үзіліп кеткендей болды. Үйде бір тәулік жатып қалдым.

 

Ауырып болмағаннан кейін туған ағам Құрметтің жұбайы Шолпан мен бауырым Әділет Алматы қаласының орталық емханасының хирургия бөліміне алып келеді. Дәрігерлер рентгенге түсіріп тексергеннен кейін: «Ішегің үзіліп гемотома болуы мүмкін, сенің тірі қалуыңа кепілдік бере алмаймыз. Сондықтан операция жасамас бұрын өз қолыңнан колхат бересің», – дейді. Жан керек, Қымбат қолхат береді.

 

Дәрігерлер Қымбатты операцияға дайындап іске кіріседі. Ұйықтататын дәрі еккеннен кейін Қымбат терең ұйқыға шомады. Өзі былай дейді: «Ұйқыға кеткеннен кейін жаным тәнімнен бөлініп, өзім әппақ жамылғы жауып қойған тәніме төбеден қарап тұрмын. Дәрігер бідемені айтып, пышағымен мені кескілеп жатыр. Мен қарап тұрмын. Айтқан сөздерін түсінбеймін».

 

Осы сәтте құбыр-труба сияқты бірдеменің ішімен ұша жөнелдім. Алдымнан, өте алыстан кіп-кішкентай жарық көрінеді, жете алмаймын. Ұшып келемін, ұшып келемін... Тынысым тарылып кетті, құбырдың ішінен тезірек шыққым келеді. Бір кезде мені дөңгелегі бар зембілге (каталка) салып екі есікке алып келеді. Есіктің алдында гуманоидтарға ұқсайтын бір орта бойлы адам тұр. Тек жылтырап көзі ғана көрінеді. Көзі адамдікі сияқты. Бірақ, үлкен. Үсті-басына күміс тектес матадан жасалған кебінге ұқсас киім киіп алған. Зембілге салған қалың нөпір адамдар кезекте тұр. Әлгі кебін киген адам оларды іріктеп жатыр.

 

– Мынаны анда жіберіңдер, ал мынаны кері қайтарыңдар!

 

Менің кезегім келгенде:

 

– Мынау кері қайтарылмайды, – деп бір есікті ашып, итеріп кіргізіп жіберді.

 

Іші ойлы-қырлы сырғанаққа ұқсайтын қан түстес құбыр екен. Сол құбырдың ішінде айналып ұшып келемін, ұшып келемін... Бір мезетте жіп-жіңішке қыл көпірдің үстінен бірақ шықтым. Екі аяғыммен тұрмын. Қыл көпір шайқалақтап тұр, шайқап тұр. Артымдағы үңгірге ұқсас құздан жалынышты ыңырсып қиналған дауыстарды естідім.

 

– Қымба-а-ат, кешірші бізді! Кешір! Құтқа-а-ар бізді!

 

Артыма қараймын. Кім ол?! Алдымда дуал. Есік көрінеді. Дуалдың ар жағында ана дүниенің адамдары мені күтіп тұр. Әкемнің шешесі әжем, Мараттың ата-анасы, әжесі, Мараттың түрік досы Яша әкесімен бәрі бірге тұр. Ол кезде Мараттың әкесінің ағасы Әшмұхаммед ата тірі болатын. Ол кісі де тұр екен. Мен:

 

– Ой ата! Сіз менен бұрын жетіп алғансыз ба? – деп қоямын. Ол кісі бауырына айтып жатыр:

 

- Мынау Мараттың келіншегі Қымбат болады. Сенің туған келінің.

 

Сонан соң әжемді көріп:

 

– Апа! Мен сізді таныдым, келдім міне, мен келдім! Бәрі күлімдеп тұр.

 

Қыл көпірдің ортасында тұрмын. Арттағы дауыс қиналып мені шақырып жатыр. Ойладым:

 

– Елдің бәрі тозақ дейді, соны көрейінші. Кім менен соншалықты кешірім сұрап жатыр, соны білейінші, – деп қыл көпірдің үстімен артыммен артқа жүрдім. Тоқымдай ғана жер бар екен. Сонда тұрып үңгірдің ішіне кірдім. Кірсем түрі қорқынышты: көздері, денесі күп болып ісіп кеткен бір әйелді тіліне дәу шеге қағып, тасқа іліп қойған. Сөйлей алмайды, тек «ың» деп ыңырсыған дыбыс шығарып менен көмек сұрап тұр, бұлар өсекшілер. Мен оны танымаймын, түрі бұзылып кеткен.

 

Мен: «Бисимилаһи рахманир-рахим», – деп тілімді кәлимаға келтіріп алып, ары қарай жүрдім. Қарасам енді бір әйелдің басын салбыратып, шашын қазыққа байлап, көтеріліп тұрған екі аяғына шеге қағып, қабырғаға жапсырып қойыпты. Тілі салақтап жерге жетеді. Ол да сөйлей алмайды, тек «а-а-а-а!!!» дейді. Үңгірдің ішінің ауасы ауыр, ниеті (аурасы) жаман.

 

Егер Адам баласына Алла Тағаладан басқа тағы да біреуге табынуға бұйыра алсам, әрбір әйелді өз еріне табындаруға бұйрық берер едім.

 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Одан әрмен жүрсем, келесі әйелдің оң көзіне шеге қағып, қабырғаға оны да асып, жапсырып қойыпты. Ол не әрі, не бері қозғала алмайды. Лаулап жанған оттың ішінде жан дауысы шығып: «Қымба-а-ат! Қымба-а-ат!» – деп, бір әйел адам тірідей жанып жатыр. Алдында естіген даусым осы тірідей жанып жатқан адамның дауысы екен. Түрін танымаймын. Бірақ дауысы таныс.

 

Одан әрі қарасу батпақта бір адам тұншығып, малтып шыға алмай жатыр. Кім екен деп қарасам, түсінбеймін. Бір кезде күйеуім Мараттың екі жездесі болған еді, соларға ұқсап кетеді. Екеуі де кезек-кезек тұншығып, малтып шыға алмай жатыр. Қызығы, екі адам бір адам болып тұр. Бір батып шыққанда: «Өлдім, өлдім көмектес! Өлдім, өлдім көмектес! Құтқар бізді!», – дейді. Мен ол жаққа бара алмаймын. Сұмдық қорқынышты. Осыларды көргеннен соң кері қайтып қыл көпірдің үстіне барамын.

 

Сонан кейін: «Е, баяғы қыл көпір дейтін осы екен ғой!», – деймін. Қыл көпірдің үстімен жүріп келе жатсам дірілдеп тұрып лақтырып жібереді, үстіне қайта екі аяғыммен дік етіп түсе қаламын. Астыма қарасам, қап-қараңғы құз. Мені осылай үш қабат лақтырды. Үшеуінде де дік-дік етіп, қыл көпірдің үстіне түсе қаламын. Үшінші қабат лақтырған соң жұмақтың есігіне бардым.

 

Есіктің сыртынан айқайлаймын: «Әже, мен келдім. Қазір сені құшақтап иіскеймін!». Есікті енді ашып кірейін деп тұрғанымда, жоғары жақтан қанаты бар екі еркек күйеуім Мараттың анасын көтеріп ұшырып әкеп, тура жұмақтың есігінің алдына апарып қояды.

 

Мараттың анасы есікті жауып тұрып:

 

- Қайда асықтың қызым? Менің жалғыз қарашығым Мәкенімді (Маратты) кімге тастап кеттің?!

 

Мен айтамын:

 

- Сіз мені жіберіңізші, мен әжемді көрмегелі қаншама жыл болды, сағындым. Барып иіскеп құшақтап келейін.

 

Мараттың анасына қарасам, үлкендеу қыз бала мен кішкентай ұл бала, екеуі екі жағынан екі етегін ұстап тұр екен. Ол кезде қызым Азиза екі жарым жаста болатын. Мараттың анасы:

 

- Мына екі бала сенің балаларың.

 

- Менде мұндай балалар жоқ. Менде бір ғана бала бар – Азиза.

 

- Жоқ мыналар – Мараттың дүниеге келетін балалары. Сендердің балаларың. Құдайдан жалынып сұрап алғанмын.

 

- Жо-оқ! Сіз мені жіберіңіз, шаршадым. Өмір сүргім келмей кетті! Мұнда кіремін.

 

- Жоқ! Сен кері қайтасың! Мен Алла Тағаладан Маратыма дұрыс келін бер деп жылап жалынып, жалбарынып жүргенде жүріп сұрағанмын. Сонда сені кездестірді. Ол сенімен ғана кемеңгер адам болады. Басқа адаммен ондай бола алмайды.

 

Сол кезде:

 

- Е! Студент кезімде көк базарға жиі барушы едім, мүмкін сол кезде сізден бірдеме сатып алған шығармын, – деп ойымды айтып жатырмын. Ол кісі үндемейді.

 

Сол кезде екі баланы көргенде қызым Азиза есіме түседі.

 

- Мәссаған! Мен не деген өзімшіл эгоистпін. Өзімді ғана ойлап тұрмын. Азизаны тастап кеттім. Кім оған шеше болады?! Кімге қалдырып бара жатырмын? Жоқ! Мен өліспей беріспеймін!

 

Тұрған жерімнен жоғары жаққа қарасам, биікте қауғадай сақалы беліне түсіп кеткен, аппақ киінген ақсақал малдас құрып үлкен кітапты ашып отыр екен.

 

- Әй, балам! Кімсің сен?

 

- Мен Қымбат Қабдашқызымын, ата! Сіз кім боласыз?

 

- Мен ажал боламын. Ажалмын!

 

Әлгі арада не айтарымды білмей сасқалақтап қалдым.

 

- Е, е! Бұл өмірге асығып келген екенсің. Сені бұл жерге асықтырып жіберген екен. Сен өз еркіңмен келмеген екенсің. Сені бұл өмірге зорлап, күштеп жіберген екен ғой. Сені өлтірген екен. Сен тіпті ұзақ өмір сүретін адамсың. Неғып бұл өмірге асықтың?

 

Ақсақал кітапты ашып қарайды. Мен:

 

- Қымбат Қабдашқызымын! Қымбат Қабдашқызымын!, – деймін.

 

- Түсіндім, қарағым.

 

- Қалсам бола ма?

 

- Сенің әлі дәм-тұзың таусылатын күн жеткен жоқ.

 

- Бірақ менің кері қайтқым да келіп, қызымды ойлап тұрмын. Ата, өліспей беріспеймін!

 

Осы сәтте мені жұмақтың есігінен шығарып жібереді. Келген құбырмен қайта кері бағытқа ұша жөнелдім. Алыстан жарық көрінеді.

 

– Мына жарыққа жете алмаймын ғой!, – деп ойлағанымда оң жаққа, қысқа жолға бұрып жібереді. Осы құбырдың ішімен ұша жөнелдім.

 

Оянып кетсем, операция үстелінің үстіндегі шамның жарығы екен. Дәрігер бетімді шапалақтап: «Проснись, проснись! Тұр, тұр, оян!», – деп, бетімді ұрып жатыр. Сандырақтап, сандырақтап үш тәуліктен кейін есімді жиыппын.

 

Мен:

 

– Болды ма, Азиза! Болды ма, Азиза!, – дей беріппін. Есімді жиғанда тұла бойымның, операция жасаған мүшелерімнің ауырғанын сездім. Ана жақта еш ауырғанды сезген жоқпын. Менің ойымша операция 20 минут жасалған сияқты.

 

- Операция 20 минутта тез жасалды ғой, – деймін. Медбике қыз:

 

- Ой, тәте! Сіздің системамен жатқаныңызға үш күн болды ғой, – деді.

 

Бұл оқиға 1997 жылдың тамыз айында болған.

 

«О дүниеге барып қайтқан» Қымбат Қабдашқызы Орынбаеваның екінші рет өлуі, дүниеге жұмақта көрген балаларын алып келуі

 

Өлім алдында жатқан адамның алдына (Лә иллаһа иллаллаһу) деп калиманы қайтаруды естіртіп айтып тұрыңдар.

 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

1997 жылы қараша айының 19 күні үш айдан кейін, ішегім қайта түйіліп, операцияға екінші қабат түстім. Бұрынғы операция қайта қайталанады.

 

Бұрынғы көргендерім айна қатесіз қайта көремін. Алдындағы көріп тілдескен ата (ажал) айтады:

 

– Неге келе бердің? Сен қазір қалғың келсе мүмкіндік бар. Қалуыңа болады.Сен келе бердің, келе бердің ғой, – дейді.

 

- Мен емес қой, осылай болып қалды ғой.

 

Ата:

 

- Ойлан.

 

Мен жұмақтың алдынан екі баланы тағы көремін. Мараттың анасы ішке кіргізбей былай дейді:

 

- Қайт қызым, райыңнан қайт. Тезірек қайт!

 

Мен айтамын:

 

- Апа! Маған бір мүмкіндік бересіз бе? Мен әжемді ішіне кіріп бір иіскеп қайтсам болды. Сонан кейін қайтамын.

 

Мараттың анасы:

 

- Ол есікке кірген адам, екінші қайтып шықпайды. Ойлан. Қалғың келсе қал.

 

Осы көргендерімді бірінші қабат көргенде жан баласына айтқан жоқпын. Қорықтым. Бұл көргендерімді екінші қабат көргенімде ойландым. Тәуекелге бел буып, алдымен күйеуім Маратқа айттым.

 

- Сенің анаң мені о дүниеден қайтарды. Қасында үлкендеу қызы мен кішкентай ұлы бар.

 

Кейін бір жылдан кейін аяғым ауыр болып екінші қызым Әйгерімге босандым. Одан кейін үшінші балам Еламанды дүниеге алып келдім.

 

Басынан өткен тылсым дүниеде көрген адам сенгісіз ғажайып оқиғасын шұрайлы тілмен баяндап берген Қымбат Қабдашқызы сөз соңын былай аяқтады: «Мен бұрын қыл көпір, о дүние жайлы естігенмін, газет журналдардан, кітаптардан оқығанмын. Бірақ, сенбейтінмін. Мен өзім көзіммен көрмесем ештеңеге сенбейтін адаммын. Екі қабат тылсым дүнинің тура солай қайталанып көрінуі мүмкін емес қой!

 

Бұдан бұрын да, осыдан кейін де тылсым дүние туралы неше түрлі қызық жайттарды көріп тұрамын. Қазір, бір Алланың құдіретінің шексіз екенін және о дүниенің, әруақтардың бар екеніне шек келтіре алмаймын».

 

Қымбатты енесінің әруағы бір жыл бойы жанында қолдап жүруі

 

Әр нәрсенің кілті бар. Пейіштің кілті кембағал мүсәпірлерді жақсы көруде.

 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Алдыңғы тылсым дүниені көрмес бұрын, тағы бір қызық тылсым құбылыс болды. Маратқа тұрмысқа шықтым. Ол кезде Мараттың анасы қайтыс болып кеткен. 1994 жылы келін болып түскеннен кейін түс көремін. Түсімде қазақи той көйлек киіп ақ волгамен үйге келеміз. Есік ашық тұр. Биік тұғыр тұр екен. Соның үстіне шығып тұрмыз. Мараттың әкесі 1980 жылы дүниеден өткен. Сол кісі жақсы киімін киіп бөлек күлімсіреп бізге қарап отыр екен. Мараттың анасы шашу шашып тұр, соны теріп алып жатырмыз.

 

Мараттың анасы Маратқа:

 

– О! Мен қызды болып жатырмын. Ей, шешек! Осы қыздың шашынан бір тал түссе оңбайсың сен! Мына бала менің қызым! Балам, мына үйге қара!, – дейді де мені үйге кіргізіп жібереді. Өзі кірмейді.

 

Мен:

 

- Сіз үйге кірмедіңіз бе?

 

- Жооқ! Мен көршілерге той жасаймын. Менің Маратым үйленді. Келін түсірді. Той жасаймын, той жасаймын!

 

Таңға жуық оянайын деп жатсам біреу сыбырлап:

 

- Қымбат! Қымбат!, – дейді.

 

Көзімді ашсам аяқ жағымда Мараттың анасы кәдімгідей тұр. Өңім бе, әлде түсім бе деп өзімді шымшимын. Өңім сияқты. Маратқа қарап қолымды созып оятайын десем, денемді игере алмаймын. Қозғалмайды. Өзімді шымшыласам сезіп тұрмын. Мараттың анасы қабырғадағы ілулі тұрған суретіне артымен жылжып кетіп қалады. Мен тұрамын да:

 

- Марат! тұр, тұр!

 

- Не болды, не болды?!

 

- Мамаң менің аяқ жағымда тұр. Мені оятты. Қызым! Тұр!, – деді маған. Қарасам таңғы сағат 7 екен.

 

Марат:

 

- Қойшы, мүмкін емес.

 

- Сенің анаң ана суреттегідей киімімен келді, – деп анасын суреттеп бердім.

 

Опеарацияға түсер кезімде Маратты анасының әруағы:

 

- Бұл үйден тезірек, кетіңдер!, – деп аян берді. Сонан кейін екі айрық жолға алып келеді:

 

- Мына жолда ылғи зираттар, мына жол ұзын жол сенің жолың.

 

Мен айтамын:

 

- Мен сіздің үйіңізге барайын.

 

- Жоқ! Менің үйіме баруға болмайды. Ол жақта тек зираттар. Мен зираттар жаққа барамын, сенің жолың мына ұзын жол, – дейді.

 

Осы түс 1997 жылдың шілде айында 4-5 қабат көрінеді. Осының бәрі тылсым дүниенің ескертуі екенін кейін түсіндім.

 

Мараттың анасының әруағы, үлкен қызым Азизаға ауыр аяқ болғанымда қасымда тура бір жыл жүрді. Марат көбінесе іс сапарға шығып кетеді. Үйде жалғыз қаламын. Күнделікті кешкісін үйге анау-мынауларды кіргіземін. Үйде бақа болады. Бақаны көрмеппін. Аяғымда көтеріп енді басайын десем:

 

– Қызым, абайла. Аяғыңның астында бақа жатыр, – дейді. Жан-жағыма қарасам ешкім жоқ. Дауыс Мараттың анасынікі. Сонан кейін: ««Бисимилаһи раххман аррахим», – десем, бақа секіріп-секіріп өтіп кетті. Ауыр бірдеме көтерсем: «Абайла!», – дейді. Қорқатын жағдай болса: «Абайла! Қорықпа!», – дейді. Содан кейін шамның бәрін жағып қорықпай ұйықтайтын болдым. Босанған кезде Мараттың анасының әруағы төбемде тұрды. Дәрігерлер:

 

– О! Қыз босандың, қыз босандың!, – деп айтып тұрғанда Мараттың анасының әруағы күлімдеп қарап тұрды. Сонан кейін Мараттың анасының әруағы қайта қайтып келген емес.

 

(Тақырыбы өзгертілген)

 

 

Акося Тасыбекова

asetkz.ru

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста