Жаңа жыл қарсаңында түрлі болжамдарын бөліскен нумеролог Құралай Бахыт «Оян» таңғы бағдарламасында қонақ болып, ақпанда отандастарымызды қандай жаңалық күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
«Астрологтар да, нумерологтар да санмен жұмыс істейді. Әр жылдың, әр айдың саны бар. Биылғы жылдың саны жеті болса, ақпан айының саны - тоғыз. Тоғыз - бұл қорытындылау саны. Мысалы, наурыз жаңа жыл, жаңа бастамалар кезеңі болса, ақпан айы сол өзгерістер алдында өзіңе есеп беріп, қорытынды жасауға шақырады. Сол себепті, ауыр айлардың бірі саналады. Мәселен, жол апатының алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау сынды нәрселерді қаперде ұстаған жөн. Егер бір бастамаңыз болса, келесі айға шегере тұрыңыз», - дейді нумеролог.
Ол сондай - ақ әр айдың өзіндік артықшылығы мен кемшілігі болатынын жеткізді.
«Ақпан айы рухани дамуға жақсы. Өзіңе есеп беретін ай. Білім сауаттылығы артатын ай. Инновация дамитын ай. Сондай-ақ жабылып тұрған қазанның беті ашылатын, яғни, әділетті ай. Үкімет басында бір шешім не заң қабылданса, бәрі әділетті әрі шынайы болмақ», - дейді маман.
Нумеролог 2023 жылы орта жастағы адамдардың шаңырақ құрып, отбасылы болатынын айтты.