Мысықтар сиқырлы жануар ма?

Мысықтар сиқырлы жануар ма?

 

Ауылда да, қалада да үйлерінде мысық ұстайтындар көп. Олардың кейбіріне мысық үйіне тышқан жоламауы үшін қажет болса, екіншілері мысықты өзіне серік етеді, үшіншілеріне асыл тұқымды, ерекше түр-сипаттағы мысық үйіне көрік, тұрмысына сән беруі үшін керек. Тіпті, мысықты қан қысымын басу тәрізді емдік шаралар, түрлі апат, тылсым күштерден хабар алып, сақтану үшін де ұстайтындар көп. Сонда кәдімгі үй мысықтарының таңғажайып қасиеттерге ие болғаны ғой.

Мысықтарды қолға үйрету тарихынан

Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.

Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады. Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді. Мұнда мысықтар тегі, түр-түсі бойынша арнайы кітаптарға тіркеліп, олардың көрмесі ұйымдастырылып отырады.

Ал енді, жалпы мысықтәрізділердің 4 туысы, 36 түрі бар. Қазақ жерінде 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жататын болса, бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырлатын болып келеді. Дене тұрқы 40-105 сантиметрдей, салмағы 2,5-24 келідей. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ. Олар тек қана етпенен қоректеніп, ұсақ түрлері жыл сайын 5-6 (тек үй мысығы мұнан жиі), ірілері 2-4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар. Бір түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысықтәрізділер бағалы терісі үшін ауланады.

Үй мысығының ерекшеліктері

Мамандар үй мысығының 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетінін айтады. Және олар «мысық балалар алдында бөлменің оңаша жеріне таза, жұмсақ төсеніші бар себет немесе жәшіктен ұя жасап қою қажет. Оны мысық өзіне «жатақ» қылып алады», - дейді. Осынау мамандардың пайымдауынша, бір мысық бірден жетіге дейін балалап, олар көзін 7-10 күн болғанда барып ашады. Сөйтіп, балалары есейгенше енесінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына екі рет, жекелеген түрлері 4 рет балалап, өсіп өнеді.

Үй мысығы - өте таза хайуан болып есептеледі. Мысықты түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретеді. Жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру қажет. Мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге шығарады. Мойын жіп байланғаны дұрыс. Пәтерде оларға арнайы орын бөлініп, оған құм немесе топырақ, ағаш ұнтағы салынған себет әйтпесе жәшік қойып, ішін күнде жаңартып тұрады.

Мысықтар сиқырлы жануар ма?

Адамзат баласы бағзы заманнан-ақ мысықты сиқырлы жануар деп ойлаған. Ежелгі мысырлықтар мысықты фәни мен бақиды жалғастырушы деп есептеді. Сол кездегі сиқыршылар «мысықтың көзі басқа әлемнің көрінісі, өзге дүниеге апаратын жол», - деп сенді. Әлемнің әр еліндегі халықтар мысыққа байланысты сан алуан салт-дәстүрлерді өмірге енгізіп, бұжытпай орындайтын болды: орыс халқы жаңа үйге, пәтерге қоныстанар алдында сол баспанасына әуелі мысықты кіргізеді. Мұндағы наным-сенім: мысық үйді тылсым күштерден тазартады. Көп халық «қара мысық алдыңды кесіп өтсе, жолың болмайды», - дейді. Қазіргі қазақтар да оған иланады.

Халықтың мұндай наным-сенімінде құпиясы толық ашылмаған сырлар көп. Өйткені, қандай да таным, түсінік тектен-текке пайда болмайды. Соған кейбір халықтардың ескі аңыздарында мысықтың үйдегі тылсым күштермен, үй иесімен сөйлесетінінің айтылуы, жазылуы нақты дәлел. Иә, қазір де көп адам, олардың ішінде тылсым дүние сырларын зерттеушілер: «мысық адам көзіне көрінбейтін тылсым дүниені көре алады, онымен байланыста болады», - деп ой қорытады. Олардың дәлелдеуінше, мысықтар біздің өмір сүріп отырған әлемімізді жұлдызды әлеммен жалғастырып, адамдарды тылсым күштерден қорғай алатын қасиетке ие. Мысықтың алдыңды кесіп өтуі саған кесірін тигізейін дегенінен емес, керісінше, сені төніп тұрған қауіп-қатерден сақтандырып, сездіргені, осылайша өзіңді қорғауға тырысқаны. Зерттеушілердің дәлелдеуінше, қара түсті мысықтар өзге түсті мысықтарға қарағанда тылсым күштерге қарсы тұруға өн бойында қуаты мол, әрі өте қабілетті. Сондықтан да бірқатар экстрасенстер үйлерінде тек қана қара мысықтарды ұстайды. Олай болса, қара мысықтың теріс энергияны жұтып алатын қасиетін біліп, оны ұнатпауымызды қоялық. Алайда есте болатын бір жағдай, мысық иесіне ит тәрізді сенімді де адал серік бола алмайды. Өйткені мысық әубаста жер бетінде тышқан аулау үшін емес, басқа мақсат үшін жаратылған. Яғни, оның негізгі мақсаты: бойындағы таңғажайып сиқырлы күшімен, ерекше қасиеттерімен өзі тұратын үйді жын-шайтаннан, теріс энергиядан сақтау. Егерде бөтен бір мысық үйіңе келіп, ішке енгісі келсе, оны кері қумау қажет. Себебі, ол өзінің сиқырлы қызметін жүзеге асырып, сол үйді аластау үшін іздеп келіп отыр. Бұл әрине, тылсым күштерді зерттеушілердің пікірі. Оған сену, сенбеу әркімнің өз ықтиярында.

Мысықтың құпия қызметін, қасиетін зерттеп, ой-пікір айтушылардың әңгімесіне назар аударсаңыз, «мысықтар өз иесін өлімнен де арашалап алып қала алады». Бұл орайда олар Леонид Ильич Брежневтің қара мысығының оны екі рет ажалдан сақтап қалғанын мысал етеді. Бұл оқиғалар былай болған көрінеді: Л.И.Брежнев 1969 жылы Үндістанға іс-сапармен барады. Сонда Далай-Ламамен кездеседі. Ол Бас хатшыға ерекше қасиеті бар бір қара мысықты сыйға тартады. Бір күні әлгі мысық иесін жұмысқа жібергісі келмей, оны айналшықтай береді. Мысығының бір жаманшылықты сезгенін іштей ұққан Брежнев қызметтік автокөлігіндегі өзі отыратын орынға емес, басқа орынға отырады. Бас хатшының автокөлігі апатқа ұшырап, өзінің орнында отырған адам жанындағысымен бірге ауыр жарақаттанады... Келесіде қара мысығы тағы да оның жолын кес-кестеп, шыр айналып, жаманат хабарды сездіреді. Бұл жолы Бас хатшы жұмысқа бармай қойып, сол күні автокөлігі жүк машинасымен соқтығысып, жүргізушісі опат болады. Л.И.Брежневтің қара мысығы 1962жылдың көктемінде өліп, екі айдан соң иесі де көз жұмады.

Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын силайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Тек біздің бір білетініміз, бұрындары халық емшілерінің мысық бойындағы шипагерлік қасиетті жақсы біліп, оны іс-тәжірибеде пайдаланғаны. Қазіргі медицинада «анималтерапияның» бар екені, бұл саланың жылдан-жылға дамып келе жатқаны мысықтың емдік қасиетіне басты дәлелдердің бірі. Бұл жөніндегі ой-пікірлерге назар аударсақ, «мысық иесінің ауырған жерін дәл табатын энергетикалық – ақпараттық құрал іспеттес. Өйткені, адамның ауырған жерінің энергетикасы өзгереді де, осы өзгерісті мысық бірден сезеді».

Тағы бір таңғаларлық ой-пікір: «мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысым реттейді, бас ауруын жазады, ол үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр-пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Мысықтың мияулаған дауысы – 20-25 герцке дейін жететін дыбыс толқындары болғандықтан, бұл мөлшердегі дыбыс диапазоны адам жарақатының тез жазылып кетуіне, сынған сүйектің тез бітуіне өте жақсы әсер етеді. Ол тіпті, ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтіп, адам өмірін ұзартатын болып шықты. Сондай-ақ, мысықтың мамық терісін бірнеше минут сипасаң, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау - әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Бұл нағыз физиотерапия!

Ғылым мен медицинада мысықты пайдалану

Мысықтардың да адам ауыратын сырқаттарға шалдығатыны анықталып отыр. Соның бірі мысықтардың СПИД-пен ауыратыны. Бұл бағытта зерттеу жүргізген топтың жетекшісі биолог Эрик Пейшл былай дейді: «Мысықтар мен адамдар бір-біріне генетикалық жағынан өте ұқсас. Homo gapiens u Felis арасындағы ұқсастық тоқсан пайызға дейін жетеді». Яғни, адам да, мысық та СПИД-пен ауырады, жер бетіндегі мысықтардың 4,5 пайызы осы ғасыр дертін жұқтырғандар. Тек, таңқаларлығы, мысықтар СПИД-тен өлмейді. Және де мысықтардың СПИД-ке қарсы иммунитеті бар. Ең бастысы, мысықтардың СПИД-і адамдарға жұқпайды. Ғалымдар гендік инженерия арқылы иммундық жетіспеушілік вирусына қарсы ген ендірілген мысықтар әлемді бұл қатерлі дерттен құтқара алады дейді. Осы орайда айта кететін мәселе, маймылдарда да ғасыр дертіне қарсы қорғаныс гені – TRIMCур-дың бар екендігі. Мамандар оны жасыл ақуыз генімен белгілеп, мысықтардың жұмыртқа жасушасына енгізген. Модификациядан өткен вирус әлгі жұмыртқа жасушасына ауру жұқтырғанда бұл жасушаны көбейтіп, 22 мысыққа ендіріп, тәжірибе жасайды. Сонда бұлардың бесеуі артынша буаз болады. Он бір шарананың онында жасыл ақуыз бен TRIMCур гені анықталады. Сөйтіп, осы тәжірибе барысында бір шарана іште өлсе, бірі туылған соң өледі. Қалған дүниеге келген мәулендердің (мысық баласының атауы, М.С.) жасушаларынан жасыл ақуыз бен TRIMCур гені табылады. Бұл трасгенді мәулендерге ғалымдар ультракүлгін сәулесін түсіріп көреді, сол кезде олар жасыл түсті болып көрінеді де, зерттеушілер «енді трансгенді мысықтар арқылы СПИД-ке қарсы қорғаныш қабілеті бар кез келген гендердің әсерін тексеріп білуге болады» деген қорытынды жасайды. Ғалымдардың айтуынша, осы зерттеу бойынша келешекте ғасыр дертіне қарсы дәрінің ойлап табылуы әбден мүмкін.

Ғылым мен медицинада мысықты пайдаланудағы жаңа бағыт-батыс дәрігерлерінің оларды есірткі мен ішімдіктен адамдарды емдеуде тәжірибе құралына айналдыруы, ағылшындардың мысықтардың қандай ауруды емдей алатынына зерттеу жүргізіп, оны түр-түсі мен терісіне қарай ажыратуды анықтағаны. Ағылшын зерттеушілерінің ой-пікірі бойынша, ақ түсті мысық бүкіл ауруларды жаза алады. Сол себепті Ұлыбританиядағы кейбір дәріханалар ақ мысықты дәрі-дәрмек ретінде сатуға көшіп отыр. Ал, енді Берлиндегі геронтология институтының ғалымдары мысық иелеріне мынандай зерттеу жүргізген: үйінде мысық асырайтын 3 мың адамды бес жыл бақылауға алады, өмір бойы мысық асыраған адам үйінде мысық ұстамайтын адамға қарағанда 10,3 жыл артық өмір сүретіні анықталады. Және де осы бақылауда мысық асырайтын адамдардың қан қысымының көрсеткіштері де жақсы болып шығады...

Таңғажайып оқиғалар

Мысық жыртқыш хаюан, тышқан, торғайды ұастап алып жей беретін етқұмар, итпен араз жануар саналғанымен, мысық пен торғайдың, иттің достығы тәрізді де таңғажайып оқиға, құбылыстар туралы әңгімелер көп. Жазушы Николай Семенович Тихонов «Таңғажайып қызық оқиғалар» атты хикаятында хайуандар достығы жөнінде былай деп жазады:

«...Ертемен балконға шыққанымда көрші аулада екі хайуанның шөп арасында жүргенін көрдім. Мен бұған қайран қалып, үн-түн жоқ тұра қалдым. Біздің жирен түсті еркек мысығымыздың қасында қаздаң-қаздаң басып бір қарға жүрді, ал мысық анда-санда бір қарап қояды да, қатарласып жүре береді. Бұл әдеттен тыс көрініс еді, мен оған түсінік таба алмағанымды мойындаймын. Мысық екі ауланы бөліп тұрған аласа шарбаққа дейін келіп, оның астынан өтті де, гүлзардың ішімен аяңдай бастады, ал қарға шарбақтан оп-оңай ұшып өтіп, мысықтың қасына келіп қонды.

Мен осының бәрін үй ішіне айттым; мұны көрген жалғыз мен ғана емес екенмін. Оның үстіне бұл үйде тұратын біз ғана емес, өзге келім-кетімді кісілер де мұншалықты таңғажайып достықтың куәгері болды. Таңертеңгі сағат алтыларда қарға біздің сая бақтың алдына келіп қонады да, ерсілі-қарсылы жүріп, мысықты күтеді. Сол сәтте, жирен мысық та далаға шығып, екеуі біздің аулада серуендейді немесе көрші қораға кетеді. Бұлардың алғаш ұшырасқан жері – жөке ағашының маңында жүргенін талай адам көріпті; мұнда мысық өзінің өрмелегіштік өнерін көрсетеді. Бұл кезде қарға үнсіз отырып, оның акробатикалық жаттығуларын тамашалайды. Бұдан соң мысық бұтақтардың үстінде отырады, ал қарға үздіксіз қарқылдай бастайды. Сырттан қарағанда, бұл мысықтың гимнастикасын талқылағанға немесе оған көрген-білгендерін айтқанға ұқсайтын еді; мұндайда мысық үнсіз отырып, мұқият тыңдайтын. Екеуі өстіп көп отырады да, қайтадан серуенге шығады.

Бұл оқиға жұрттың аузынан түспейтін болды. Кей адамдар мысық пен қарғаны көру үшін әдейілеп келіп жүрді. Екеуі кісіден қорықпайтын-ды, жақындап барсаң да тұра қашу дегенді білмейтін. Біраздан соң қарға ұшып кететін де, ертеңіне таңертең қайта келетін.

Алайда бұл оқиға қайғылы аяқталды. Қарға кенеттен жоғалып кетті. Ол дуал іргесінде өліп жатқан жерінен табылды. Көрші ауланың балалары үрлеме мылтық атуға жаттығып жүргенде қарға біздің қораға келіп қону үшін көршілердің жерін айналады, тым төмен ұшып келе жатқанда байғұсқа оқ тиіп кетеді...

Жирен мысық біршама уақытқа дейін ертемен далаға шығып, досын күтіп жүрді. Оның қаншама қайғы шеккенінен ешбір хабарымыз болмады. Біз хайуандардың сезім дүниесін тым аз білеміз ғой».

Мысықтар арқасымен құламайды

Нью-Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132-сінің ІІ-і ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып-жұмғанша тез іске қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда да өз осімен айналып, аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де - осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді»

Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

www.info-tses.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста