Молда дуа жасап, үйімді сатқызбай қойды

«Алаш айнасына» өзімнің басымнан өткен бір мистикалық оқиғаны жазып отырмын. Бәлкім бұған біріңіз сенерсіз, біріңіз сенбессіз. Өйткені мен өзім де сол бір оқиғаға дейін молда, дұға дегенге сене бермейтінмін. Сол оқиға менің молдаларға деген күдігімді сейілтіп, сенімімді арттырды.

 

90-жылдардың ортасында біздің ауылға Ираннан қазақтар көптеп көшіп келіп жатты. Түгелі дінді қатты ұстанғандар. Әйел, бала-шағасы бәрі намазға жығылады екен. Біздің ауылға келген алғашқы жылдары бәрі дерлік мал терісін жинаумен айналысты. Соның арқасында бәрінің де жағдайлары жақсы болды. Солардың арасында бір молда кісі бар екен. Сол молда менің көршімнің үйін сатып алды. Көп ұзамай-ақ молданың танымалдығы артып, үйінен адам үзілмейтін болды. Шет-шеттен көлікпен келетіндер де көбейді. Сол молдаға келетіндер бұрынғы көрші екеумізге ортақ, екі үйдің арасындағы жерге көліктерін қойатын. Келе-келе сол жер көліктен босамайтын болды. Бірде, даладан орып әкелген су шөпті жайяйын десем, бос орын жоқ. Сосын молдаға барып, «келген емделушілерге айтыңыз, ана жерге көлік қоймасын, шөп жаямын» десем, молда «ол менің жерім» дейді. Сонымен молдамен арамызда дау басталды. Дау ауыл әкімдігіне дейін жетті.

 

Молда екеуміз ауыл әкімінің алдына бардық. Ауыл әкімі «ол жер телімі молдекеңе тиесілі, оны осыдан үш ай бұрын заңдастырып алған» деп қарап отыр. «Ау, ол жерді неше жылдан бері бұрынғы көршімен бірге пайдаланып келдік қой, екеуміз теңдей бөліп аламыз деп жүргенбіз. Неге маған айтпай бәрін молдаға бере саласыз» деп ауыл әкімімен керістім. Бірақ одан не пайда, молда жерді заңдастырып алыпты. Жер дауы мен жесір дауына келгенде қазақ аянып қалмайды ғой. Мен де аянып қалмадым. Молда мен ауыл әкімінің арғы-бергі атасын түгін қалдырмай боқтадым. Тіпті ұрмақшы болып едім, көршілер арашалап қалды (абырой болып, молдаға қол тигізбегенім жақсы болған екен, оны кейін түсіндім). Сөйтіп, үйді сатып, ол ауылдан көшіп кетуге бел байладым. Үйдің қақпасына үлкен қылып «үй сатылады» деп жазып қойдым.

 

Тез сатылсын деген оймен бағасын да арзан айттым. Бірақ қырсық шалғанда үй сатылмай қойды. Бірнеше адам келіп, келісіп кетеді де, артынан айнып қала береді. Тіпті бір кісі ақшасын әкеліп, қол алысып тұрып, қайта айнып қалды. Ауылымызға Өзбекстаннан оралмандар келіп, ана жер, мына жерден үй сатылып жатты. Алайда, менің үйім олардан арзан болса да сатылмай қойды. Бір күні үйден шығып бара жатсам, «әй бала» деген дауыс шықты. Бұрылып қарасам ирандық молда екен. Ана бір кездегі даудан кейін екеуміз амандасуды қойғанбыз. Шақырып тұрған соң «не демек екен» деп қасына бардым. Амандасып болған соң «үйіңді сатқың келе ме?» деп сұрады. Мынау мазақ қылып тұр ма деп қаным басыма шықты. «Онда шаруаң болмасын» дедім де, кері бұрылып жүре бердім. Молда соңымнан дауыстап «бәрібір маған келесің» деді. Қайта бұрылып барып, тұмсығын бұзайын ба деп ойладым. Бірақ өзімді сабырға шақырып, ол ойымнан қайттым.

 

Содан көп ұзамай әйелім екеуміз ұрысып қалдық. Ұрыстың басы да үйдің сатылмауынан басталды. Сол ұрыс екі аптаға созылды. Одан әрі де созыла берер ме еді, бірақ әйелім екі баланы алып төркініне кетіп қалды. Мен де тырысып, бір аптаға дейін хабар алмадым. Ашуы тарқаған шығар деп бір аптадан кейін барсам, әйелім «ажырасам» деп білек сыбанып отыр. Мен де қырсығып, кетсең кет деп қайтып кеттім. Солай екі ай жүрдік.

 

Бір күні таңертең үйден шығып бара жатсам қақпа алдында молда тұр екен. Ұнатпасам да, алдымнан жолыққан үлкен кісіге сәлем бердім. Қал-жағдай сұраспай кетіп бара жатыр едім, «әйеліңмен жараспайсың ба?» деді. Мен үндемей жүре бердім. Молда «әйеліммен жарасайын, үйім сатылсын десең маған кел. Әйтпесе, тірлігің оңалмайды» деді де үйіне қарай кетті. Базарға жеткенше молданың айтқаны ойымнан шықпай қойды. Базарда бірге жұмыс істейтін бір жолдасыма айтып едім, «нең кетеді, бара салсайшы» деді. Соның тілін алып, кешке базардан қайтқанда молданың үйіне кірдім. Негізі ол кісі кешкі 5-тен кейін науқастарды қабылдамайтын. Молда мені көңілді қарсы алды. Қал-жағдай сұрасып болған соң «сенің молдаға сенбейтініңді білем, ал Аллаға сенесің бе?» деп сұрады. «Иә» деп жауап қаттым. «Ал молда да Алланың бір пендесі. Алла әр пенденің бойына әртүрлі қабілет дарытып жаратқан. Пенде сол міндетін орындайды. Молдаға да қабілетті Алла берген. Біз сол қабілетімізді қолымыздан келгенше амалға асырамыз» деді. Содан кейін қарсы алдына отырғызып, ұзақ оқыды. Болған соң «енді келінмен де жарасасың, үйің де сатылады» деп қош айтысты. Молданың үйінен шыққанда бойым жеңілдеп қалғандай сезімде болдым.

 

Ертеңінде түс ауа әйеліме бардым. Ол да менің келетінімді білгендей жиналып отырған екен. Ұрыс-керіске барған жоқпыз. Сол күні қайынжұртта қонақ болып, ертеңінде үйге келдік. Келесі күні жұмысқа бара жатқанда молда кезігіп, «келін келді ме?» деп сұрады. «Көп ұзамай үйіңді сатасың» деді. Молданың айтқаны дөп келді. Үш күннен соң бір кісі базарға іздеп келді. Үйді көргенін, ұнағанын, ақшасы дайын екенін айтты. Сол жерде келісімге келіп, үйді саттым. Бір аптадан кейін Ильичке көшіп, үйді босатып бердім. Көшер алдында көршілерді тамаққа шақырып, молдадан кешірім сұрадым.

 

Арада төрт-бес жыл өткенде бір жағдай болып, сол молдаға бардым. Өкінішке қарай ол кісі Шымкент қаласына көшіп кетіпті.

 

Басымнан өткен сол жағдайдан кейін молдаға сенетін болдым.

 

 

 

Бақтыбай, Мақтарал

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста