Мен о дүниенің барына қалай сендім?

Дінді аяқасты қылған КССРО мемлекеті күйреп тынды. Сүйтіп халқымыз армандаған тәуелсіз Қазақ елі құрылып, коммунистер мансұқтаған мұсылман діні елімізде лайықты орнын алды. Көкірегімізде 70 жыл қатпарланған діни сауалдарымыздың да жауабын таптық. Әсіресе, барлық адамзатты толғандырған о дүниенің барлығы Құранда толық баяндалса да, ахиреттің жоқтығына шүбәләну, Құранның қасиетіне нұқсан келтіретін.

Ал өз басым о дүниенің барлығына шүбәсіз сенуіме төменде баяндалған тылсым уақиға себеп болған еді: - Анам Гүлбаһром, ауыр науқастан фәниден бақилыққа озды. Анамды соңғы сапарға шығарып салуға келген қаралы топпен бірге ауыл шетіндегі қорымға қарай бет алдым. Шілде айы. Аспанда бір шөкім бұлт жоқ, күн шайдай ашық. Күн нұрын аямай төксе, айнала табиғат та, менің қайғыммен ортақтасқандай еңсесі түсіп маужырып тұрған болатын. Табиғаттың осы ғажайып құбылысымен жан дүнием тұтасып, күйзеліп келе жатсам, денеме жаңбыр тамшылары тамып өтті. Шайдай ашық аспанға көз салсам, дәл төбемде бір ақ шөкім бұлт қалықтап тұр. Мен бұл тосын жағдайға таңғала қарап «қараңдаршы, төбемде қалықтап тұрған ақ шөкім бұлттан маған жаңбыр тамшылары тамып өтті», - дедім достарыма. Олар аспанға көз сүзе қарап «не деп тұрсың?» дегендей маған күдіктене қараған соң, үнсіз ғана төбемде қалықтап тұрған шөкімдей ақ бұлтқа таңқала қараумен болдым. Анамды жер қойнына беріп, жас қабірдің басында, қабырғам қайысып, қалың ойда отыр едім, тәніме тиген жаңбыр тамшыларынан селк етіп, шайдай ашық аспанға көз салсам, қол созым жерде манағы ақ шөкім бұлт қалықтап тұр. Зер сала қарасам, сағым сияқты бұлдыраған ақша бұлт. Мен бұл құбылысқа қайран қалдым. «Бұл не ғаламат, әлде тылсым дүниесінен қалықтап келген анамның рухы ма?» деген оқыс ой жан-дүниемді астаң-кестең қылды. Бір уақытта денемді ақша бұлттан тамған тамшылар ұрғылай бастады. Содан көзімнен аққан жас па, әлде жауған жаңбырдың тамшылары ма (әлде анамның көз жасы ма) жүзімді жуып кетті. Көңілім босап «О, Анашым, ержеткен соң, бар дүниенің жақсылығын сізге сыйлап, бақытты жүзіңді көрем деп армандаушы едім. Бірақ, сұм ажал бұл тәтті үмітімді үзіп кетті. Не істейін, ағат кеткен жерлерім, балалықпен көңіл бөлмей кеткен кездерім болса кеше гөр», - деп көкірекке кептеліп келген жас тамшылары анамның топырағы кеуіп үлгермеген қабіріне тамып жатты. Сол кезде төбемде қалықтап тұрған ақша бұлт та, менің айтқан сөзімді естігендей қалықтай-қалықтай көк аспанның тұңғиығына сіңіп бара жатты... Қазір анамның басына барсам, міндетті түрде көк аспанға көз салып, шөкімдей ақша бұлтты іздеп тұрамын...

Ерсін Ерғалиев

qamshy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста