Малшы қызының зары...

Малшы қызының зары...

Балықты жайлауында Мұқатай отырған жұртта бір тылсым күштің барынан ондағы жұрт тегіс құлағдар.

Ғажабы, сол семіз аттың сауырындай дөңгеленген төбеде орын тепкен үйден айғай салым жерден сыбызғының сыңсыған үні естіледі. Ал үй қасына келгенде дыбыс өздігінен жоғалып кетеді екен.

Басқа жақтан естіліп тұрған шығар деген күдікпен кей адамдар бірнеше мәрте сынап та көріпті. Қалай сынаса да — осы бір қалыпты өзгерте алмаған малшылар оның сырын әлі күнге біле алмай келеді.

 

Алыстан өтіп бара жатқан жолаушылар сыбызғының әдемі үнін естіп, еріксіз солай қарай бұрылатын көрінеді. Мама ағашқа атын байлап үйге енсе, бағанағы тамылжыған дыбыстың бірі де жоқ. Үйдегі адамдар өз қаракетімен айналысып отыратын көрінеді. Сөйтіп, өнерпаздар ән салып жатыр деп келген талай адам кері қайтуға мәжбүр болады екен.

Бір ғажабы, жұртта үй болмаған кезде ондай дыбыс шықпайды. Тек үй тігіліп, айналасында тірлік кешкен адамдар жүргенде ғана осындай күй пайда болады.

Жұрт қанша зерттесе де, себебін таба алмай келеді. Бұл дыбыстың шыққанына ғасырға жуық уақыт болса керек. Ал дыбыс сыбызғының үні емес, соған ұқсайтын, жақындау дыбыс болса керек.

 

Үлкендерден естуімізше, бұл малшының қызының зары дейдімыс. Жаугершілік заманда қарақшылар оңашада мал бағып отырған бір үйлі жанды өлтіріп, малын алдыға сап айдап кеткен. Екі аяғынан жүре алмайтын, кемтар қызды өлтірмей тастап кетіпті. Сөйтіп, бір түнде ашыққан қасқырлар қалғандарын талап жеп кеткен. Алдымен туған-туыстарының өлі денесін жеп, артынан қызға ауыз салған. Аштықтан бұралған әлсіз қыз түк қарсылық көрсете алмаған. Сондағы шырылдап жылаған оның дауысы сол жұртта сіңіп қалған деседі.

 

Өткен-кеткен жолаушыны осылай ұйытатын жұртта бұл күні ешкім отырмаса керек. Айналасын ағашпен қоршап қойыпты.

 

 

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ

otarka.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста