Мәйітханада екі рет тірілген қария

Мәйітханада екі рет тірілген қария

Адамның мүсәпір болуы әп-сәтте екен ғой... Ынта-шынтаммен жұмыс істеп отырғанымда есік жай ғана ашылып, жүзі таныс адам кірді.

 

Сол аяғын сүйрете, әрең сылти басқан оның оң қолының саусақтары да бүктетіліп қалыпты. Алақанын емін-еркін аша алмайды. Ұсынған орындыққа отыра бере жағдайын айтуға кірісті.

 

– Оңалту орталығынан әрең дегенде бір орын тауып, сонда жатырмын. Ол жерде ылғи ұры-қары жиналған. Бір бөлмеде жиырма шақты адам жатады. Мойныңды сәл бұрып қалсаң, көзің ілініп кетсе болды, киім-кешек, темекі-қағаз тұрмақ, алдыңдағы бір кесе тамағыңды да ұрлап алады.

 

Осыдан екі жыл бұрын жол апатында көлікпен қоса өртеніп, бір жарым жыл «ожог» орталығында жаттым. Өліп қалды деп мені екі рет «моргке» тастаған. Екі рет тіріліп, медбике қыздарды шошытқанмын. Аяқ-қолым содан тартылып қалған. Санымның терісін алып, денеме тігіп берген, әйтпесе денем түгел күйіп кеткен, шала піскен қызыл ет болып қалды ғой. Сол аяғымның сіңірі шала пісіп, тартылып қалды. Оң қолымның саусақтары да толық ашылмайды, бүгіліп қалған. Екі күннен кейін осыған операция жасатамын. Қаладағы мақтаулы нейрохирургпен келістім. Ақшасын арадағы таныс арқылы алдын-ала беріп қойғанмын. 60 мың теңге сұраған, оған толтыра алмай, он күн бұрын 59 мың теңге бердім. Енді кезегімді күтіп жүрмін.

 

Кезінде әскери қызметте болдым. Әлемнің 17 елін араладым. Вьетнам, Сирия дегенің мен топырағын жаяу кешкен елдер ғой. Үйіме бір жылда бір-ақ келетінмін. Содан әйелім басқаның құшағында кетті. Бала кетті қарамай-қайырылмай. Қызым өкпелеп, хабар-ошарсыз. Денсаулық, міне, таяқты тастағаным кеше, бірақ жүріп-тұруым мұң.

 

Өліп қалсам кім көмеді деп уайымдаушы едім. Екі аптадан кейін Қарттар үйінде орын босайды екен. Оңалту орталығында жүріп комиссиясынан өтіп, бар құжатымды дайындап қойдым. Екі «пенсиямды» бердім сол орын үшін. Тағы бір «пенсиям» комиссияның бензині, жүріп-тұрған жолкіресі мен түстік асына кетті. Оны бермесең тексермейді, құжатыңды өткізбейді. Мүгедек пен мүсәпірден де ақша дәметкен қу заман ғой, қайтейін. Қарттар үйіндегілер де «пенсияңның» 70 пайызын бізге аударып тұрасың деді. Көндім. Таза төсекте, жылы жерде жатып-тұрсам, ас-ауқаты бар болса, бермегенде қайтем? Өйтпесем далада қаңғырып қаламын ғой. Ол жер болмаса мына суықта жарымжан басым бір жерде аунап, өліп қалатыным анық. Қазір адамдар қайырымсыз, өліп жатсаң алқаш екен деп айналып өтіп кете береді.

 

Е-е-е, кезінде жастық дәурен басымда мәңгілік тұрардай дүниені алшаң бастым. Бетіме ешкімді қаратпаушы едім. Қартайғанда бала-шағам теріс қарап, ағайын-туыстан жұрдай болып, мұндай күй кешерімді, кезінде атын да атағым келмейтін Оңалту орталығы мен Қарттар үйін паналайтынымды қайдан білейін...

 

...Жағдайын айтып, ұзақтау отырып қалған ол кетуге ыңғайланды. Қалтасынан мұқият бүктелген беторамалын алып, көзін сүртті де: «Айып етпе, қарындасым, ағаңның көк тиыны жоқ. Бір түстік ас ішіп, сосын автобусқа төлейтін тиын-тебен берші. Қарттар үйіне орналасып алсам, желтоқсан айындағы «пенсиямнан» қайтарамын. Әскери адамдар екі сөйлемейді, міндетті түрде қайтарамын», – деді көзін жерден көтермеген күйі қипақтап.

 

 

Р. Ордабек

zamana.kz

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста