Сәлеметсіздер ме! Өтініш, мені дұрыс түсініңіздерші! Мінез жайлы жазайын деп едім, жеңілдейінші деп.Осы ес білгелі мінезімнен опық жеп келемін, жігітпен жүрмегенмін. Маған кездескен жігіттер ары кетсе 1 ай сөйлеседі менімен, кейін сылтау айтып көрінбей кетеді.
Жасым 30-ға келіп қалды. Осы уақытқа дейін ешкімге жамандық тілеген емеспін. Бірақ кейінгі кезде сіркем су көтермейді, біреу бірдеңе десе көтере алмаймымн, ұрсысып кетемін,артынан өкініп жылап отырамын. Мінезім тым нашар, қалай өзгерсем болады. Осыдан біраз уақыт бұрын бір емші сенде дуа бар, қарғыс алғансың деп айтып еді. Осы дуаны қалай қайтаруға болады? Жақсы ешмі қажет еді. Артық сөз жазып, жанымды ауыртпаңыздаршы!
Аноним