Сəлем қыз-келіншектер, қымбатт оқырман!
Менің айтайын дегенім сіздер "домовой" (қазақшасын білмеймін) дегенге сенесіздер ма? Мен қазір сенемін, алдында сенбейтінмін.
Себебін айтсам, тұрмыс құрғаныма 1.5 жыл болды. Қызыма аяғым ауыр еді. Ол кезде 5-6 ай болатын.
Ұйықтап жатқанбыз, ұйқым негізі сергек тез оянамын. Үйдің есігі темір, маған есіктің сыртында біреу жүргендей болды бірақ сыртқы есік ашылмады. Ұйқылы ояу көзімді ашып бөлменің есік жанына қарасам ақ киген біреу өтті. Мән бермей жатып қалдым, бір кезде қасымда біреу демалып тұрғандай болды демі келіп жатыр сезіп тұрмын, бетіме үңіле қарап тұрғандай болды. Көзімді ашайын десем аша алмаймын, біреу байлап тастағандай боп тұрды. Біраз арпалысқандай болдым оянғым келіп, сонымен таң да атты.
Сол кез есімнен кетпейді. Бірақ осы жағдайды күліп, мені мазақ қыла ма деп күйеуіме айтпадым. Әлі күнге дейін ойлаймын, сол кезде көзімді ашқызбаған мүмкін ішімдегі баланың періштесі ме?
Жеңгеме айтсам "домовой" деген бар дейді. Күлмеңіздер, ертегі болып көрінер сіздерге, бірақ маған сол шын болған оқиға. Өйткені адам түс пен елесті ажырата алады деп ойлаймын.
Айдана, Алматы