Көз тиюден қалай сақтануға болады?

Көз тиюден қалай сақтануға болады?

Көз тию қазақтарда ежелден келе жатқан ұғым. Жалпы, көз тию деген ұғым барлық халықтарда бар. Осыған қарап, бұның тектен-текке шықпағанын, оның астарында үлкен шындық жатқанын бағамдау қиын емес. Атеистік тәрбиені санаға сіңірген кеңес заманында көз тию деген жәй жұрттың ойдан шығарған нәрсесі деп көңіл бөлмейтін. Дегенмен, соған қарамастан, бұл ұғым халық арасында жойылып кеткен жоқ.

Қалай көз тиеді?

Бала кезімізде кейбір адамдардың көзі болады дегенді жиі еститінбіз. Көз болғанда, кәдімгі көретін өзіміздің қос жанарымыз емес, сұқтанып қарағанын қалпақтай түсіретін көз. Әдетте ондай адамдар бірдеңге таңырқап, не болмаса қызығып қарап, риза болып бірер ауыз сөз айтса, көз тиюге сол жетеді екен.

Әкемнен бала кезімде мынадай әңгіме естігенім бар. Ол шалғы орақпен құлаштай тартып шөп шауып жатыр екен. Есекке мінген ауылдың бір қарииясы жолдан өтіп бара жатып, «па, шіркін, сілтесің керемет екен» депті сүйсініп. Сол-ақ екен, арада бірнеше минут өтпей жатып, әкемнің бойын әлсіздік буып, басы айналып, әл-дәрмені құрып отырып қалыпты. Дір-дір етіп суық тиген адамдай көк шөптің үстінде жантайып жатқан әкемді көрген сол маңнан өтіп бара жатқан бір қария жағдайды сұрайды.

Алдында ғана сап-сау болған әкем не болып қалғанын өзі де түсінбепті. Тек әлгінде бір шалдың өткенін, сүйсініп бірер ауыз сөз айтқанын есіне түсіреді. Соны естіген әлгі қария «ой, оңбаған, оның көзі бар еді» деп атына міне сала әлгі шалды қуады. Ол қуып жетіп, шалдың камзолының етегінен айқайлап жүріп кішкентай жыртыс жыртып алады. Қайтып келіп шөп үстінде жатқан әкемнің жанына отырып, сіріңкемен әлгі жыртындыны тұтатып, басынан бірнеше рет «бісіміллә» деп айналдырады. Содан әп-сәтте әкем орнынан тұрып, «ауруынан» құлан таза айығып кетіпті.

Біздің ауылда Айжан есімді бір кемпір болды. Жұрттың бәрі оның көзі жаман десетін. Бірдеңеге сұқтанып қараса-ақ қалпақтай түсіреді дейтін. Оның көзінен зардап шеккендер киімінен жыртыс алып, сонымен ұшықтап құтылады екен.

Көз тию – бұл лас қуаттың әсері

Материалистік ғылым да бүгінде ақырындап діни және халықтық түсініктердің астарындағы ақиқатты көріп, оны зерттеуге бет бұра бастады. Тіпті, қазір адамның тәнінің айналасын қоршап тұратын аура деп аталатын энергетикалық қауашақты зерттеп, суретке түсеретін құрылғылар да жасалған.

Сонымен, бүгінгі ғылыми түсінік бойынша көз тию деген адамның айналасына жиналатын жаман, лас қуаттардың әсері екен. Мұндай лас қуат сиқырмен айналысатын адамдардың белгілі бір сыйқыр рәсімдерінен пайда болады немесе адамның ұдайы жаман нәрселер ойлап, өмірден түңіліп, жамандыққа бейім болуынан айналасында лас қуат көбейе түспек.

Адамдардың көбі көзі бар біреулердің құрбаны болып қана қоймай, ештеңе сезбестен, өздері де басқаларға залалын тигізіп жатады екен. Өйткені, бүгінгі ғылым бұл мәселені жан-жақты зерттеп, адамдарға ғылыми негізделген түсінік беріп жатқан жоқ. Өзінің көзі бар ма, жоқ па ешкім білмейді.

Өзіне өзі көз тигізу

Ұдайы жаман нәрселер туралы ойлап, айналасындағылармен жиі ұрыссып жүретін немесе өздеріне сенбей, соңымнан қырсық қалмай қойды деп түңілушілікке берілетін адамдар стресс, депрессия деп аталатын дерттерге ұрынып қана қоймай, тәнінің айналасына лас қуаттар көп жиналғандықтан, айналасындағыларға, тіпті өзіне де көз тигізіп, зиян шегіп жатады екен.

Мұндай адамдар әдетте өздеріне сенбейтін әлжуаз болып келеді. Жолым болмайды, қырсық соңымнан қалмайды, мен үшін болашақта еш бақыт жоқ дегенді санасына сіңіріп алған пенделердің аурасындағы лас қуат шектен тыс көбейіп кеткендіктен, оның қорғауыш қабығы сөгіліп, лас қуат тәнге сіңіп, отырады екен. Оның әсері: бойды билеген әлсіздік, еңсені езген көңілсіздік түріндегі жаман әсерлер. Бұны өзіне өзі көз тигізу деп атайды.

Көз тигенді қалай анықтауға болады?

Көз тиген деп күдік алсаңыз оны білудің ең оңай жолы жұмыртқа арқылы анықтау. Ол үшін дүкендегі инкубатордың емес, базардан үйдің жұмыртқасын сатып алыңыз. Бір стақан суға бір жұмыртқаны жарып, салыңыз. Содан кейін оны төбеңізге қойып, 3-5 минуттай ұстап тұрыңыз. Егер көз тимеген болса, жұмыртқа өзгеріссіз қалады. Ал, көз тисе, онда жұмыртқаның ақ уызы талшықтанып, жоғары қарай жіп сияқты созылып тұрады. Егер талшықтарда қара дақтар болса және сары уызы піскен жұмыртқа сияқты түйдектеліп қалса, онда өте күшті көз тигені. Бұндай жағдайда жедел емшіге көрінген жөн болады. Өкініштісі сол, қазіргі дәрігерлер көз тиюді кәдімгі дәрімен емдемек болады. Дегенмен, оның кейде пайдасы болса, кейде еш әсері болмай жатады.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста