КӨРДЕ ТУЫП, КӨРДЕ ӨСКЕН ҚАЗАҚ

КӨРДЕ ТУЫП,  КӨРДЕ ӨСКЕН ҚАЗАҚ

Алтайда туып өскен Көроғлы жайында айтып берейін. Кейбір маңызды деректерін қысқартып тастадым. Себебі осы тақырыптағы прозама пайдаланғам.  Ал,  бұл жерде жалпыға түсінікті тілмен ықшамдап бердім.

 

Ертеде Алтайда Керейдің Молқы руының иесі болған Жотақажы атанып кеткен Жуанған мырзаның төңірегінде болған оқиға. Қазіргі Алтай қаласының басында Сұмдайрық дейтін асау өзен бар. 

 

Бұл өзенді Алтай қазақтары да,  осы өңірден Өлгейге асып қоныстанған Моңғолия жақтағы көп қазақ та біледі. Жазға қарай көш Сұмдайрық өзенінен өтіп бара жатқанда екіқабат әйел суға ағып кетеді. Көштің адамдары суға ағып кеткен әйелді судан шығарып алғанда сұлық жатқан,  тынысы білінбеген әйелді сол маңға жерлеп кетеді.  Бұл өңірде жаз кезінде болмаса,  қыста адам тұрмайды.  Қыстың қаһары,  үздіксіз түсетін ақпа көшкіннің ұраны жер тітірететін еді.  Деседе,  бұғы аулап, аю атуды кәсіп еткен бірнеше үй қазақ осы өңірде аңшылықпен барып тұрып қалған екен. Әйелдің суға кеткен жазы зымырап өте шығады.  Гүлдер жайнап,  қатқан сулар бусанып елжірей аға бастайды.

 

Әйелдің жерленгеніне осылай үш жыл өтеді.  Зираттың маңында қоныстанған бірнеше үй аңшының ойнап жүрген балалары бұзау қайыруға барып, зират маңына жақындап тепеңдеп жүргенде қабірдің маңында бірдеңе теріп жеп жүрген тыржалаңаш баланы көріп қалып,  шошынып үйіне қашады.  Балалар үйіне асығып жетіп әкелеріне көрген жағдайын айтады. Үлкендер балалардың айтуы бойынша қабірдің маңына жиналып кезек-кезегімен күзетеді.  Балалардың айтуы бойынша шынымен ара-тұра қабірдің ішінен бір тыржалаңаш баланың шығып сырттан қоқым бірдеңелерді теріп жеп жүргенін байқайды.  Аңшылар баланы шошытып алып,  обалды өлтірмейік деп баланы алдап,  шырғалап қолға түсіреді де бағуға алып кетеді.  Ал,  баланы қолға түсіргеннен кейін жиналып келіп құран оқып қабірді ашса,  өлген ананың осырауынан төменгі жері әппақ қаңқаға айналыпты да,  омырауынан жоғары жағы тірі адамдай толықсып жатыр екен.  Қайран ананың емшегінен әппақ сүт сыздықтап мәңгі тоқтамай тұратын құдіретті көреді.  Ал,  бала қабірдің құдайым тескен тесігінен кіріп шығып анасын еміп ержеткен екен. Өр-Алтайдағы  Көктоғай ауданының Қарасеңгір тауының бауырындағы Етекбай дейтін жерде Бәкір деген әжей осы оқиғаны ел-жұртқа әңгімелеп берген.  Бәкір әженің айтуында,  "ол кезде бала кезім еді. Жотақажы бидің ауылына барып отырғанымда еңгезердей алып,  қарасұры кісі келді.  Елдің бәрі оны" Қабіржарған"деп атайды екен. Оны бағып алғандар кейін оған "Зарлықан"  деп ат қойған.  Бәкір әженің қызы әлі сол Етекбай өңірінде тұрады, ол кісінің де жасы ұлғайған. Осы уақытта осы Зарлықан деген кісінің ұрпақтарын іздестіру үстіндемін. Өзім туып-өскен жер болған соң табамын деген сенімдемін, Алла қаласа!

 

Ал, сіздің Алланың құдіретінен, ұлы жаратушының аналарға деген құрметінен ғибрат алып, толғанысқа түсуіңізді қалаймын.

 

Құрметпен: Көкбөрі Мүбарак

 

 Клара Жұмәділқызы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста