Кездесуге келген әруақ қыз

Бұрындары аруақтың бар екеніне сенбейтінмін. Осы бір оқиғадан кейін аруақтың бар екеніне және олардың кейде адамдардың арасына келетініне анық көз жеткіздім. Сол оқиғаны "Алаш айнасы" оқырмандарымен бөлісіп отырмын.

 

Осыдан біраз жыл бұрын жастайдан бірге өскен досым Асқар мені өзімен қызметтес бір бойжеткенмен таныстырмақшы болды. Өйткені мен отызға келсем де әлі үйленбей жүргем. Ал Асқардың отбасы бар.

 

Сондықтан екеуміздің бұрынғыдай емін еркін араласып, бірге қыдыруымыз азайған. Асқардың ойы – егер мен үйленсем, отбасымызбен бірге араласамыз. Асқардың айтуынша, қызметтес құрбысы маған лайық, нағыз жар болатын керемет жан. Тіпті екеуміздің мінез құлқымыз, қызығушылықтарымыз, көзқарасымыз да ұқсас екен. Яғни, екеуміз бір бүтіннің екі жартысымыз. Сөйтіп, Асқар айтқан қызбен танысатын болдым.

 

Келіскеніміздей мен бейтаныс бойжеткенді кафеде күттім. Бар жақсымды үстіме іліп алдым. Құр қол емеспін. Қолымда бір бума гүлім де бар. Қыздардың кездесуге кешігіп келетінін білсем де, сәл ертелеу бардым. Қыз келгенше тамаққа тапсырыс бермей, кофе ішіп отыра тұруды ұйғардым. Кофені асықпай ішіп, қызбен қалай әңгіме өрбітуді де іштей ойлап отырдым. Сағатқа қарасам, келгеніме де бір сағаттан асыпты. Бірақ қыздан хабар жоқ. Асқардан қыздың телефонын алмағаныма да өкіндім. Асқардың айтуынша, қыз менің суретімді көрген. Сырттай таниды. Қыздан хабар болмаған соң даяшыны шақырып тағы да кофе әкелуін сұрадым. Бұл нешінші шынаяқ кофе екені де есімде жоқ. Әйтеуір бос отырмайын деп ішіп отырмын. Даяшы кете бергенде, кафеге қара шашы иығына түскен, аққұба өңді, сұңғақ бойлы, ажарлы бойжеткен кіріп келді. «Асқар айтқан қыз дәл осы болу керек» деп ойладым ішімнен. Қыз есік алдында сәл бөгеліп, мен отырған столға қарай беттеді. Тұруға ыңғайлана бергенімде қасымнан өте шығып, кейінгі столда отырған екі қызға қосылды. Сол кезде даяшы да кофе әкелді. «Осы қыздар неге кездесуге кешігіп келеді екен?» деп бейтаныс қызға іштей өкпеледім. Бірақ не болса да күту керек.

 

Екі сағат күткен соң үмітімді үзіп, даяшыға сыра мен кәуапқа тапсырыс бердім. Тағы екі сағаттай отырып, 5-6 кружка сыра іштім. Бойда сәл қызу пайда болған секілді. Ішкен-жегеннің ақысын төлеп, гүлді даяшы қызға тарту еттім де есікке беттедім. Дәл есікке жақындағанда ту сыртымнан біреу қарап тұрғандай сезілді. «Бағанағы жанымнан өте шыққан қыз болар» деп ойладым. Бір сәтке «барып таныссам ба екен» деген де ой келді. Бірақ бір күш мойын да бұрғызбай тысқа жетеледі. Дала қараңғы екен. Күз мезгілі болатын. Ептеп тұман бар секілді көрінді. Әр тұста жанып тұрған шамдар мұнарланып, жарытып жарық бермей тұр. Бойымды сергітіп, біраз жаяу жүруді ұйғардым. Әудем жер жүргенде соңымнан біреу еріп келе жатқандай көрінді. Қыз баланың өкшесінің тықылы анық есітілді. Тоқтап артыма бұрылдым. Өкшенің тықылы да тоқтады. Қараңғы түн әрі тұман болғандықтан 10-15 метрден әрісі көрінбейді. Сәл бөгелдім. Бірақ ешкім байқалмады. Қайта жүрдім. Сәлден соң өкше тықылы соңымнан тағы ілесті. Жүрісімді жылдамдатып едім, өкше тықылы да жылдамдады. Жетіп алсын деп ойлап ақырын жүрдім. Өкше тықылы да баяулады. Бойымды қорқыныш билей бастады. Тоқтадым. «Тәуекел кім болса да көрейін» деп кері жүрдім. 20 метрдей жүргенде оңға қарай бұрылған көше бар екен. Сол тұста бөгеліп жан-жаққа қарадым. Екшім көрінбдейді. Өкше тықылы та есітілмейді. «Е, мына көшеге бұрылып кеткен екен ғой» деп ойладым. Көшенің жарық тұсына барып такси ұстап, үйге тарттым. Мөлтек аудандағы өзім тұратын көпқабатты үйдің ауласына келдім. Неге екенін күнде жанып тұратын ауладағы жарық сөніп қалыпты. Балалар алаңының қасынан өте бергенде, орындықта отырған қызды көзім шалды. Пәтерлердің терезесінен түскен жарықтан қыздың жалғыз көйлекпен отырғаны байқалды. Көйлегі де жыртылған сияқты. «Сізге көмек қажет емес пе?» деп сұрадым. Бірақ қыздан жауап болмады. Бұрылып қасына бардым. Қыздың үстінде жалғыз ақ көйлек. Көйлегінің арқа тұсы жыртылыпты, қан байқалады. «Көмек қажет пе?» деп қайта сұрадым. Қыз үнсіз. Иығынан тарытып, өзіме қараттым. Қыздың жүзінде қан жоқ, сұп-сұр. Көзінің жанары жоқ секілді көрінді. Шашы жалбырап кеткен. Басы жарылған. «Наша шеккен екен ғой. Біреулер ұрып кеткен-ау» деп ойладым. Жедел жәрдем мен полиция шақырайын деп қалтамнан телефонымды алдым. Қырсық шалғанда телефоным өшіп қалыпты. «Қап, қуаты бітіп қалыпты-ау» деп ойладым. Басыма бөтен ой келген жоқ. «Мен мына үйде тұрамын. Үйге жүріңіз. Жылынып аласыз. Үйден жедел жәрдемге хабарласамыз» деп, қызды жетекке алдым. Үйдің кіреберісі қараңғы болатын. «Қорықпаңыз мен екінші қабатта тұрамын, ақырын маған ілесіңіз» деп екінші қабатқа көтерілдік. «Мына жерден ұстап тұрыңыз» деп баспалдақтың жақтауын нұсқадым да, өзім есікті ашуға кірістім. Қас қылғанда есіктің құлпына дәл түсе алмай біраз әуре болдым. Әрең дегенде есікті ашып, дәліздің шамын жақтым да «үйге кіріңіз» деп артыма қарасам қыз жоқ. «Қайда кетіп қалдыңыз» деп дауыстадым. Жауап болмады. Жүгіріп тысқа шықтым. Ешкім көрінбейді. Ұзап кетіп қалатындай уақыт өткен жоқ. Қайда жоқ болып кеткені түсініксіз. Қайта үйге кірдім. Үйден фанарик алып бесінші қабатқа дейін көтеріліп, қарап шықтым. Жоқ. Үйге келген соң бойымда үрей пайда болды. Қонақ бөлменің шамын жағып қойдым да, көңілімді бөлу үшін теледидардан шоу бағдарлама қарап диванға қисайдым.

 

Әлден уақытта ту сыртымнан біреу қарап тұрғандай болды. Шынымда айтсам, басымды бұрып қарауға қорқып, қозғалмай жата бердім. Сәлден соң дәл арқа тұсымнан біреудің тыныс алғанын сездім. Қозғалуға шама жоқ. Іштей «сақтай гөр» деп құдайға сиынып жатырмын. Бір кезде төбемнен үңіліп, бетіме қараған бейнені көрдім. Бағанағы қыз. «Міне кездестік» деді. Қорыққаннан айғайлап жібердім. Бірақ дауысым шықпады. Есімнен танып қалдым.

 

Есімді жиғанда таң атып кеткен екен. Қалай келгенім есімде жоқ, ас бөлмеде , еденде жатырмын. Орнымнан атып тұрдым. Қолыма пышақ алып үйдің бәрін қарап шықтым. Ешкім жоқ. Есімді жиып, Асқарға телефон соқпақ болдым. Телефонның қуаты таусылып қалғаны есіме түсіп, токқа қосайын деп қарасам, түнде ғана өшіп тұрған телефон қосылып тұр. Тіпті қуаты ортаймапты да.

 

Асқарға хабарласып, «қызметтес құрбың кездесуге келмеді» деп ренжідім. Асқар «ол енді ешқашан кездесуге келмейді. Кеше сенімен кездесуге келе жатқанда көлік қағып кетіп мерт болыпты, ертең жерлеуі» деді. Алғашында бұл Асқардың қалжыңы ма екен деп ойладым. Бірақ Асқардың дауысындағы мұңнан мұның ақиқат екені сезіліп тұрды.

 

Бойымдағы қорқыныш кете қоймаған соң бір емшіге барып оқытып, түсімді айтып едім, «ол қайтыс болған қыздың аруағы. Ол қыз сенімен кездесуді қатты қалаған екен. Өзі өлген соң, кездесуге аруағы келген» деді. Емші ем жасаған соң бойымдағы қорқыныш сейілді.

 

Кейіннен ойлап қарасам, емшінің айтқаны рас секілді көрінді. Өйткені ақыл-есім бүтін, мас болғам жоқ, түсім емес, ол қызды өңімде көрдім. Сонда барып, жерлеуіне бармағаныма қатты өкіндім. Кейін Асқар екеуміз қабіріне барып, құран оқытып қайттық.

 

 

 

Марат, Қарағанды

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста