Кармалық қарым-қатынасқа тап болған жұп үшін бір-бірімен дұрыс байланыс орнату маңызды. Бұл қатынастың ерекшелігі қандай? Бақытты болу үшін кармалық қарыздарды сауатты түрде қалай өтеу керек? Сарапшылар нақты іс-қимыл жоспарын ұсынады. Кармалық қарым-қатынас дегеніміз не?
Кармалық қарым-қатынас дегеніміз - бұл өткен өмірдегі адаммен күшті әрі эмоционалдық байланыс. Мұндай қарым-қатынастар өткен өмірде тығыз эмоционалдық байланыста болған адамдардың рухы арасында пайда болады. Түсіндірмесі "Карма" терминін біздің тілдік қолданысымызға шығыс діні мен философиясы енгізді. Санскрит тілінен аударғанда ол "іс", "әрекет" дегенді білдіреді және бүгінгі іс-әрекет пен болашақ арасындағы байланыс туралы баяндайды. Карма қарым-қатынасқа қалай әсер етеді?
Кармалық байланыстың екі түрі бар: Позитивтік қарым-қатынас. Негативтік кармалық тәжірибе. Позитивтік карма дегеніміз: Барлық отбасы мүшесінің бірін-бірі жақсы көретін, сыйлайтын және қолдайтын іргесі берік шаңырақта дүниеге келуі. Қиын жағдайдан шығуға көмектесетін адаммен кездесу. Адамды жақсы жаққа өзгертетін жанмен некелесу. Бір-біріне қарызы бар адамдар арасында теріс карма пайда болады. Жұптың бірінің екіншісінен бас тартуы, алдап, қатыгездік көрсетуі мүмкін. Мұндайда тағдыр адамдарды қарыздарынан құтылып, бір-біріне әділ болуы үшін қайта біріктіреді. Негативтік карма мына жағдайларды қамтиды: Аяқ астынан құрылған неке және баласыз өтетін жұбайлық өмір. Достық, махаббат және сатқындық симбиозы. Ерлі-зайыпты арасындағы себепсіз жанжалдар мен келіспеушіліктер. Кармалық серіктер ғашық жандардың арасында ғана кездеспейді. Кейде бұрынғы ата-анамен, балалармен, жақын туыстармен және достармен де бұл жағдайды бастан өткізуге тура келеді.
Неліктен кармалық қарым-қатынас пайда болады?
Кармалық байланыс тағдырдың жазғаны ғана емес. Ондай қарым-қатынасты адам өз іс-әрекетімен тудыруы мүмкін: Қарым-қатынаста бір нәрсенің қайталана беруіне себеп болу; Ойламаған жерден ғашық боп қалуға бейімділік, ақыл мен түйсікке құлақ аспау; Қиналатынын біле тұра ұзаққа бармайтын қарым-қатынас орнату әдеті; Адамға тәуелділік салдарынан, оған өзін құрдымға кетіруге жол беру. Даналық пен өзгенің қателігін кешіру қабілеті жоқ, ділдік тұрғыда жетілмеген адамдар басқаларға қарағанда кармалық қарым-қатынастарға жиі түсіп, жылдар бойы сол шырмауда тұрып қалады. Кармалық байланыстың қаупі қандай? Көріпкел Елизавета Лилеева өткен өмірдегі қарыздарды кармалық түйіндер деп атайды. Бұл игеруді қажет ететін өмірлік сабақтар.
Егер адам өзінің кармалық міндеттерін түсіне алмаса, оны белгілі бір қауіп күтіп тұр: Менталдық және физикалық денсаулықтың айтарлықтай нашарлауы. Өмір сүру сапасының төмендеуі, мансап пен байланыстардың бұзылуы. Некенің бақытсыздық әкелуі, отбасылық қатынастың бұзылуы. Тұлғаны апатия мен депрессиядан биполярлық бұзылыстарға дейін апаратын ауыр психологиялық ауытқушылықтардың пайда болуы. Кармалық қарым-қатынастар көбінесе тұлғалық өсуге, рухани дамуға, өмірлік құндылықтарды қайта бағалауға және басымдықтарды өзгертуге, сондай-ақ жақсы жаққа өзгеруге итермелейді. Кармалық қарым-қатынастарды қалай білуге болады? Эзотерика, астрология және адами қарым-қатынас психологиясы мыңдаған жылдар бойы кармалық байланыс құбылысын зерттеп келеді. Нәтижесінде кармалық қарым-қатынастардың негізгі сегіз белгісіне тұжырым жасауға болады.
Күтпеген танысулар Жоғары күштер мұндай кездесуді мұқият жоспарлайды, бірақ бұл адамдарға кенеттен болған жағдай тәрізді көрінеді. Кармалық серіктермен танысу жарқын жарқыл сияқты болады. Мәселен асығып жүгіріп келе жатқан кезде байқаусызда соқтығысып қалу, лифтідегі кездесу, кептелісте немесе кинотеатрдағы жүздесу болуы мүмкін. Адамдардың жанары түйіскен сәтте бір-бірін мың жылдан бері танитындай әсерде болады. Көзсіз құштарлық және жанды ауыртатын ынтықтық Кездесу сәтінде бір-біріне деген түсініксіз және еңсерілмейтін тартылыс болады. Бұл сезімді Кэтрин және Людовик Лаббе "Близнецовое пламя" кітабында сипаттайды. Бұл адамдардың өткен өмірде таныс және өте жақын болғанын білдіреді. Жұп арасындағы үлкен айырмашылық Кармалық қарым-қатынаста қай кезде де жұп арасында жас ерекшелігі (5 жастан және одан да үлкен), әлеуметтік мәртебе, діни көзқарас және моральдық-этикалық нормалар бойынша айырмашылықтар бар. Әр түрлі елде тұратын қашықтықтағы қарым-қатынас та кедергілерге толы. Қарым-қатынастың қарқынды дамуы Адамдарды карма біріктіретін болса, олардың таныстығы тез арада жыныстық қатынасқа, бірге тұруға, үйлену тойына, балалы болу және болашақты жоспарлауға ауысады. Жұптың екеуі немесе бірі мұндай асығыстықтың қате екенін сезінеді, бірақ олар бұған қарсы тұра алмайды.
Өмір салтының күрт өзгеруі
Карма белгілі бір қиындықтар тудыратындықтан, мұндай қарым-қатынас айтарлықтай құрбандықты қажет етуі мүмкін. Кармалық жұп кенеттен мынадай жағдайларға тап болуы мүмкін: бәрін басынан бастау үшін басқа қалаға немесе шетелге көшу; бұрынғы байланыстарды үзу; қызығушылық бағытын өзгерту. Жұп арасында балалардың болмауы Кармалық жұп үнемі өзара әрекетте болады, сондықтан олардың ұрпақ өрбітуі тұралап қалады. Ерлі-зайыпты балалы болуды қатты қаласа да, ол тілегі орындалмауы мүмкін. Дәрігерлер бала сүйе алмаудың нақты себептерін көрмейді, бірақ ағза сәби сүюге қарсы тұрады, өйткені адамдар стресс жағдайында жүреді. Бұл мәселе балама әдістермен шешіледі, бірақ ерлі-зайыптының қарым-қатынасын күшейтпейді. Қарым-қатынастың күрт нашарлауы Кармалық қатынас ешқашан тыныш әрі жақсы болмайды. Мұндайда мынадай жағдайлар болуы мүмкін: махаббат үшбұрышы; полигамдық қатынастар немесе ашық неке; ұрыс-керіс, айырылысу және қиналып татуласу; махаббат пен жек көру. Көбінесе жұптың бірі екіншісін төмендетеді және өзіне бағындыруға тырысады. Жұп арасындағы келіспеушілік. Көрнекі сурет: pixabay.com Қанағаттанбау, ауыр күйде ажырасу және шаршау Эмоционалдық ауытқулардың нәтижесінде жұптың арадағы қарым-қатынастан көңілі қалады. Кейбір адамдарда жаман әдеттер пайда болады (темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық). Кикілжіңдер кейде физикалық зорлық-зомбылыққа да ұласуы мүмкін. Кармалық қарым-қатынастан шығу Кармалық қарым-қатынасқа түскен адамдар бір орында шыр айналмауы үшін барлық қарыз мәселесін дұрыс жабуы керек. Егер жұп татулықпен ажыраспаса, өмір оларды қайта-қайта біріктіріп, басқа адамдармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға да кедергі келтіреді. Екі жанның қайта-қайта кездесуінің бұл құбылысы туралы Надежда Кобурнеева "Послания ангелов" кітабында жазды. Рухтың қайта кездесуі және жүріп өткен қиын жолдың қайталану ықтималы бар. Кармалық байланыстың басын ашып алу үшін жұп арасындағы қарым-қатынастың қандай екеніне көз жеткізу керек. Егер тағдырлы қарым-қатынасқа тән белгілердің басым бөлігі сәйкес келсе, бұл жастық шақ максимализмі емес екеніне сенімді болыңыз. Астрология кармалық санды есептеуді ұсынады. Мұны нақты мысалмен көрсетейік: Қағазға туған күніңізді жазыңыз, мысалы: 11.03.1988. Барлық сан қатарын ретімен қосыңыз: 0 + 3 + 1 + 1 + 1 + 9 + 8 + 8 = 31. Алынған мән (31) - шамаланған кармалық сан. Бұл өмір жолыңызда әрбір 31 жыл сайын кармалық серігіңізді кездестіретініңізді білдіреді. Белгілі психолог, астролог және эзотерик Татьяна Бриз де кармалық қатынастардың нақты анықтамасын жасады.
Кармалық қарым-қатынастан қалай шығуға болады?
Оның мынадай жолдары бар: Күрделі кармалық қарым-қатынасты ыңғайлы және бірін-бірі толықтыратын байланысқа айналдырыңыз. Өмірдің сабағын серігіңізбен бірге алған соң енді қауышпайтындай екі жаққа кетіңіз. Қарым-қатынасты жақсы жаққа өзгерту үшін жұптың өзі осыны қалауы керек. Өмірде мұндай жағдайлар кездеседі, бірақ олар сирек болады және үлкен ерік-жігерді, өзара құрмет пен бір-біріне қолдау көрсетуді талап етеді. Ол үшін сізге мамандардың көмегі немесе кітаптарды оқу және карманы зерттеу арқылы өзін-өзі дамыту қажет болады. Бұл сұрақтардың жауабы Вячеслава Богданованың "Качество жизни. Типология на каждый день" кітабынан табылады. Адамдар көп жағдайда кармадан шығу жолын таңдайды. Мұны дұрыс жасау үшін әйгілі эзопсихолог Елена Балацкая былай кеңес береді: Кармалық қарызыңызды түсініп, қарым-қатынасыңыздың кармамен байланысты екенін қабылдаңыз. Қарызды өтеп, қателерді түзету арқылы одан сабақ ала отырып, серігіңізге алғыс айтыңыз және онымен жолыңыз екіге бөлінетінін қабылдаңыз. Қарым-қатынастағы кармалық жолдан дұрыс өткендер нағыз серік болатын адамнан жұмсақ, таза және үйлесімді байланысты күтеді. Кармалық қарым-қатынаста болған жағдайда қорықпау керек және депрессияға түспеу маңызды. Қателерді түзеп, дұрыс қорытынды жасап, өмірді жақсы жаққа өзгертуге тырысу керек. Қарым-қатынасты түзету немесе ризашылықпен қоштасу арқылы, сіз өмірде үйлесімділік пен бақыт таба аласыз.