Британ психологы түн ішінде бастырылып қалу ненің белгісін білдіретінін айтты. Көрген түсіміздің 95 пайызы біз оянғанша санамыздан өшіп қалады, ал қалған 5 пайызы есімізден кетпей, тіпті көңіл-күйімізге кері әсер етеді. Психологтар неғұрлым шиеленісті түстер көрсең, өмірде өз-өзіңді дамыту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болатынын айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua сайтына сілтеме жасап.
Сауалнама нәтижесі бойынша, Ұлыбританиядағы 2000 тұрғынның тең жартысы қорқынышты түстер көретіні анықталды. Оның басты себебі – күйзеліс пен шектен тыс шаршап-шалдығу. Ең көп тараған түс – тісің түсіп қалу, әлдекімнен қашып жүру және керек затыңды таба алмай жүру.
Дәрігер Уойлес британдықтар жиі көретін жаман түстің бес түрін анықтап, оның себептерін айтты.
Аңдып жүру
Егер түсіңізде сізді біреу аңдып жүрсе, өмірде шешімін таппаған мәселе бар деген сөз. Оны шешу жолдарын таба алмай жүрсіз. Мүмкін бойыңызда өзіңіз мән бермейтін жасырын қабілет, талант бар шығар? Ойланып көріңіз.
Тістің түсуі
Түсіңізде тісіңіз түсіп қалса, өмірде өзіңізге деген сенімділікті жоғалтатын боласыз. Күні бойы түнде көрген жаман түсіңізді ойлап жүргенше, өз-өзіңізге неге сенімсіз екеніңіз туралы ойлаңыз.
Дәретхананы таба алмай жүру
Егер түсіңізде дәретхананы таба алмай жүрсеңіз, сіз өмірде өзіңізден гөрі өзгелердің қызығушылығын жоғары қоясыз дегенді білдіреді. Бұл туралы да оңашада ойға батып, саралап көріңіз.
Жалаңаш жүру
Түсіңізде көпшіліктің алдында жалаңаш күйде жүрсеңіз, өмірде ешкімге білдіргіңіз келмейтін осал тұсыңыз бар дегенді білдіреді. Адамдарға сыр айтудан қорықпаңыз. Өзіңізді жақсы көре біліңіз.
Емтихандағы сәтсіздік
Егер түсіңізде емтиханға дайындықсыз келсеңіз, өмірде өзіңізге тым сыни көзбен қарайсыз дегенді білдіреді. Дәрігер Уоллес сізге «Өз-өзіңізді төмендетумен айналыспаңыз. Өзіңізді жақсы қырыңыздан көре біліңіз» деген кеңес береді.
Бұл көңілге аса жаға қоймаса да, адамның психологиялық мәселелерін көрсетіп, оның шешімін табуға көмектесетін пайдалы түстерге жатады.
«Жаман түс көруден қашу оңайырақ болып көрінуі мүмкін, бірақ сіз оның орнына көрген түсіңізді саралай білуді үйреніңіз», - дейді дәрігер.