Ғалымдар көшпенді-ғаламшарды тапты
Ғалымдар галактикадан еркін қалықтаған көшпенді-ғаламшарды анықтады, деп жазады nz1.ru. Бүгінде біздің галактикада жүз миллиардтаған ғаламшар бар. Алайда олардың арасында жалғыз, әрі еркін шарлап жүретін ғаламшарлар саны аз. Астрономдар жұлдызы жоқ, кеңістікте еркін қалқыған әлемнің бар екенін баяғыда болжаған еді. Жақында Навайи штаты университетінің ғалымдары еркін ұшып жүрген PSO J318.5-22 ғаламшарын анықтады. Жұмбақ әлем жерден 80 жарық жылда орналасқан. Оның салмағы Юпитерден алты есе ауыр. Жасы 12 млн жыл. Оны Мауи аралындағы Халикала тауында орналасқан Pan-STARRS 1 инфрақызыл телескоп көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Теорияға сәйкес, көшпенді ғаламашарлар екі жағдайда пайда болады. Бірінші жағдайда ғаламшар басқа аспан денелеріне гравитациялық ықпал етуінен өз планетарлық жүйесінен не әлем жұлдыздар кеңістігінде шаң бұлтынан өздігінен пайда болған деген болжам бар.