Жалған дүниені байлықпен тосып тоқтатамын деу – надандық, оған еш тосқауыл жоқ. Жұрт түрлі қиындықтарды, ауыртпалықтарды бастан кешіру арқылы, азаптардан құтылудың жолын іздестіре бастайды, себебін білуге ұмтылады. Жалған әлемнің ішінен өзіңді тауып, бақи әлемге дайындалу керек. Жалған әлемге жабыспай, өз-өзіңді жеңе білсең, өзіңді таба білсең, ертелі-кеш соңынан алаөкпе болып жүгірген материалдық өмір ендігі жерде адамның ізінен өзі жүгіреді.
Біз есекті мал есебіне кіргізбей, менсінбей, мұрын шүйіреміз. Алайда, бүкіл пайғамбар есекке мініп қасиетті Қағба есігін ашқан. Есегімен егіз жаралған Қожанасыр бабамыз – жай күлкі кейіпкері емес, әулие. Ал адамдар есектің етін неге жемейді? Өйткені, есек – қасиетті мал. Ал оның қасиеттілігі неде? Алдымен Қазығұртты талдап алайық, ол «қазық ұрды» сөзінің төркінінен шыққан, яғни Қазығұртта алғаш рухани қазық қағылған. Ғалымдардың айтуынша, Темірқазық жұлдызы, Меркурий және тағы басқа да ғаламшарлар Қазығұртпен байланыста тұр. Бұл – ғарыш жақтағы Құдіретпен тікелей байланысқа түсе алатын мекен деген сөз. Бағзы заманда еңбекқор, тақуа, рухани құндылықтарға ие адамдар осы Қазығұрттың басына жиналып, ғибадаттарын жасап тұрған екен. Алайда, Ол заманда екен.
Пайғамбар: «Менің ібілісім мұсылман болды», – дейді. Ібіліс дегені – нәпсі. Нәпсіні тыймайынша, оны мұсылман қылмайынша, жер бетінде жақсы дүние жасай алмайсың. Нәпсің мұсылман болған кезде ғана жер жүзінде жақсылық орнайды. Біздің жанымыз Алланың демінен жаралған. Міне, осы демнің көзі ашылады да, Құдіретпен түйсікке шығады. Ол түйсікке шыққан кезде адамның ішкі әлемі оянады. Әр адамның ішкі дүниесінде үш миллиард ақпарат бар. Ол ақпарат Жебірейіл періштемен байланысқан. Бүкіл ақпарат адамның кеңірдегі мен кіндігінің арасында орын тепкен. Сонда Құрандағы барлық ақпарат адамның денесінде бар. Бұл Құранның ішкі ақпараты. Ал оның сыртқы ақпараты отыз мың екен. Бұл Мұхаммед пайғамбар байланысқан. Құранның 114 сүресі, 6666 аяты бар, ол осы отыз парадан тұрады. Пара деген – екеу деген сөз, бұл біз ойлағандай орыс сөзі емес. Адам ата мен Хауа ана салып кеткен жұп мағынасы. Адамның бойында жоғарыда айтып өткен энергия мен ақпарлар таусылса, адам ауруға ұшырайды. Бүгінде жер бетіндегі адамдардың 80-90 пайызы ауру. Бірақ ол біз ойлағандай, медициналық тән ауруы емес, рухани аурулар. Егер кез-келген адам бұл кеселден құтылғысы келсе, адам миына Алланың жіберген ақпараттарын толтырып отырған абзал. Ғибадат – кеселден құтылудың бастамасы. Содан адамның санасына саңылау түсіп, ашылады, ішкі ағзалары оянады, нәпсінің көзі сыпырылады. Адам күн сайын: «Неге мен біреуді қорлап, зорлап, пара алып жатырмын?» – деп іштей қайталап жүрсе, өзін-өзі емдеп жатқаны. Бірақ бұл әдістеменің кең таралуына кедергілер көп. Өйткені мынау тәккапар әлем ол әдістемені жібергісі келмейді. Нәпсінің шоқтығы – тәккапарлық. «Ібіліснама» деген кітапта шайтан: «Мен мың ғалымды қас-қағым сәтте тәкаппарлық етіп жібере аламын, бір қойшыға әлім келмейді», – дейді. Қойшы – білімсіз болса да, тақуа жолындағы адам. Осындай адамдар әлемдегі тепе-теңдікті сақтап тұр. Мұндай адамдар Құдай үшін жан қинайды. Таза адамдар бүкіл әлемнің ауыртпалығын өзіне тартады. Бүгінде ғалымдардың пайымдауынша, адамзатты апаттан сақтап отырған адамдардың саны 1 пайызды ғана құрайды екен.
Есек қасиетті мал ма?
Последние статьи автора