Енем құрсағымдағы баламды дуалап өлтірді...

Перзенті туа бітті сал ауруына шалдығып, кейін шетінеп кеткен астаналық әйел болған жайттарға енесін кінәлап отыр. Оның айтуынша, қайын енесі өзін алғашқы күннен-ақ суық қарсы алған екен. Енесі сәбиін дуалап тастады деген келіншек NUR.KZ тілшісіне жан сырын ақтарды.

Маржан (ред. аты-жөні өзгертілді) осыдан бес жыл бұрын тұрмысқа шығып, енесімен бірге тұрған. Бірінші күннен бастап шаңырағына түскен келіншекті жақтырмаған әйел оның үйден кетуі үшін түрлі әрекеттерге барған көрінеді.

Кей кездері тіпті көріпкелдің көмегіне жүгініп, дуалап тастаған күндері де болыпты.

"Бұрынғы жолдасыммен жарты жылдай жүріп, үйлендік. Ресейден келген қазақтар болатын, аздап орысша тәрбиеленген отбасылардың қатарынан еді. Күйеуім енемнің жалғыз ұлы болғандықтан болар, ол мені алғашқы күннен бастап-ақ дұрыс қабылдамады. Ол аздай түрлі бақсы-балгерге апарып, жол ашқызатын. Сөйтсе ол жол ашқызбай, керісінше, дуалаған екен. Ол кезде жаспыз, қайда апарса да көніп жүре беретінмін. Бір күні аяғымның ауыр екенін білдім. Оны жолдасыма да, енеме де айттым. Бірақ қуанған адамдарды байқамадым. Енем керісінше, бұрынғыдан бетер тиісіп, мені одан сайын жек көріп кеткендей болды. Ақыр соңында балам туа бітті сал ауруыша шалдығып, үш айлығында шетінеп кетті", - дейді келіншек.

Жас ана баласының шетінеп кеткеніне әлі күнге дейін енесін кінәләйді екен.

"Аяғы ауыр адамды кім емші-тәуіптерге апарады, айтыңызшы? Қазір ойлап қарасам, сол кезде өзімді де, іштегі баламды да дуалап немесе қарғап тастаған шығар. Әттең ол кезде бала болдым, әйтпесе өлсем де айтқандарына көнбейтін едім.
Балам шетінеп кеткен соң күйеуіммен айырылысып, өз үйіме қайттым. Сөйтіп жүргенде қазіргі екінші күйеуімді кездестірдім. Одан балам бар, құдайға шүкір.

Кейін бір көріпкелге барғанда, менің бұрынғы үйімдегі төсегімнен түйрегіш пен бір уыс күріш табасың деді.

Бастапқыда сенбегенмін, бірақ кейін үйге барып қарасам, расында да төсектен әлгіндей заттардың шыққанын көріп шошыдым. Көріпкел айтқандай ол мені де, құрсақтағы баланы да дуалап тастаған екен.
Қазір екінші күйеуімнің енесі өте жақсы, кең адам.Бұрын күйеуде болғанымды ешқашан бетіме басқан емес. Керісінше маған барынша қолдау көрсетуге тырасады.

Ал әлгіндей әрекетке барған әйелді әлі күнге дейін кешірмеймін. Себебі тұла бойы тұңғышымды осылай айдың-күннің аманында жер жастандырды. Құдай өзі кешірсін ол адамды, басқа айтарым жоқ", - дейді Маржан.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста