Елес кезген елдімекендер

Жұмыр жердің жұмбағы көп. Ашылмаған сырлары да жетерлік. Тіпті адамзатқа үрей туғызатын жерлер де бар.

Бірақ соның барлығы ықылым заман өтсе де, әлі күнге дейін құпия күйінде қалып отыр. Өзінің мистикалық атмосферасымен адам баласы жақындаса, жұтып қоятын жерлер де көңілге қорқыныш ұялатады.

Елес мекендеген елдімекендер де аз емес. Адамдардың із-түссіз жоғалуы, корабльдердің көрінбей кетуі, заттардың аяқ астынан қозғалуында не сыр жатыр? Әлде, мұның барлығы адам баласының аруақ мекендеген жерді былғап, қорлағаннан туған мазасыздығы ма? Қалай айтқанда да, қазір осындай қорқынышты бір елес бар, бірақ сырын ешкім аша алмайды, әртүрлі болжамдар айтылады. Ақырында адамзат әйтеуір бір тылсым күштің барына сенеді де, қолын бір сілтеп, тыныш өмір сүруін ары қарай жалғастыра береді.

Бірақ жер шарында жұмбақ сырын аша қоймаған жерлер өте көп. Соның бірі – АҚШ-тың Вайоминг штатындағы Құбыжық мұнарасы. Ел осылай атап кеткен мұнараны шындығында қолмен қалап қойғандай, табиғат өзі тұрғызған. Бір қарағанда, шатқал тәрізді көрінгенімен, оның тылсым сыры жетерлік. Мамандардың айтуы бойынша, Құбыжық мұнарасы 200 миллион жылдан бері бар. Оған қатысты аңыз көп. Мұнара құбыжықтар мекендейтін жер болған деседі. Оны өздері тұрғызған, адамның қолымен жасалмаған. Ақиқатында, осыдан 200 миллион жыл бұрын мұны адам баласы жасады дегенге ешкім де сене алмайды. Ол Хеопс мұнарасынан 2,5 есе биік. Өткен ғасырда оның төбесінде кешкілік үнемі от жағылып тұрған деседі. Қазір ше? Мұнда қазір тек қана фантастикалық фильмдер түсіріледі.

Құбыжық мұнарасының төбесіне шығу қиын. Бірақ оған талпынғандар болған. XIX ғасырда оның төбесіне жергілікті тұрғынның бірі шыққан деседі. 1938 жылы Джек Дюрранс деген скалолаз бұл биіктікті бағындырған. Бірақ мұнараның төбесі жазық алаңқай емес, ұшақ қона алмайды. Тікұшақтың қонуға мүмкіндігі бар. Бірақ үнемі дауыл соғып тұратын алқаптағы желдің екпіні өте күшті. Сондықтан ол биіктікті бағындыруға екінің бірінің жүрегі дауалай бермейді.

Құбыжық мұнарасына үшінші ша­б­уыл­ды атақты парашютші Джордж Хопкинс жасады. Бірақ оның парашюті желдің екпінімен ауытқып кетіп, ол мұнараға қона алмады. Шатқалдардың арасына тұрып қалып, ол «құбыжықтардың тау-тасында» өмір сүруге мәжбүр болды. Оны тікұшақ арқылы жіберілген арқан ар­қылы көтеріп әкетпек болды. Құтқару әрекетінің бәрі де сәтсіз аяқталды. Тек қана өзіндегі азық-түлікпен күн көрген Джордж Хопкинсті бесінші күні ғана АҚШ-тан арнайы жеткен алпинистер тобы құтқарып алды. Мұнараны бағындырғысы келген парашютшіге жоғарыдан тікұшақтан тасталған тағам жетпей жатты. Оның рақатын атжалмандар мен тышқандар көрді. Хопкинсті құтқару үшін АҚШ-та құрылған арнайы комитет ақыры альпинистерді жіберді. 8 мыңдық биіктікті бағындырып үйренген альпинистер 390 метрлік мұнараға 3 сағаттан кейін әрең жетті.

Бірақ адам баласы мұнан кейін бұл жерге аяқ басқан жоқ. Өйткені біріншіден, өте қорқынышты. Екіншіден, оған шығу мүмкін емес. Үшін­ші­ден, адамзатқа тү­сі­­ніксіз көрінетін тыл­сым күш иелері мұнда бөг­де біреудің аяқ бас­қа­нын қаламайтын бо­лар. Құбыжықтар мұ­на­расының төбесінде анда-санда лаулап жана­тын отты кім жағып отыр? Әлде, көзге елес бо­лып көріне ме? Оны енді еш­кім айта алмайды.

Табиғаттың тыл­сым әсерінен пайда бол­ған Құбыжық мұ­на­расы жердің бетінде болса, Чехияның Йиг­лас қаласының маңында орналасқан ката­комбалардың жөні бөлек. Олар жердің астында орналасқан. Археологтардың айтуына қарағанда, Чехиядағы катакомбалар орта ғасырларда қазылған. Мұнда әр бағытқа қарай жүретін дәліздер бар. Түн жарымынан ауғанда осы дәліздерден үнемі әртүрлі дауыстар шығып тұрады. Әрине, қорқынышты. Адам сұлбасы болып көрінетін елес те бар. Бірақ зияны жоқ. Дегенмен 1996 жылы арнайы экспедиция келіп, жерасты дәліздерін бірнеше күн тексергенде, таңқаларлық жайларға да кезіккен. Ең бір қызығы, белгілі бір уақытта музыкалық аспаптан бір дауыс шығады. Бірақ ол қай жерде, оны ешкім білмейді. Екінші аңғарылған бір нәрсе, археологтар 10 метр тереңдіктегі жерасты дәлізінен бір-біріне қарай өтетін баспалдақты тапқан. Ол баспалдақтардың ернеуі үнемі жанып тұрады. Ол қалай жа­нады, ол жерде қандай да бір қуат көзі жоқ. Мүмкін қараңғылықта жанатын фос­фор шығар. Мұның сырын ғалымдар қаншалықты зерттесе де, таба алмаған. Қызғылт-қоңыр түс беретін баспалдақтың құпиясы осы күнге дейін беймәлім. Жерас­тын­дағы дәліздері өзгеше рең беретін, ара-арасында адамның сұлбасы көрініп қоятын елесі бар жерге кім жақындай қойсын?! Негізі, Чекияның катакомбасы жайлы көп дерек айтылмайды.

Әрине, елесі бар жерге кім өз еркімен жақындай қойсын?! Жапонияның Аоки­га­ха­ра орманы да бей-жай қарайтын жер емес. Мұны сонымен қатар «Ағаштар теңізі» деп те атайды. Мұнда мүлгіген тыныштық. Бірақ бұл тұрақтылық ұзаққа созыла қоймайды. Сәлден соң құлаққа жеткен әртүрлі дыбыс соңынан шуылға айналады. Артынан адамдардың жылаған даусы анық естіле бастайды. Аокигахара – атақты Фудзи-сан вулканының маңайында. Ең қорқыныштысы, қалың орман адамдардың өліміне толы. Өмірден күдерін үзген адамдар осында келіп, өздерін құрбандыққа шалып жібереді. 1950 жылдан бері Аокигахара орманында 500 адам өз-өзіне қол салған. 2002 жылдың өзінде аталған аралда 78 адамның бақилық болғаны жөнінде ақпарат бар. Неге жапондықтар осы жерге келіп өледі? Мұның сыры неде? Әртүрлі болжам бар. Біріншісіне назар аударатын болсақ, Seicho Macumoto атты жапон жазушысы өз романындағы екі кейіпкерді кітап же­­лісі бойынша осы қалың ну орманда өлтіреді. Екінші жорамал ортағасырлық кезеңді қамтиды. Ашаршылық жылдарында асы­рай алмаған соң, көптеген отбасы өлім аузын­дағы жаңа туған балалары мен ата-аналарын осында әкеліп тастаған деседі. Көп адам талғажау етуге тамақ таппай, осын­да өлген. Осының айғағы ретінде, ну орманның әр жерінде шашылып жатқан адам сүйектері жиі кездеседі.

Уфологтардың зерттеуіне қарағанда, орманда өз-өзіне қол салғандардың ара­сын­да кәсіпкер немесе галстук таққан шенеу­­ніктер көп болған. Егер орманға кірсеңіз, одан аман шығуыңыздың өзі неғайбіл. Турист ретінде қыдырып қайтуға болар, бірақ қолыңыздағы компастың өзі орманға кірген сәттен бастап істен шығады. Ең қорқыныштысы сол, жергілікті халық ну орманның ішінен түнімен шыңғырған адамдардың дауысын естіп жатады екен. Елес кезген орман ішінде, әсіресе, түнде жүру қауіпті деседі.

Әрине, кез келген жер киелі. Әсіресе, әруақты қорлауға болмайды. Бұл көмусіз қалған адамдардың жанайқайы шығар. Қа­лай айтқанда да, бұл адам қолымен жа­сал­ған нәрсе. Сондықтан оның зардабы да қатты болады. Негізі, адам тағдыры ойыншық емес қой.

Жалпы, бар құпиясын қойнына басқан, аңызға толы жерлер әлемнің әр бұрышында бар. Мысалы, Қытайдың оңтүстік бөлігінде тау алқабына ешкім жоламайды. Өйткені бұл төңіректе адамдар жиі жоғалып кетеді немесе апатты жағдайлар жиі орын алады. 1950 жылы осы маңда ұшақ құла­ғаны белгілі. Одан оншақты адам тірі қалған. Тіпті тосын жағдай орын алғаны туралы ұшқыштар хабарлап та үлгермегенге ұқсайды. Ақырында байланыс үзіліп, алдан қалың тұман көрінген де, ұшақ алқапқа келіп құлаған. Бірақ аман қалған оншақты адам тұман сейілген сәтте жоқ болып кеткен. Тек біреуі ғана тірі қалған. Болған оқиға кейін сол азаматтың айтуы бойынша жазылып алынған. Құлаған ұшақтан алқапта жұрнақ та қалмаған. Сонда апатқа ұшыраған жолаушылар мен алып ұшақ қалай із-түссіз кетті? Тірі қалған және қайтыс болған жолаушылар қайда? Оны ешкім айтып бере алмайды. Бірақ анықталмаған дерек бір болжамға келіп негізделеді: мамандар «бұл аймақ балама өркениетке апаратын жолмен түйіседі» деп отыр. Бірақ оны, шын мәнінде, ешкім анықтаған емес. Жорамал ғана.

Уфологтар осындай баламалы әлемге өтетін аймақ Мексиканың Чавинда өлке­сінде де бар деседі. Шын мәнінде, солай ма, жоқ па, мәселе онда емес. Бірақ көрген көз айтқанынан танбайды. 1990 жылдардың ортасында Чавинда қаласының маңында болған оқиғаны бүкіләлемдік БАҚ жарыса жазды. «Мұндағы тау алқабында үлкен қазына жасырылған» деген дерек ежелден бері айтылып келеді. Соны іздеуге шыққан экспедицияның алдынан ауаны көктей өтіп, салт атты шығады. Көз алдыңызға елестетіп көріңіз: ондаған көлікті тоқтатып, қарсы алдыңызда ауада қалқып салт атты адам сөйлеп тұрса… Мұны көрген экспедиция мүшелері шошып, бәрін тастап қаша жөнеледі. Бес минуттай тұрған салт атты «жолға шыққандардың райынан қайтуын» өтініп, көзден ғайып болады. Сол екі ортада жол жиегінде тұрған ондаған көліктің быт-шыты шығады. Тіпті бір көлік зым-зия жоқ болып кетеді. Көрінбейтін бір құдірет келіп, бір сәтте колонна бойында тұрған көліктерді қайта жөнделмейтін еткен. Осын­дай оқыс оқиға қайталана берген соң ғана барып, тау арнасынан қазына іздеушілер өздерінің әрекетінен мүлдем бас тартқан. Қазір ол жаққа алтын іздеп, ешкім бармайды.

Әлемнің әр қиырында жиі орын алатын мұндай тосын оқиғалар туралы әлі күнге дейін жиі әңгіме етілетіні рас. Анығы, бұл аңыз ба, елес пе, бұл екінші мәселе. Бі­рақ құдіретті бір тылсым күштің бар еке­нін ешкім де жоққа шығара алмайды. Дұры­сы, біз тыныш, өз қалпымен дамып жат­қан табиғатқа қарсы тосын қимыл жаса­ма­уы­мыз ғана керек.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

aikyn.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста