Шыңғырған сәби даусынан оянып кеттім. Үйдің іші қаракөлеңке. Қарасам кішкене қызым бөлмемнің ортасында сылқ-сылқ күліп немесе бар дауысымен шыңғырып шыркөбелек айналып ойнап жүр екен. Төсегімнің шетін ала отырған әйелім баланың ойынына қарап мәз болып тұрған соң жұбайыма кеиіп: «түн ортасында қызыңды айғайлатып үй-ішін басқа көтертіп неғып отырсың, қазір ол ұйықтап жатқандарды оятады ғой.
Оданда қызды төсегіне апарып ұйықтат» дедім де, қызыма «айғайлама үй жандарын оятасың» деп екінші қырыма аунап жата беріп, жүрегім тас төбеме шықты. Әйелім төсекте алаңсыз ұйықтап жатыр.
«О, ғаламат! Бұл кім болды?» деп төсегімнің шетінде отырған әйелге қарасам, ол да маған тесіле қарап отыр екен және бір қызығы ол әйел әйелімнің бейнесінен аумайтындығы. Сондай-ақ қыз да, қызымның бейнесінен аумай қалыпты. Осы кезде әйел маған бірдеңе деп айтқандай болып еді, бірақ алабұртып тұрған мен оның сөзін ести алмадым. Бойымдағы үрейді сабырға жеңдіріп, Ағұзу-Бисмиден бастап, дұғаларды оқи бастап едім, әйелім мен қызым бейнесіндегі «елестер» лезде көзден ғайып болды. Содан дұға, аяттарды оқып жатып, қалғып кетіппін.
Дереккөз: el24kz