Эппинген қаласындағы карнавалда 18 жастағы бойжеткен ауыр жарақат алды. Мыстан кемпір болып киінген екі адам бойжеткенді қайнап тұрған қазанға салып жіберген. Қазір құқық қорғаушылар күдіктілерді іздестіріп жатыр.
Қайнап тұрған қазан карнавалдық арбада тұрған. Күдіктілердің бірі бйожеткенді көтеріп, қазанның үстіне ұстаған. Ал екіншісі қазанның қақпағын алып тастаған. Салдарынан бойжеткен қатты күйіп қалған. Бірақ бұған карнавалға қатысушылар мән бермеген. Күдіктілер әлі табылған жоқ.