Сәлеметсіздер ме құрметті оқырман, аяулы, қыз-келіншектер! Мен де өз басымнан өткен жайтты айтып берейін. Былтыр осындай уақытта мені алып қашып кетті. Содан келісіп, алдымен құдалық, жазда тойымыз болды. Өзім бір жағынан оқып жүріп, жұмыс та істейтінмін. Күйеуім де жұмыс істейтін.
Тұрмысқа шыққан соң бір айдан кейін аяғым ауыр екенін білдім. Екеуіміз тіл табысып жақсы күліп ойнап жүретінбіз. Күйеуім көп сөйлемейтін, үндемейтін адам болатын. Күзде сабағымыз басталды. Ол да мен де 4 курста ниверситетте оқитынбыз. Күйеуім екеуміздің сабағымыз түске дейін болатын, содан кейін мен өз жұмысыма кететінмін. Ал күйеуім досымның үйінде боламын дейтін.Мен соған сеніп қала беріппін. Сөйтсем күйеуім өзінен 6 жас үлкен 3 баласы бар əйелмен жүрген екен.
Мен босандым, қыз тудым. Күйеуіме звандап шақырдым, мені перзентханадан шығарып үйге əкелді. Содан кейін көп ұзамай аяқ астынан "мен бұл үйде тұрмаймын, мен сені жақсы көрмеймін, мама папасына мен сендердің балаларың емеспін" деп кетіп қалды. Мен жаңадан босанып келгем, тіпті не істерімді білмей қалдым. Біраз күннен кейін күйеуімді əрең таптық. Ана əйел арқылы.
Сөйтсек күйеуім сол əйелдің балаларын қарап үйінде отыр екен, ал ол əйел болса өзі жұмыста екен. Ата-енем күйеуімді қол аяғын байлап үйге əкелді, күйеуім болса үйге келіп мен кетем, кетпесем, мені жібермесеңдер үйді өртеп кетем деді. Мынаның басын оқытқызып алған деп күйеуімді мама, папалар бір емшіге апарды сонда емші бұны жіберіңдер, жібермесеңдер бұл біреулеріңе қол жұмсайды, бұның басы істемейді, көзі ешнəрсені көрмейді деп айтты. Ана əйел басын дуалап тастаған, ол əйел өзі оқыған яғни қара магиямен айналысады деп айтыпты. Содан талай емшілерге барды бəрі басында емдеп береміз дейді ең соңында келгенде күшіміз жетпейді дейді
Міне, оның кеткеніне 4-5 ай болды. Звандасаң алмайды не қызына келіп көрмейді не істеп жатқан жұмысы жоқ, 4 жыл оқыған оқуы да қалды. Мен осы емделіп үйге келетін шығар деп өз мама папаларымада айтпаған болатынмын. Ана əйелге талай рет ата-енем звандап та айтты, ұрысты да мен ешнəрсе білмеймін, мен жасайтынымды жасап алдым деп телефонды қоя салады. Енді ол əйел ажырас деп жатқан сияқты. Осыдан бір апта бұрын күйеуім звандап сенімен ажырасам, алимент төлеймін депқұжаттарды əкел деп звандады. Мен оған ойланшы, ажырасу оңай ма, сені ана əйел оқытқызып алған десем оны ұғып тұрған жоқ. Түрінен түр жоқ, үсті кір-кір болып жүр. Содан екеумізде ажырасуға арыз жазып өткізіп қойдық. Мен мамама аға əпкеме айттым бар жағдайды. Үйге келіп сөйлесіп мен бұл үйде тұрмаймын кетемін деп айттым. Тəтем енді мына қызға көмектесіңдер, баласымен квартираға шығарыңдар ең болмаса бір жыл бала жасқа толғанша деп, ол күйеуінен пайда да жоқ не жұмыс істемесе алиментті қалай төлейді деп сенбейміз деп айтты. Еее, тағдыр деген осы екен ғой. Бір Алланың қолында. Енді не істеймін, білмеймін. Жақындарым, туысқандарым аман болса бұл қиыншылықтардан əлі ақ жеңіп шығам деп ойлаймын.
Аноним