Діндар әйел: "Дәретсіз ұйықтасаңыз, жынмен жыныстық қатынасқа түсесіз"

Діндар әйел: "Дәретсіз ұйықтасаңыз, жынмен жыныстық қатынасқа түсесіз"

Дін жолындағы әйелдің уағызы қыз-келіншектерді үрейлендіріп қойды, деп жазады Экспресс К.

 

 

TikTok-та тараған видеода діндар әйел дәрет алмаудың қорқынышты салдарын айтты. Оның сөзіне сенсек, қыз-келіншектер ұйықтар алдында дәрет алмаса, жындар жігіт кейпінде келіп, олармен жыныстық қатынасқа түседі екен.

 

 

Әсіресе, кәрі қыздар түсінде төсек қатынасына түсіп кетеді. Одан кейін өмірде ондай қызға басқа жігіттер келсе, жын соны қызғанып жақындатпауға тырысады. Азғырып, жолын жауып тастайды. Жалпы, түсімізде ұятсыз нәрсе көрсек, ол дәретсіздігімізден, — дейді ол.

 

Желідегі жұрттың бұл уағызға қатысты пікірі әр алуан.

 

"Масқара, мұны білмеппіз", "Миды уламаңдар", "Соны шайтан өзі келіп айтып кете ме, қайдан білесіңдер?", "Ұрғашы жындар еркектерге келе ме?", "Өте дұрыс айтады. Әжем солай дейтін", "Сөзінің жаны бар" — деп жазды көпшілік.

 

Біз осы сұрақпен Қостанай облыстық мешітінің имамдарына жүгінген едік. Діни қызметкерлер мұны жоққа шығарды.

 

Жалпы, Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбар дәрет алып ұйықтағанның ләзім екенін айтады. Ал дінде дәретсіз ұйықтағандар жынмен ойнастық жасайды деген нәрсе жоқ. Бұл кісінің айтып отырғаны ойдан шығарылған болуы керек, — дейді пәтуә бөлімінің қызметкері Дархан Манарбекұлы.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста