Бір кеңістіктен екінші кеңістікке өту заңын меңгерген Ишан

Сырдағы жұрт тағзым ететін киелі орындар жетерлік. Қармақшы топырағында жамбасы жерге тиген Марал баба Құрманұлы жайлы айтылатын аңыз-әпсана әлі күнге дейін елдің аузында жүр.

Марал бабамыз біздің санамыздан тыс жатқан тылсым күштердің құпиясына қанық болған дейді көнекөздер. Ол уақыт пен кеңістік арасында өз ықпалын жасай алға­нын аңғартады. 

Атадан жеткен аңыздарға қарағанда, Марал ишан кеңістіктің бірінен екіншісіне өту заңдылығын меңгерген екен. Ғалымдар кеңістіктің үш өлшемнен тұратынын айта­ды. Алайда оның одан да көп екені жайын­да пікір білдіріп жүргендер баршылық. Марал ишан оны екі ғасыр бұрын дәлелдей білді. Ғылыми жолмен айқындалған бұл дәлелге қарсы тұрарлық нақты тұжырым әлі де кездесе қойған жоқ. Қармақшы ауда­нында көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған Сәден Нұртаев бұл тұрғы­да көптеген зерттеулер жасады. Бұл жа­йын­да «Ислам және Марал баба» кітабын­да егжей-тегжейлі баяндады. Автор өз еңбегінде: «Әулиелерге Алланың берген сыйы сол – оларды керемет қасиеттің иесі етті. Оларға өзін қорғап жүретін және пай­да­ланатын аруақ берген. Соның арқасында ол адамдарға қол ұшын соза алды. Басқаша айтқанда, әулиелер – Жаратушы иемізге ісімен, ғибадатымен, мінез-құлқымен ұна­ған жандар болып табылады», – дейді.

Әрине, біздің санамыздан тыс жараты­лыс­қа сын көзбен қарайтын жұрт аз емес. Дегенмен ғалымдардың өзі ондай құбы­лыс­тарды мүлдем жоққа шығара алмайды. Әзірге бұл тұрғыда толыққанды ғылыми тұжырым жоқтың қасы. Қашаннан да қа­­с­иет қонған адамдарға құрмет көрсете бі­ле­тін халқымыз Марал ишан секілді ерек­ше адамдарды ардақтайды. 

Марал баба туралы тағы да бір аңыз бар. Ерекше жаратылыс иесі көз жұмғаннан кейін оның мүрдесін Сыр бойына алып келе жатады. Осы шаруаны атқарған адам­дарға жолда аялдауға тура келеді. Сол жер­ден құдықтар қазылады. Құдықтан шыққан су кейіннен бұлаққа айналады. Саялы ағаштар шығып, көлеңкелі абат бақ бола­ды. Осыған байланысты жергілікті жұрт ол құдықтардың басына түнейді екен. Көнекөз қариялардың айтуынша, сол бұлақтардан әлі күнге дейін адам аяғы үзілмейтін көріне­ді. 

Өзі өмір сүрген заманда қазақтарға Ресей патшалығы көз алартып жүрген. Бұл тұрғыда ишан ағайынға: «Ресейге қарап алаңдамаңдар. Өздерің бірігіп егін егіңдер. Сендерді егін байлыққа жеткізеді», – деп ақыл айтқан екен. Осының өзін сәуегейлік деп айтуға әбден болатындай. Қазақ халқы заманның тынысын тап басып, төрт түлікті түлетумен қатар, егін егуді кәсіп еткенде, ешкімге алақан жаймас па едік? Ресейдің отарына айналмауымыз да мүмкін бе еді? Халықтың басына төнген нәубеттен аман құтылар ма едік? 

Қазақтың басындағы болмысты тани білген Марал баба Құрманұлының әулиелік пәлсапасы тұрғысында ғалымдар оң баға­сын айтып жүр. Ғұлама өз жұртына жақсы­лық­тың нұрын шашуды көздеген.

Атақты бабаның кесенесі қазір Қармақ­шы ауданының аумағында жатыр. Оған елі­міздің түкпір-түкпірінен зиярат етіп ке­ле­тін ағайын аз емес. Әулие саналған ба­ба­ның басына келіп дұға жасайды. Алладан тілеуін тілейді. Дегенмен оған барар жол біраз қиындық алып келеді. Жүргінші ешқандай тас төселмеген соқпақ жолмен барады. Ол жауынды күндері қолайсыз болып жатады. Қазақтың кең даласында жатқан көптеген әулиелерге құрмет жасау – біздің парызымыз. Ендеше, өткенді өнеге еткен бүгінгі кезеңде сондай киелі орын­дарға барып-қайтуға қолайлы жағдай жа­сап жатқанымыз артық емес.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста