Қойлар балықты шөпше шайнап жеп қойды. Видеоға түсіріп тұрған адам оның дәрумен екенін айтады. Әлеуметтік желіде көпшілік бұрын-соңды мұндайды көрмегенін айтып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
"Міне, менің бауырымның қойлары лещ жеп жатыр", — дейді бейнежазба авторы. Оның сөзін қасындағы әйел "Тик-токқа жібереміз" деп жалғастырды.
Қызық жағдайды түсіріп алған адам қойлардың қазақы тұқым екенін айтады. Сондай-ақ видеода Қарақұм деген елді мекеннің аты аталған.