Ажал...

«Адам ажалын сезеді екен», «Алла өлімді сездіртеді екен» деген сынды әңгімелер жиі айтылады. Расымен қай күні пәниден бақиға өтетінін адамдар біліп кететін болғаны ма?

Ағам қайтыс боларының алдында маған хат жазып, поштаға салып жібермекші екен. Үлгермепті. Сөздері құдды қоштасып жатқандай. Кейбір сөздердің тұсында жазу қисайыңқырап кетіпті. Толқып кеткен болар…

Ағам қайтыс болғанда нағашы апайым шешемді жұбатуға келді. Қасында бірнеше апта болып, басу айтты. Апайым «Бүгін балам деп жылап отырсың. Ертең бауырым деп жылайсың-ау» деген астарлы сөздерді айтып қалыпты. Сонда анам жылап отырып мағынасына терең үңілмеген болар. Арада үш ай өткенде нағашы апайым қайтыс болды. Төсегінде ұйықтап кетіпті. «Ой, бауырымдап» жылаған анам апасының сөздерін есіне алды. Ол кісі де сезген болды-ау шамасы.

Құрбым басқа қалада жұмыс істеп жатқан. Келген сайын дос-жарандарының үйіне бас сұқпай кетпейтін. Ақжарқын қыз еді. Үнемі асығыс жүретін. Бұл жолы да бәрінің үйіне кіріп шықты. Онысымен қоймай құрбыларын вокзалға ерте кетті. «Мені шығарып салыңдар!» деп Астанадан келіп жатқан құрбысын да шақыртып, бірін-бірі танымайтын достарының басын қосты. Жайраңдаған күйі поездға отырып кеткен. Соңғы көруіміз екен. Үш күннен соң суыт хабар жетті.

Расында, дәм-тұзы таусыларын күн ілгері сезіп, тіпті өлімі неден боларын болжағандар аз емес көрінеді. Мұқағали ақын ауруханада жатқанда «Өзімнің есебімде, ұйықтап кетсем болғаны төсегімде, дәл қырықтың бесеуінде» деп жазыпты. Ақын дүние салатын 1976 жылы оның «Өмірдастан» жинағы жарық көрді. Сонда ақын кітаптарын құрбы-құрдастарына үлестіріп жатып, кітапқа 27 наурыз деп қолтаңба қойған екен. Бірақ бұл қыс айы болатын. Ақын сол жылдың өзі айтқан күнінде, дәл қырық бес жасында қайтпас сапарға аттанады.

Әйгілі орыс ақыны Николай Гумилев түсінде 3 және 5 сандарын көргенін жары Анна Ахматоваға айтады. Сөйтіп ақын өзін отыз бес не елу үш жасында дүниеден көшетін шығармын деп ойлайды. Айтса айтқанындай, ұлы ақын небәрі отыз бес жасында қайтыс болады.

Мұндай мысалдар көп-ақ. Бұл кездейсоқтық па, әлде?!.


otarka.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста