Әулиелер әлемі 3

Әулиелер әлемі 3

Әулиелер тарихына үңілер болсаңыз, оларға тән тағы бір оғаш қасиет – олардың елден жырақ жападан-жалғыз жүруі, тау-тас, жапан дүз аралап кісі-киік тірлік кешуі. Мұхаммед (с.ғ.с.) қырыққа келгенде Қира тауындағы тас үңгірге барып жатып алды. Жебірейіл арқылы аян оған сол тауда келді. Мұса (с.ғ.с.)Құдайтағаладан аянды Синай тауында алды. Будда болса дала кезіп келе жатып, шаршап-шалдығып Ботха ағашының түбінде жатқанда нұрланды. Бағдадтық әйгілі әйел сопы Рабия құм арасында жападан-жалғыз отырып Құдайға құлшылық етіпті. Ясауи әулие пайғамбар жасына жеткенде бұл дүниеден баз кешті. Көзі тірісінде жер астына түсті. Қалған өмірін жападан-жалғыз намазбен қылуетте өткізді. Пір Бекет Ақмешіттегі үңгірінде айлап жалғыз қалады екен. Шәкәрім қажы да өмірінің соңын елден жырақ жапан дүзде өткізген. Тарихта әулиелер өмірінен мұндай мысалдар шаш-етектен. Тізе беруге болады. Сонда бұл не? Мұны қалай түсінуге болады? Бұл жәйлі сопылардың өздері не дейді? Құлақ түрелік.
ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында өмір сүрген үндінің ұлы кемеңгері Әзірет Инаят Хан сопы өзінің «Бақыт алхимиясы» кітабында былай дейді: «Мына құжынаған тіршілік базарында жүріп жаны байыз таппаған ұлылар неге жалғыз қаңғып жапан дүз аралап кететін болған? Оның себебі, олар сол жапан дүз төсінде ұлы тыныштық аясында отырып кең дүние тынысынан еркін тыныстайтын болған».
Сонымен, сопы құла дүзде отыр делік. Не тау-тас арасында үңгірде отыр. Сонда ол әлемді аузына қарататын құпия білімді қайдан алады? Құла дүзде әлем ақпараты жинақталған кітапхана жоқ. «Білімсіз құпия құдіретке жету мүмкін бе?» деген сауал туындайды. Шынында да, білімсіз құпия құдіретке жету мүмкін бе? Бірақ, білім дегенде біздің көз алдымызға келетін – кітапхана, интернет. Біз білімнің басқа бір басты қайнар көзін ұмытқанбыз. Ол – адам санасына Жаратушы салған құпия білім қоры. Біз сол қордың көзін ашуды әлдеқашан ұмытқанбыз. Алайда, біздің алыс ата-бабаларымыз сол қордан білім алған. Сол қайнардың көзін ашып, илаһи білімнен сусындаған. Сопылар сол илаһи білімнен сусындап әулиелік қасиеттерге ие болған. Сондықтан да Мұхаммед (с.ғ.с.) «Өзін таныған адам Раббысын да таниды», деді. Тағы да таң қаласыз. «Кітапсыз, интернетсіз ол неғылған білім, адам санасында тұрған?!» деп. Сабыр етіңіз. Пайғамбар: «Өзін таныған адам Раббысын да таниды» деп бекер айтпаған. Осы хадис тереңіне үңіліп көрелікші! Пайғамбар не үшін олай деді? Мұның жауабы – Құранда. Құранда Алла тағала адамды бірнеше рет өзінің Жер бетіндегі орынбасары атайды. Бірнеше рет адам баласына қаратып: «Біз сендерге жүректеріңнің қан тамырларынан да жақынбыз» дейді. Бұл аят нені мегзейді?! Бұл – Жаратушы адамның жанында, жүрегінде деген сөз емес пе?! Осы тоқтамға тарихта талай данагөйлер тоқтаған. Ендеше, жалғыздықпен бетпе-бет қалған тақуа Алла деп зікір айтып отырып өз жан-жүрегіне терең бойлаған. Жан-жүрегі арқылы Жаратушысына жақындаған.
Ақиқатқа жақындаған. Инаят Хан: «Суфизм неге үйретеді? Өз жүрегіңе терең бойлауға үйретеді. Сол арқылы болмыс-бітіміңді Алла нұрына толтыруға үйретеді», дейді. Ал, тағы бір ұлы сопы, парсы текті түрік ақыны Жалалиддин Руми (ХІІІ ғ.): «Егер сіз махаббат жолына түскен болсаңыз, түптің-түбінде сол жол сізді махаббаттың қайнар көзі – Аллаңызға алып келеді», дейді.
Барлық білім кілті – Оның қолында. Бірақ, Оған қалай жетесіз? Оған деген риясыз махаббат, риясыз сеніммен жетесіз. Оған деген құлшылық, сенім, шексіз махаббат қана сізді ақиқат әлеміне әкеледі. Оның құпия біліміне алып келеді. Ол әлемге есікті сіз тек махаббатқа толы өз жүрегіңізбен аша аласыз.Тазарған, нұрға толған жүрегіңізбен. Алдыңызда сонда ақиқат әлемі ашылады. Былайғы жұртқа беймәлім әлем. Ол әлемді ашса, сол – әулие. «Құла дүзде отырып әулиелер білімді қайдан алады?» деген сұраққа жауап осы.
Аллаға деген риясыз махаббат сөз болды. Бұл – әулиелерге тән басты қасиет. Олардың Жер бетінде жинаған басты байлығы. Сондықтан да бағдадтық әулие әйел сопы Рабия айтқан мына бір зікір соңғылықта сопылар ұранына айналыпты. Рабия не деген еді: «Ей, Жаратушым! Егер мен жәннатқа кіру үшін ғана Өзіңе жалбарынып жүрсем, онда мен үшін жәннаттың есігі жабық болсын! Егер мен тозақ оттарынан қорыққаннан ғана Өзіңе құлшылық етіп жүрсем, онда мені тозақ отына таста! Мен күндіз-түні Өзіңе жалбарынсам, бір-ақ нәрсе үшін жалбарынам. Сенің дидарыңды Бақида көру үшін жалбарынам!» деген екен.
Дүние танудың екі жолы – ғылыми және мистикалық жолы туралы әңгіме болып отыр. Жаратушы сол екі жолдың екеуін де адам баласы алдына ашып қойыпты. Дүниетанымның осы екі жолының екеуі де түптің-түбінде адам баласын Жаратушы ақиқатына алып келеді екен. Алайда, бұл екеуінің айырмашылығы жер мен көктей.
Әйгілі сопы, парсы ғұламасы Әл-Ғазали (ХІ ғ) әулиелер мен кітаби ғалымдар айырмашылығын төмендегідей түсіндірген: «Ересектер әлемін сәби қалай түсіне алмайтын болса, кітаби ғалымдар да әулиелер әлемін солай түсіне алмайды» (Ыдырыс Шах. «Сопылар жолы»). Алайда, былайғы жұрт жасай алмайтын кереметтерді көрсетушілердің бәрі бірдей әулие емес. Бір күні Бұхар әмірі бір мереке үстінде өнер көрсеткен сырттан келген кезбе сиқыршылар өнеріне таң-тамаша қалыпты. Әмір жанында отырған сопылардың пірі, ұлы әулие Бахауаддин Накшбандыға (ХІV ғ) бұрылып: «Осы кереметтерді сіз де жасай аласыз ба?» дейді. Сонда әйгілі сопы қалың жұрттың алдына шығып сиқыршылардың көзбояушылық өнерлерін өздеріне қайталап беріп, олардың көзбояушылық сырының құпиясын әшкерелейді. Әулиелік пен көзбояушылықтың аражігін ашып көрсетеді.

(Жалғасы бар)

egemen.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста