Астананың қақ ортасындағы үйді елес кезіп жүргені рас па? (фото)

Елорданың қақ ортасында бой көтерген "Байқоңыр" тұрғын-үй кешенінде екі жыл қатарынан қайғылы оқиға орын алған еді. Әр жылдары қос бойжеткен зәулім үйдің жоғары қабаттарынан секіріп кетіп, жан тәсілім еткен-ді. Содан бері көп қабатты үй тұрғындарының да мазасы кеткен. Олардың бірі үйді "әруақ бар" десе, енді бірі "берекесі кеткен баспана" дейді. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бауыржан Момышұлы көшесінің бойынан орын тепкен зәулім үйдің сырт келбеті бір қарағанда найзаның ұшын немесе зымыранды еске салады. Тұрғындар бастапқыда бәрі тыныш болғанымен, "мәселенің бәрі" кейін пайда боды дейді.

"2016 жылы ғой деймін, осы үйден өрт шықты. Одан кейін 22 қабаттан қыз секіріп, құлап өлді. Сосын тағы бір жылдан кейін өрімдей бойжеткен өз-өзіне қол салды. Бірінші жылы-ақ ауыз ашар бергенбіз. Білмеймін қазір тынышталған сияқты еді. Бірақ өткенде осында тұратын көршілеріміз бір әңгіме айтқанда таңғалдым. Үйге келіп, қонақ болған кезде "түн уақытында неге далаға жиі шығып, лифтпен көп жүресіздер?" деп сұрады. Себебі, қазір біздің қабатта бізден басқа пәтер иелері жоқ. Басқалардың бәрінде – квартиранттар. Бірнеше апта болды, олар да көшіп кеткен. Балам да, келінім де жұмыста, немелерім ертемен сабаққа барады. Сонда ол лифтпен түн уақытында жүретін кім деп қалдық? Көршілеріміз лифттің ашылып-жабылғаны, онымен біреу жүргені бәрі естіліп тұрады дейді. Астананың үйлерінің қабырғалары жұқа ғой, естілсе естілетін шығар. Бірақ ол кім болды екен?", - деп таңданысын жасырмады көп қабатты үйде тұратын зейнеткер әжейдің бірі.

Ал балаларымен аулада серуендеп жүрген бір топ жас аналар болса, кей кездері подъезде ыңылдаған дыбыс шығып тұратынын алға тартты.

"Жел жоқ күндері де бірдеңе ызыңдап тұрады. Мүмкін дұрыс бекітілмеген тесік үшін осындай дыбыс шығып тұратын шығар. Кім білсін? Басқа мистикалық ештеңе байқамадық. Әрине қалада екі бірдей қыздың өз-өзіне қол салған тұрғын-үй ретінде атымыз шықты. Ондай қайғылы жағдайдың өз үйінде орын алғанын кім қалайды дейсіз? Барлық жерде бісмилля деп жүру керек. Әсіресе көктем, күз уақытында", - деді олар.

Сонымен бірге, үй тұрғындарының кейбірі алдағы ораза айында қаза болған қыздардың аруғына арнап құран бағыштап, ауыз ашар беру қажеттігін атап өтті. Айтуларынша, сонда ғана үйдегі түсініксіз жайттардың бәрі тынышталады екен.

Десе де, сән-сәулеті келіскен үйде расымен әруақтың бар-жоғы әзірге беймәлім. "Жұрттар айта береді, құдай сақтасын. Өліден емес, қазіргі заманда тіріден қорқу керек",-деп әңгімелерін аяқтады тұрғындардың кейбірі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста