Әруақ шақырам деп тілін жұтып қойған жігіт

Өмірдің тылсым тұстары өте көп. Кейде біз қаласақта, қаламасақта өмірде кездесіп қалып жатады. Тылсымдықты таңсық көретін жастар бұл дүниеден бақилық болып о дүниеде байыз тапқан аруақтардың рухын шақырып өмірін болжатқызып жатады. Бұл істерінің дұрыс емес екендігін біле тұра, сондай қадамдарға баратын көбінесе қызыққа жаны құмар студенттер. Осы тектес тылсым оқиғалар ескі үйлерде де байқалып жататын көрінеді.

 

Ендеше бастарынан осыған ұқсас жайттар өткен бірнеше кісінің оқиғаларын оқып көрейік.

 

Гүлнұр( СММИ-ның студенті) - Менің өз басымнан тылсым оқиға өткен жоқ. Бірақ дүниеде тылсым күштің бар екеніне сенем. Бірде, бірге оқитын құрбымның айтып берген оқиғасынан кейін тылсым күшке сенімім арта түсті. Құрбымның ағасы Алматы қаласында тұратын. Бір күні ағасының досы «Қыздар аруақтарды шақырып болашақ жұбайларының кім екенін біледі екен, екеуімізде аруақ шақырып көрейік» деп ұсыныс тастайды. Сол мезетте оған бұл қызық көрінген құрбымның ағасы, келісе кетеді. Сосын екеуі түнгі сағат 12-де жарықты сөндіріп, үлкен айнаның алдына шырақ жағып, аруақтарды шақыра бастайды. Құрбымның ағасы ашық-жарқын жігіт болған екен. Ол «Бірінші мен жарымның кім екенін білейін» деп айнаның алдына отыра қалыпты. Аруақты ойыншық көріп күліп отырған жігіттің сәлден соң жанары кең ашылып, тілден қалғандай мелшиіп қатып қалған көрінеді. Оның бұл отырысынан секем алған досы оны бас салып иығынан жұлқыласа да отырған орнынан қозғалмай қойыпты. Сол уақытта жарықты жақса тылсымдық күші жойлатынын білетін ол, жалма-жан жарықты жағып қалған екен. Кенет досының өң-түссіз боп-боз болып жерге құлап бара жатқанын көріпті. Содан бері құрбымның ағасы тілден қалып, мәңгүрттік күй кешіп жүр екен. Ал оның айнадан не көргенін, неден қатты қорыққанын ешкім білмейді.

 

Роза ( медбике) - Өмірде тылсым күш бар деп ойлаймын. Оны жоқ деп ешкім дәлелдеген жоқ. Менің басымнан өткен бұл оқиға әлі бүгінгідей көз алдымда. Ол кезде жаңа отау құрған кезіміз. Қалаға келіп пәтер жалдадық. Төрт бөлмелі пәтерге екі жанұя қатар тұра бастадық. Үй қожайыны кетерінде ортаңғы бөлмедегі қабырғаға бекітілген сөреге тиіспеуімізді ескертті. Ол кезде оған аса мән беріп неге екенін сұрамадық. Бірде күйеуіміз екеуіміз кешке қарай ол сөрені алып тастамақ болып ары-бері әурелеп көрген едік, дәп бір қабырғаға жабысып қалғандай міз бақпады. Сосын жайына қалдырған болатынбыз. Бір күні бәріміз шырт ұйқыда жатқан едік, ауыз үйден бірнәрсенің қатты құлаған, сондай-ақ ыдыс-аяқтың сынған дыбысы шықты. Қатты шошып екі жанұя мүшелері атып шықтық, қарасақ ортада күйеуім жұлқылап ала алмай қойған сөре, шегелерімен бірге қопарылып ортада жатыр, ішіндегі ыдыстар күлдей болып сынған, ал сөренің ішінде бұрыннан тұрған кеселер бүтін күйде. Сөйтсек, бізбен көрші тұратын келіншек сөреге өз ыдыстарын қойып, ондағы кеселерді ығыстырып жинап тастаған екен. Сол күннен бастап екі үйден тыныштық кетті. Түн бола бастаса, ас үйден әлдеқандай түсініксіз дыбыстар шығып, ұйқымыз бұзылды. Бәріміз түнде бастығырылып ұйықтай алмайтын болдық. Сол үйде тылсым күштің бары анық. Содан кейін ол үйден көшіп кеттік.

 

Архат (жүргізуші) - Өмірде біз түсіндіре алмайтын тылсым күштің бары анық. Мен өзім оған сенемін. Бұл таңғажайып оқиғаны басымнан өткерген уақытта онша мән бермеген екенмін. Қазірде есіме түссе таңғалысымды жасыра алмаймын. Алтынбек деген досым бар еді, қазір марқұм болып кетті. Алтынбек бәріміз бас қосып отырған да, ол әрдайым « Жігіттер менің өлімім көлік апатынан болады, мен оны әрдайым өң мен түстің арасында жатып көрем» деп айтатын. Біз оған ішіп алып қайдағыны айтасың деп әзілге бұрып жіберетінбіз. Бір күні ол мені жеке шақырып алды да « Архат, бүгін мен өзімді тағы көрдім, анық көрдім. Ақ жайманың үстінде жатыр екенмін, қан-жоса болып, түрімді адам танымайды. Шошып оянғандай болып едім, денеме келіп әлдене кірген сияқты болды. Досым, расымен сезіп жүрмін, маған бірдене болады» деді. Оның түрінен қобалжып тұрғанын байқап, не дерімді білмей « Түс түлкінің тезегі ғой, жақсылыққа жоры» дей беріппін. Сол айтқан сөздерінен кейін бір апта өтпей-ақ суыт хабар жетті. Ауылға кетіп бара жатқан Алтынбектің көлігі, жүк көлігіне соғылып қаза болыпты. Оның денесін көрген кезімде, дәл өзі айтқандай адам танығысыз екен. Сонда тылсым күш болмаса Алтынбекке өз өлімінін ескертіп жүрген не болды?

 

Бұл бір–екі кісінің айтып берген оқиғасы ғана. Ал осы тектес оқиғалар жетіп артылады. Дегенмен дүниеде тылсым күштің бары анық. Ал сіз тылсым күштерге сенесізбе?

(Тақырыбы өзгертілді)

 

 

Жаннұр САХАРИЕВА

massaget.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста