Әлемдегі ең қорқынышты жерлер

Заман ағымы өзгерген сайын, өмірге деген көзқарасымыз да сан қилы. Бұрындары, саяхатшылар ел көргеніне риза болса, қазір жұмсаған қаражатына сай, ерекше әсер мен естен кетпес сапар күтетіні рас. Бұл орайда, әлемдік туристік аймақтар арасында сұранысқа ие - «ең қорқынышты жерлер». Біз де әлемдегі ең қорқынышты жерлердің шеруін жасап көріп едік. Тізімде туристердің баға беруі және жергілікті халықтың аңызы бойынша ең қорқынышты аймақтар.
Винчестер үйі. Сан Хосе. АҚШ
Винчестер үйі – ең үлкен үй және әлемдегі ең қорқынышты жерлердің бірі. Үй 160 бөлмеден, 40 баспалдақтан тұрады. Үй Калифорниядағы Сан-Хоседе орналасқан. Бұл үйде кезінде жесір әйел тұрған, аңыз – елестер отбасы жайлы болмақ. Басынан бастасақ, Сараның күйеуі Винчестер өте дәулетті кісі болады.Ол қайтыс болған соң, оның бар дүние-мүлкі әйеліне, яғни Сараға қалады. Күндердің күнінде Сараға әр түрлі елестер көрініп, тыныштығы бұзыла бастайды. Көріпкелдерге бұл жағдайды жорыта келе, Винчестер әулетінің қарғысқа ұшырағанын біледі. Қарғыстан құтылу үшін Сараға өзінің бүкіл өмірінде құрылысы аяқталмайтын үлкен үй салуға кеңес береді.
Бұған жайдан-жай қарай алмаған Сара Калифорниядан үй сатып алып, құрылысты қайта бастайды. Үйге жаңа көптеген бөлмелер, баспалдақтар қосады. Үйде құпия бөлмелер мен балкондар көбейді. Баспалдақтардың көбі ешқайда алып бармады. Үй күннен-күнге үлкейе берді. Осылай үй құрылысы 38 жылға созылды. Қазіргі кезде бұл үй туристер мекеніне айналды. Туристерге топтан бөлек жүруге тиым салынған. Себебі бірден адасып кетері анық. Әлі де болса, құпия бөлмелерде елестер құрбандарын күтіп жатыр деген сенімнің бары да өтірік емес.
Сан Жи – елестер қаласы
Тайваньда теңіз жағасында арнайы байларға арналған демалыс орны салынады. Құрылыс кезінде көптеген қайғылы оқиғалар орын алады. Жұмысшылар құпия жағдайда жан тапсыра бастайды. Бірі жоғарыдан құлап мойындарын сындырған не қайтыс болған, енді бірінің беліне байлаған қауіпсіздік белбеулері өздігінен үзілген. Ел арасында қорқынышты әңгімелер пайда бола бастайды. Осыларға қарамастан құрылыс бітіп, ашылу рәсімі де болады. Бірақ демалыс орнына туристер аяқ баса қоймады.
Жобаны құрастырған адамдар, бұл жобамен үлкен қаржыға қол жеткіземіз деп үміттенеді. Бірақ бәрінің күлі көкке ұшты. Керемет демалыс орнына айналады деп күткен жер әп-сәтте елестер қаласына айналып шыға келеді. Жағажайлар, қонақ үйлер бос қалады. Арамшөп өсе бастады. Ел арасындағы қауіпті жоймақ ниетте, жергіліктті билік курортты жермен жексен етуге шешім қабылдады. Бірақ сол жердегі халық бұл шешімге қарсы шықты. Егер курортты жоятын болса, ондағы елестер ол жерден шығып, жаңа қоныс іздей бастайды деген қорқынышта екенін жасырмады.
Джатинга
Индияның Ассам штаты, Джатинга ауылында орналасқан, құстар үшін ең қорқынышты жердің бірі. Жергілікті тұрғындар бұл жерді “құстар моласы” деп атайды. Жыл сайын тамыз айында үлкен құстар ауыр жағдайда қатты дауыс шығарып осы жерге құлайды екен. Көбі сол жерде өліп қалады. Қалғандары қайтадан қалпына келіп, ұшып кетеді. Бұл бірнеше күнге созылады екен.
Жергілікті халық кешкісін от жағып, аспаннан жауған сұмдықты тамашалайтын көрінеді. Индиялықтардың сөзіне сенсек, бұл – аспаннап жауған әділдік сыйы. Ғалымдар бұл түсініксіз жайттың әлі де нақты себебін түсіндіріп бере алмай отыр. Бір ғалымдар, құстар таудың өте күшті желіне шыдай алмай, күштері таусылады, жел оларды ауылдың маңына апарып тастайды деседі. Енді бірі бұл жерді географиялық орнымен түсіндіреді.
Қуыршақтар аралы
Тағы бір қорқынышты жер – Мексикада орналасқан. Аралға жету үшін Сочимилько каналын пайдаланып, қайықта барады. Анықтап қарасаң, бұл жердегі қуыршақтарды Чакидегі қанішер қуыршақтармен салыстыруға болады. Аралдың әрбір жерінен, әрбір ағашынан басы жарылған, көзі жоқ, қол-аяқтары жыртылған қорқынышты қуыршақтарды кездестіруге болады. Барлық осы көріністі ұйымдастырған – Джулиан Баррера. Оқиғаның басына оралар болсақ, оқыста ол каналға батып кеткен кішкентай қыздың қуыршағын тауып алады. Жігіт бұл қуыршақ иесінің елесімен байланысты деп есептеп, оның аралда болғанын қалайды. Ал кейіннен ол осылай бірнеше қуыршақтар кезіктіреді.
Не керек ол иесіз қалған қуыршақтарды 50 жыл бойы жинап келген. Жігіт аралды нағыз қорқыныш мекеніне айналдырып жіберді. Қуыршақтар саны күн санап өсе берді. Күндердің күнінде судың деңгейі көтеріліп, арал су астында қалып, бірақ тез арада қайта қалпына келеді. Қызығы арал тұрғындары іс-түссіз ғайып болады. Ал ол жайлы тек қуыршақтар ғана хабар берердей көрінгендіктен, арал кез-келген адамға күдік пен үрей ұялатады.
Мэри Кинг. Эдинбург
Құрметті, дәулетті кісінің есімімен Эдинбургтегі бірнеше үйлерден құралған аудан “Мэри Кинг ауданы” деп аталды. Аудан 400 жыл алдын Эдинбургтегі ең көрікті жерлердің бірі болды. Бұл жердегі сұлулық пен тыныштық оба (чума) ауруы басталысымен ғайып болды. Аңызға сенсек, ауру тарасымен одан құтылу мақсатында жергілікті билік чума тараған жерді, яғни ауданды адамдарымен бірге өртеп жібереді. Аудан халқы жайдан-жай қырылып қалады. Олардың арасында Энни есімді кішкене қыз да болады. Оны ата-анасынан айырып, өртейтін жерге қамап қояды. Қыз азаптана жан тапсырады. Бұл оқиғаның бізге жеткен бір бөлігі ғана.
Қазіргі күнде бұл жер әдемі қалаға айналған. Туристер жиі саяхаттайтын жерлердің бірі. Бірақ күні бүгінге дейін қаладағы қорқыныш әлі де болсын тыйылмаған. Туристерге жолнұсқаусыз қала араламауға кеңес береді. Қалада елестер толып жүр деген әңгімелер де жетерлік. Тіпті кейбірі өздеріне кішкентай Энни елесі тізерлеп жалынып тұрғаны көрінгенін де айтып жатады.
Повелья аралы. Италия
Кішкентай арал Винецияның айналасында орналасқан. Өзінің тамаша сұлулығына қарамастан, бұл жер қорқыныш мекеніне жатады. XIV ғасырда аралға “қара өліммен” (чума) ауырған адамдарды тасып, көмген не болмаса тірідей өртеген. Аралға бірнеше жылдар бойы осылай адамдарды көмумен болған.
Кейбір деректерде аралдағы топырақтың тең жартысы адамның күлінен құралған деседі. Бірақ сұмдық мұнымен бітпек емес. 1922 жылы мұнда жүйке ауруларын емдейтін емхана салынады. Көп уақыт өтпей жатып, емделушілер бастарының қатты ауыратынын, емханада елестер барын айтып шағымданады. Бірақ, бұл сөздерге бас дәрігер назар да аудармайды. Қайта бұл жағдайды өз пайдасына тиімді пайдаланып кетеді. Емделушілерге нейролептиктің үлкен дозасын салып, оларға өз тәжірибесін жүргізеді. Бірақ соңында өзі де сол жерде есінен ауысқан деседі.
Қазіргі күнде аралда әлі де болса емхананың ескі ғимараты, медициналық құралдар, кереуеттер сақталған.
Аокигахара орманы. Жапония
Күншығыс елінің қорқынышты жерлері кез-келген адамды таң қалдырмай қоймайды. Оның ішінде ерекшесі – Фудзи тауында орналасқан Аокигахара ну орманы. Орман ағаштарының түбі ешқашан күн көзін көрмеген. Ішінде компас жұмыс істемейді. 1950 жылдары орманда 500-ге жуық адам өз-өзіне қол жұмсаған. Жапондар орманды “өзін-өзі өлтіру аралы” деп атаған. Құрбандар саны бойынша орман әлемде екінші орын алады. (Бірінші орын – Сан-Францискодағы “Алтын қақпа” көпірі)
Орман териториясының кез-келген бұрышынан өзін-өзі өлтіруге қарсы әсерлі сөздерді кездестіруге болады. Мысалы, достасуға шақыратын телефон номерлері, “туыстарың мен жақын достарыңды ойла” деген тақтайшаға жазылған сөздер. Орманның барлық жеріне бақылау орнатылғанымен, құрбандар саны азаяр емес. Ал туристер болса, үнемі дәрі ішіп немесе арқанға асылып қалған мәйіттерге кезігіп жатады.
Овертоун көпірі. Шотландия
Ескі көпір шотландияның Милтон ауылына жақын жерде орналасқан. XX ғасырда көпірде түсініксіз жайттар көбейе бастайды. 10-ға жуық ит өз еркімен 15 метрлік көпірден секіріп, жан тапсырған. Одан аман қалғандары көпірге барып, қайта секірген. Қызығы өлген иттердің бәрі бір жерде жан тапсырған. Көпір төртаяқтылардың нағыз ажал мекеніне айналған.
https://columnist.kz
 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста