Әлемдегі ең алып табанды адам (видео)

Әлемде талай қызық бар. Дүниежүзіндегі ең алып табанды адам Венесуэлада тұрады. 20 жастағы жігіт Гиннестің биылғы рекордтар кітабына енді. Бұл –венесуэлалық 20 жастағы Джейсон Родригез. Жер бетіндегі 7 миллиард адамның ішінде осы жігіттің табаны табақтай. Оның оң жақ табанының ұзындығы 40 сантиметрден асса, сол жағы сәл ғана қысқа. Бірақ ерекше аяққа ие болудың азабын тек Родригез ғана біледі. Джейсон Родригез, Гиннестің Рекордтар кітабына енген адам: - Мектепте мені мазақтап, намысыма тиетін. Тіпті мені соққының астына алатын. Негізі сабағымды сүйіп оқыдым. Сыныпқа барғанда қасымда анамның қалғанын қаладым. Себебі басқалар үзіліс кезінде мені ойыншыққа айналдыратын. Осылай азап шегіп жүргенде Родригез Германиядағы аяқ киім тігетін атақты шебер Георг Вессельстің көзіне түседі. Венесуэлада саяхаттап жүрген неміс азаматы алып табанды жігітті Гиннестің рекордтар кітабына ұсыныпты. Джейсон Родригез, Гиннестің рекордтар кітабына енген адам: - 14 жасымнан бастап менің аяқ киімімді шалбарымның материалдарынан тігетін болды. Бұл іс 3 аптаға дейін созылады. Осы уақыт ішінде жалаң аяқ жүруге мәжбүрмін. Басқа адамдарға қарап «Көлемі бірқалыпты аяқ киім киіп, алаңсыз жүрсем ғой» деп қызығатынмын. Төрт баланың кенжесі Родригез 10 жасқа дейін елден бұлай бөлектенбеген. Кейін басы қатты ауыра бастаған соң ата-анасы оны дәрігерге көрсетіпті. Амалиа де Родригез, Джейсон Родригездің анасы: - Дәрігерлер Джейсонды қарап, онда аса белсенді гипофиз барын анықтады. Бәрімізде де без бар. Бірақ ол Джейсонда ерте пайда болып, тез дамыды. Гипофиз – бас миының ішіндегі үстеме өсінді. Ол өсу гормонын бөледі. Осы үдеріс Родригезде шектен тыс дамып кеткен. Ол білімін тереңдетіп, күйзеліске тап болған адамдарға қол ұшын бергісі келеді. Сүйсінбеске шара жоқ. Себебі алып адамның арманы да осындай үлкен болуы керек қой.

 24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста