Аты аңызға айналған Лох-Несс суларындағы құбыжықтан асып түсетін айуанды жуырда ғана африкалық аңшылар көріп, оған Мокелембебе деген ат қойған екен, деп хабарлайды Лента.ру.
Аңшылардың айтуынша, олар қазіргі ғалымдар динозавр деп жүрген жануарларға ұқсайтын көрінеді.
Мокелембебелердің денесі ұзын, түсі сұрғылт-қоңыр, мойны жіңішке әрі ұзын, бойының биіктігі шамамен 11 метр болады. Олар, негізінен, Конго өзені жағалауындағы үңгірлерде, джунглиде тіршілік етеді. Сол жерлерден табылған сүйек-саяқ пен басқа да қалдықтарға қарағанда, бұл құбыжықтар пілдермен, қолтырауындармен және гиппопотамдармен қоректенетін көрінеді.
Американың зерттеушілері жергілікті тұрғындардың алыпқашпа әңгімелерін өз көздерімен тексеріп шығу үшін Африка джунглилеріне сапар шекпек.