Айнада тіршілік ететін елес қыз

Айнада тіршілік ететін елес қыз

Ол айнаға қарағанды жақсы көретін. Әрине, қыз баласы болғаннан соң, жалпы қыз ғана емес, адам баласы болғаннан соң әдемі болып, өзіне қарап жүрген дұрыс деп санайтын. Міне, сол айнаның құпиясы оны қатты таңдандыратын. Қызық нәрсе ғой ол өзі. Күміс араластырылған әйнектен дайындалған тақташадан өз бейнеңді көресің...

 

Сара бір күні түнде тәтті ұйқыда жатқанда біреу оның қасына жақындағандай болғанын сезді. Оянып кетті. Айналасына қарады, ешкім жоқ. Үйі үлкен болатын... Қалың ну орман арасындағы жалғыз үй. Ол жалғыздықтан қорықпайтын еді. Сол себепті де орманнан, елден ерекшеленіп осы үйді алған болатын... Бөлмесінде үлкен айна бар еді. Бір қызығы ол осы үйді сатып алғанында осы айнадан басқа үйде жиһаз болмады. Айнаға қарауды жақсы көрсе де, өзінің жаңа айнасы болғаны жақсы ғой деп сол айнаны далаға шығарып қойған. Бірақ, көшіп келген күні сол айнаны қайтадан бөлмесінен көрді. Бұған қатты таң қалды. Себебі, үйдің кілті тек өзінде ғана болатын. Өзінің осыдан бұрын келгенінде айнаны шығарып кеткеніне күмәнданып та қалды...

 

Сол түннен бері міне 1 ай өтті. Оның ұйқысы тыныш еді... Бірақ бұл дауыл алдындағы тыныштық болғанын сезбеді... Бір күні ұйықтап жатқанда тағы да бұрын болған оқиға қайталанғандай болды. Қасына біреу жақындағанын сезді. Көзін ашпай жата берді. Бірақ сол бейне айналшақтап қасынан кетпей жүргендей болды. Көзін ашты... Сол кезде көз алдында көрген бейненің не шын, не сағым екеніне көзін жеткізе алмай, қатып сол орында тұрып қалды. Ұзын, қара қолаң шашты аққұба келген кішкентай қыз екен! Көзін жұмып, қайта ашып қарады. Ол әлі тұр! Ішінен кәлимасын айтып, «Бісмиллә»-деп отырды. Ол қыз әлі кетер емес. Бір кезде ол мүлдем күтпеген нәрсе болды. Ол қыз Сараға жақындап келді де, құлағына сыбырлап:

 

- Саған өтінішім бар! – деді.

 

Сарада үн жоқ! Қайдан сөйлесін, қалай сөйлесін! Өмірінде бұндай жағдаймен кездеспеген ол әбден абдырап қалды...

 

- Мына айнаны тазалап, сүртіп қой! Өзің байқаған да шығарсың, бұл жәй айна емес, сиқырлы айна! Көшіп келердің алдында сен бұл айнаны далаға шығарып тастапсың! Мен қайта орнына алып келдім. Есіңде болсын, енді тағы да шығаратын болсаң, сені өзіммен қоса айнаның арғы жағындағы дүниеге алып кетемін! – деді де, сиқырлы қыз артқа қарай шегінді. 3 секундтай уақыт дәл оның алдында тұрды да, айнаға еніп кете барды... Сарада ес жоқ! Жаңа ғана көз алдында болған оқиғаға не сенерін, не сенбесін білмей сасып қалыпты, денесі суытып, көзі қарауытып, сол орнында құлап қалды.

 

Таңертең пердесі ашық қалған терезеден түскен Күннің сәулесінен оянды. Кешегі көрген түсім бе, өңім бе деп тағы да сол жерде бірнеше минут ойланып отырды. Сиқырлы қыздың айна жайында айтқан әңгімелерінің шындыққа жанасатындығына сеніп, өңім болар деп шешті.

 

Тамақтануға ас бөлмеге келді. Бірақ таңғы ас дайындауға кіріскісі келмеді... Себебі оның тәбеті болмады: бар ойы түндегі өткен оқиға. Не істерін білмеді... Осылай басы қатып тұрған оған анасы қоңырау шалды. Яғни, анасының нөмірімен қоңырау шалынды.

 

Өзі кешегі өткен оқиғадан есін жия алмай отырғанында “жығылғанға жұдырық” дегендей ата-анасының жол-көлік оқиғасында апат болғандығы жөнінде хабар естіді. Отырған жерінде төбесінен біреу салқын су құйып жібергендей болды. Туыстарына қоңырау шалып, анық-қанығын білгеннен соң, жолға шығуға дайындалды. Енді көлік шақырайын десе телефонның сымы үзіліп жатыр екен.

 

“Қырсық бір айналдырса шыр айналдырады” демекші, ұялы телефонын да таба алмай қалды! Жүгіріп сыртқы есікті ашайын деп тұтқадан ұстай беріп еді, есік тарс жабық! Қалай тартса да ашылмай қойды.

 

Кенет бөлменің іші тас қараңғы болып кетті. Көзі ауырып, не істерін де білмей қалды! Оң жақ құлағына біреу “Өтінішімді орында! Әйтпесе...” деді. Жүрегі зу ете түсті! Ішінен “О, Жаратқан! Бұның барлығы тек түс болса екен, тек түс болса екен!” деп тіленіп тұрды. Бірнеше секундтан соң бөлмеге қайтадан жарық келді. Қолында ұялы телефоны тұр! “Өтініш” деген сөзді естігенде кешегі көргені түс емес екендігіне көзі жетті.

 

Жатын бөлмесіне барып айнаның қасына жақындады. Қолына бірден ілінген орамалды алып сүрте бастады. Айнаны сүрткен сайын бөлменің іші жарықтана түскен сияқты болды. Ата-анасының қайтыс болғанына іші күйгені соншалық, айнаны қатты қатты ысқылап жіберіп еді, денесі мұздап кетті де, белгісіз бір күй кешті...

 

Арада қанша уақыт өткені белгісіз. Ол маңдайынан анасы сипап жатқандай күй кешіп, есін жинай бастады... Бұның бәрі түс екен ғой деп, көңілі басылғандай болып еді... Сөйтсе, бұл да алдамшы сезім екен. Көзін ашса әлгі сиқырлы қыз Сараның маңдайынан сипап отыр екен. Ол былай деді:

 

- Мен осы үйдің иесі едім. Белгісіз жағдайда қайтыс болдым. Өзімнің осы айнаның бергі бетіне қалай өткенімді білмеймін. Бұрын кім болдым, туыстарым бар ма, атым кім, жасым қаншада... Бұлардың ешқайсысын білмеймін. Соңғы кездері түсіме бір сиқырлы әйел кіріп, маған айнаның арғы жағына жаңадан қонақ келгенін, яғни сен туралы айтты да, қасыма алуды бұйырды. Мен оның бұйрығын орындауға қуана қуана келістім, себебі өзім де жалғызсырап жүрген болатынмын. Саған анаңның нөмірімен телефон шалып, ата-анаңның қайтыс болғандығы жөнінде айтқан да, кетуге жиналғанда үй телефонының сымын үзіп тастаған да, анау қолыңа ұстаған телефонды жоғалтып жіберген де мен болатынмын. Осының барлығын қасақана ұйымдастырдым. Әлгі түсіме енген әйел айнаны қатты ысқыласа бергі бетке өтуге болатынын айтқан болатын. Осы әдісті саған пайдаландым... – дей бергенде Сара анасының дауысын естіді. Басын көтеріп қараса олардың алдында айна тұр екен. Бірақ ол айнадан олар өздерін емес, Сараның жатын бөлмесін терезеден көргендей қып көріп тұрды. Қамауға алынған тергеушілерді тергеуге алатын камерадағы айналар сияқты... Кинодағыдай... Ол “Анашым! Анашым! Мен мұндамын!“ – деп қанша жан ұшыра айғайласа да, анасы оған назар аударар емес. Сараның анасы қызын іздеп жүрген секілді... Сол сәтте сиқырлы қыз:

 

- Олар енді сені таба алмайды! Мен сені қасыма алғандықтан саған құн ретінде ата-анаңның ұзақ бақытты ғұмыр кешуін қамтамасыз етемін. Қорықпа олар үшін! Тек менің қасымда болсаң болғаны,- деді...

 

Сара айнаның бергі жағында ата-анасының қалай ғұмыр кешкендерін, ағаларының үйлену тойларын, олардың үбірлі-шүбірлі болып, мәз болысып жүрген күндерін көріп отыра берді...

 

Сиқырлы қыз оған өмірінде көрмеген тағамдар мен сусындар әкеліп беретін. Басында тартыншақтанғанымен, кейін ол тамақтар Сараға да ұнайтын болды. Көңілінде жауабын шарқ ұра іздеген екі сауал болды: біріншісі ата-анасы оны жоғалтқанда қандай күй кешті екен... Ал екіншісі – бұл өмір ақиқат па, жалған ба...

 

Назерке Малкешова
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста