Айнада да талай сыр бар

Айнада да талай сыр бар

Қазақ халқының ырымында "Айнаны ашық қалдыруға болмайды" деген ұғым бар. Бұл ырым тектен-текке айтылмаса керек-ті. Өйткені, одан басқа әлеммен байланыс жасалады деген ой бар секілді. Сондықтан үлкендер түнге қарай айнаның бетін жауып жүруді тапсыратын. Шындығында, кейбірде сол айнаға қатысты тосын жайларды құлағымыз шалып қалатын. Түннің ішінде айнаның ішінен белгісіз адамның сұлбасын көргендер бар. Соның салдарынан кейбір адамдар тілін кәлимаға зорға келтіріп, қатты қорыққаны жасырын емес. "Қорыққанға қос көрінеді" дегенмен, сол көрініс бірнеше мәрте қайталанғанын да құлағымыз талай мәрте шалған еді. Сонымен не керек, айна біз үшін түсініксіз құбылысқа айналды десек те артық емес. Әрине, оны зерттеп көрсеңіз, тылсым дүниенің талай сырына назар аударуға болады. Бірақ, әзірге осы тақырыпты тереңнен зерттейтін ғалымдар жоқтығ қасы. Соның салдарынан бұл жағдайлар әлі күнге дейін түсініксіз сауалға айналып отырғаны тағы бар. Үлкендердің "Айнаның бетін жауып жүріңдер" деген сөзі әрбіріміздің құлағымызда тұрған шығар. Сонымен, айна туралы не білеміз? Осы тұрғыда қолдағы мәліметтермен бөлісіп көрелік.
Көпшілігіміз айнаның қашан және қалай пайда болғанын біле бермейміз. Білетініміз, жарықтық әжелеріміз кішкентайымыздан құла-ғымызға құйған «айнаға көп үңілсең, сұлулығыңды тартып алады, сынған айнаға қарама, бақытсыз боласың» деген ырым-нанымдары ғана. Күн-делікті құралымыздың біріне айналған айнаның біз білмейтін қандай құпия-сырлары бар?
Айна – кез келген үйде қолданатын мүлік. Жалпы, үлкендердің айтуынша, айнаны сыйға тартуға, немесе бұрын қолданыста болған айнаны сатып алуға болмайды. Өйткені, айна – қараған жанның энергиясын тартып алып, адамдардың бет-бейнесін, айнаның бетіне түскен қимыл қозғалыстарды компьютер бағдарламасы секілді жадында мықтап сақтап қалады деген түсінік бар. Олай екенін бүгінгі зерттеушілер де дәлелдеп отыр. Сондықтан ескі айна келесі бір басқа жанға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал тіптен қолданылмаған су жаңа айнаның адамға еш қауіптілігі жоқ деп есептеледі.
Айнаның шығу тарихы тым тереңде жатыр. Оны сонау ежелгі Шумер, Үнді және Мысыр елдерінде жасаған. Басында айнаны шыны тәріздес, қаралау түсті обсидиан, қола және күмістен дайындаған екен. Алғашқы шыны айналарды ХІІ ғасырда Мурано аралына қоныс теуіп, сол жерде жұмыс істеген венециялық шеберлер жасапты. Бірде Муранодағы шыны жасаушылар кішкентай мәрмәрдің бетіне қалайыны жайып тастап, үстіне сынап құяды. Сынап қосылған қалайыдан «амальгама» деп аталатын қоспа дайын болыпты. Оның үстіне шыны әйнек жабыстырған. Осылайша, қарапайым қажеттілікті өтейтін тұрмыстық бұйым осыдан 9 ғасыр бұрын пайда болады. Бірақ, венециялықтар өнертапқыштық құпияларын 200 жылдан астам уақыт бойы сақтап, айнаны жат жұрттықтарға қымбат бағамен сатып, табыс тауыпты.
Қазіргі таңда айнаны қарапайым қажеттілігінен басқа үйге, кеңселерге, демалыс орындарына көрік беру мақсатында да пайдаланып жатамыз. Алайда, айнаның пайдасынан басқа, адамзатқа тигізер зиянды жағы бар көрінеді. Мәселен, орыс халқының нанымы бойынша, айнаны ұйықтап жатқан адамға қарама-қарсы қоюға болмайды. Себебі, түн ортасында оянып кеткен адам онан өз бейнесін көргенде кенеттен шошынып, бойындағы күш-жігерін жоғалтып алуы мүмкін екен. Ал, Шығыс елдерінде айнаны әсіресе үйдің кіреберісіне орнатып, оның босағадағы жағымсыз энергияларды бейнелейтініне сенген. Еуропада көршісінің жаман ойларын, арам пиғылдарын бейнелейді деп айнаны терезенің тұсына қойған. Ал, Испанияда тіл-көзден сақтау үшін сәби киіміне толтырып айна тіккен. Мұнда жалпы сәбиді 3 жасына дейін айнаға қаратуға болмайды деген қағида сақталған. Өйткені, еуропалықтар бала кекештеніп, тілі кеш шығуы мүмкін деп сенген.
Өз келбетіңді өзіңе көрсететін айнаның сыйқыры да өз алдына. Ертеректе жас бойжеткендер сол айнаның көмегімен өмірлік жарын көруге тырысса, болашақты болжап, өмірінің өткенін көре алғандар да болыпты. Емшілер арасында айнамен аурудың бетін қайтарғандар да кездескен. Мысалы, орта ғасырда өмір сүрген Парацелсь науқастың айнаға үрлеген демі арқылы аурудың диагнозын қойып, сырқаттарды айна арқылы емдеген. Ол магиялық сыйқырдың көмегімен сырқаттың бойына дендеген аурудың жаман энергиясын пациенттің айнадағы бейнесіне ауыстырған деген аңыз бар.
Кейде айна екі дүнеиені жалғастырушы секілді. Оны ғалым Раймонд А.Моудидің еңбегінен көруге болады. Ол «Өлімнен кейінгі өмір» атты кітабында «айнада өлген адамдардың аруақтары пайда болады» алыпқашпа әңгімелердің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрмекке бел буады. Атақты психиатор айнамен жабдықталған арнайы бөлме дайындап, сонда тәжірибе жасайды. Нәтижесі тіптен таңғаларлық. Өз еріктерімен келген он адамның бесеуі айнадан қайтыс болған туыстарын көріп, олармен байланысқа түсе алған. Мұндай экспериментті Санкт-Петербургтік танымал психотерапевт Виктор Ветвин де жасаған екен. Бүгінде оның айнамен жабдықталған «Психомантиум» деп аталатын орталығы бар. Ветвиннің орталығында болып, өзгеріп шыққан адамдар болыпты. Соның бірі көлік апатынан қаза болған ұлын қайғырумен депрессияға түскен келіншек: «Мен баламды көріп, онымен сөйлестім, оған ол жақта жайлы екен» деп қалыпты өмірге қайта оралыпты. Осыған қарап-ақ айнаның да сыры бар екенін ұғуға болады. Алайда, онан жөнсіз қорқудың қажеті жоқ. Сөз соңында ақша мен айнаға қатысты ырымға келейік, қаражатыңызды молайтқыңыз келсе, бұған айнаның тигізер көмегі бар екен. Мысалы, айнаның алдына бірнеше кесек ірі купюраларды шашып қойсаңыз, табыс көзі молаятын көрінеді.
Д. Айтболат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста