Ағамның әруағы мені ажал аузынан алып қалды...

Осыдан бірнеше жыл бұрын менің ағам ауыр науқастан қайтыс болды. Ол біздің ауылдан 30 шақырымдай жерде орналасқан көрші ауылда тұратын еді. Ал мен ата-анаммен бірге тұрып жаттым.

Ағам қайтыс болар алдында өзін ата-анасының үйінен шығарып жерлеуді өтінген еді. Соңғы сапарға аттанып бара жатқан адамның сөзін жерге тастамай, ағамды өзі туып-өскен үйіне алып келдік. Көп ұзамай ағам қайтыс болды. Жан-жақтан ағылып туыстарымыз көңіл айтып жатты. Үйдің іші абыр-сабыр, у-шу.

Мен ол кезде өте жас едім, неше күнгі ұйқысыздықтан қатты шаршасам керек, көрші бөлмеге барып жантая тұрдым. Бірақ ұйықтаған жоқпын, көзімді жұмып жатқаным сол еді, бөлмеге біреу ақырын басып кіргендей болды. Жаныма біреудің жақындағанын сезіп жатырмын. Бірақ көзімді ашып қарауға батылым бармайды. Бір кезде көзімді ашып қалсам қайтыс боп кеткен ағам менің алдымда тұр. Қорққанымнан дыбысым шықпай қалды. Ол маған: "Қорықпа, сен менің айтқанымды тыңда және бұлжытпай орында. Менің денемді жерлеуге алып кеткеннен кейін міндетті түрде еденді, табалдырықты сүртіңдер" деді де есіктен шығып кетті. Марқұм ағамды көріп, оның айтқанын естігеннен кейін есімді жинай алмай біразға дейін қозғалмай жаттым. Бір кезде есіктен жеңгем кірді. Мен оған болған жағдайды айтып бердім. Ол еш саспастан, "әбден қалжырап шаршағансың ғой, ұйықтап кеткенде түсіңде көрген боларсың" деді. Дегенмен жеңгем екеуміз ағамның денесін үйден шығарғаннан кейін едендерді сүртіп алдық.

Ертеңінде мен, жеңгем, әпкем және жездем тағы бірталай кісілер бар ағамның зиратының басына барып қайтпақ болдық. Зират басынан қайтып бара жатқанда оқыс жағдай болды. Әпкем мен жездем үшеуміз жолдан жайбарақат өте бергенде бізге қарай жоғары жылдамдықпен ағызып келе жатқан көлікті байқап қалдым. Сасқалақтап қалыппын, дегенмен есімді тез жидым. Сол кезде мені оң жағымнан біреу қатты итергендей болды. Мен әпкемнің қолына қоса тарта кеттім, де жездеме "Абайла!" деп айғайлап үлгердім. Көзді ашып жұмғанша жездем қатты құлап бара жатқанын білемін, әпкем екеумііз өзіміздің аман екенімізді сезген соң-ақ жездеме қарай жүгірдік. Абырой болғанда ол тірі екен, беті-қолдары сырылған, қабырғасы сыныпты. үшеуміз де көліктің қайдан сап ете қалғанын білмейміз. Әйтеуір бір опаттан аман қалдық.
Кейін ойлаймын, марқұм болып кеткен ағам бізді осы оқыс опаттан аман алып қалған екен ғой. Егер біз оның айтқан өтінішін орындамағанда не болар еді. Сөйтіп марқұм ағам үш бірдей адамның өмірін аман алып қалды.

Талғат, Алматы.
 
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста