Индонезияда балықшы Роте аралының жағалауынан ерекше акуланы ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Абдулла Нурен есімді балықшы ересек акуланы кездейсоқ торға түсіріп, оны үйіне алып келеді. Ер адам акуланы сату үшін бөлшектегенде, ішінен үш баласы шыққан. Оның екеуі кәдуілгі акулаға ұқсаса, біреуінің тұмсығы ерекше жаратылған екен. Балықшы оны "адам келбетіне" ұқсас деп топшалаған.
 "Екеуі ана сияқты, ал үшіншісі адамның келбетіне ұқсайды", - деп түсіндірді Нурен.
Балықшының көршілері балықты сатып алғысы келген, бірақ ол сатудан бас тартқан.
"Менің үйім акуланы көргісі келетін адамдарға толы болды. Мен балықты сақтап қоямын. Бұл маған сәттілік әкеледі деп ойлаймын", - дейді балықшы.