Жылына 10 мыңнан астам адам алтын белгі алатын елде білікті маман табу қиын

Жылына 10 мыңнан астам адам алтын белгі алатын елде білікті маман табу қиын

Министрмен кездесу

 

Иә, жаңа министрдің су жаңа көмекшісінің ұйымдастыруымен 10 ұстаз 4 қаңтарда ғана тағайындалған оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевпен кездестік.

 

Ішімізде шағын жинақты мектеп ұстазы да, ауыл мектеп мұғалімі де, қала мектебі мұғалімі де, сарапшы да бар. Үлкеніміз де, жасымыз да бар.

 

Баяғыда балалау кезде ұсыныс көп айтатынмын. Орындалып қала ма деген арман ғой. Кейіндеу суды сіңетін жеріне құюды үйренген секілдіміз.

 

Мен министрді және министрдің жоспарын тыңдағым келіп барғанмын. Кездесу керісінше бізді тыңдау болды. Әркім өз деңгейімізде, өз өреміздің жеткен биігімен ұсыныс айттық. Әрине, ең маңызды саланың өзіміз ең маңызды деп қарайтын тұсынан қарадық. Ұлт мәселесінде ұсақ дүние болмайды дейді, - Жүсіпбек Аймауытов. Оқу-ағарту мәселесі - ұлттың ең маңызды мәселесі, сондықтан онда маңызсыз мәселе жоқ.

 

Жаңа министр көп өзгеріс жасаймын, көп нәрсе ойластырып жатырмыз, бәрін зерттеп реттеп жатырмыз.

 

Көп нәрсені қоғаммен, ұстаздармен ақылдасып істеймін, көп жаңалық болады, - деді.

 

Қандай жаңалық екенін уақыт көрсетеді. Айтпақшы, ашық айтылған жалғыз мәселе “Алтын белгі” белгісінің иегерлері математика пәнінен емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебіне барып тапсырмайды, өз мектебінде тапсырады,- деді.

 

Бұл мәселе мені қуантпады. Баяғы сол өтірік медаль тарату жалғасады. Мектептерге сырттай бақылау жоқ, білімді сырттай бағалау жоқ. "100 қойдан 120 қозы алып", асыра сілтеп үздіктерді көбейтіп, бізде білім сапасы осындай деп мақтанамыз.

 

Жылына 10 мыңнан астам адам алтын белгі алатын елде білікті маман табу тым қиын. 10 мыңнан аса алтын белгінің ішінде қаншама "алтындар" ҰБТ-да шекті балл да алмайды. Біз кімді алдаймыз, білмеймін. Әйтеуір алдауға жол береміз, алдауға дайын тұрамыз.

 

Жә, бірді айтып бірге кетпейік. Министрге кіріп шыққалы, қаншама әріптес не жаңалық болады екен, министрдің не жоспары бар екен, - деп хабарласып жатыр. Бәріңізге бір жауап: “Білмеймін”. Оқу-ағарту саласының алдағы қадамы қалай боларын білмеймін. Тек уақыт көрсетеді.

 

 

 

Аятжан Ахметжанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста