Журналист-әншілер...

Студентпіз. Куратордың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. «Концерт қоямыз», – деді қараптан-қарап. Музыкант болсақ бір жөн. Группадағы онның бірі де сахнаға шығып көрмеген, ауылдың қара домалақтарымыз. Шу етіп:
– Ой, әпки!, – дей бергеніміз сол.
– Айттым бітті! Зачет қоймаймын әйтпесе, – деді әдеттегідей.
Тағы да «Әпки» дегеніміз сол:
– Екі! Екі қоямын, екі! Керек емес маған! Керек емес, – деп айғайлап, ешкімді сөйлетпеді.
Группадағы ондықты түгелдеп, кімнің не айтатынын сайлап жатыр. Кезек маған келгенде:
"Құралай билейді" демесі бар ма?! Шошып кеттім.
– Қандай би?
– Қамажай!
– Қалай?, – деймін, сахна тұрмақ, той томалақтың өзінде билеуге қысылатынымды ойлап.
– Кәдімгідей, – деді апай ақырып. Бес қызды нұсқап, "үшеуің Қамажайға билейсіңдер" дегенде көзім атыздай болып, тағы да еріксіз "Қалай?" деппін.
– Қалай, қалай? Кәдімгідей, – деді бетіме бажырая қарап. – Бой-боймен, – деген кезде тізем дірілдеп кетті. Ең соңдарында аналардың ұзын сирағы асықпай-ырғақпен бір аттағанда, ілесе алмай жыбырлап үш аттайтыным келді көз алдыма.
– Мен билемеймін!, – дедім.
– Билейсің! Зачет қоймаймын!
– Билемеймін, – дедім тағы міңгірлеп.
– Неге?
– Билей алмаймын...
– Онда өлең айтасың!
– Өлеееең??? Өлең айта алмаймын мен...
– Не өлең айтып құтыласың, не басқаша сөйлесеміз...
Миымда екі ой арпалысып жатыр. Бірі «өлең айтып масқара бола бер» деп мысқылдаса, екінші ой «абыройыңды айрандай төккенше оқудан шыға сал» дейді жаны ашығансып. Ары ойлап, бері ойлап өлең айтатын болдым. Бәріміз қайтып бара жатқанда апай: Домбыра тартады деп естігем, домбыраңмен айтасың, – дегенде бір өліп, бір тірілдім.
Ия, домбыраның ішегін екі қағып, ақыруды бәрі біледі ғой. Ақыры домбырамды сабалап, бір апта ақырдым. Соңында үлкен сахна, ортасында тұрғаным елестеп қана қоймай, ел-жұрттың шапалағына шаттанып тұрғанымды ойлайтын болдым. Ол күн де келіп жетті. Аудиторияда жиналатын болғанбыз. Универден түсіп келе жатып, документтерім мен киімдерім салынған сөмкем өзім түскен автобуста ұмытып кеткенім есіме түсті. Баж етіп, отыра қалып жыладым. Универдің сыртында тұрған бөтен ұстаздар жүгіріп келіп, тұрғызып, не болғанын сұрады. Мән-жайды түсінген соң қолыма ақша беріп, «таксимен қуып жет» деді бір ұстаз. Бір таксиге отырып, автобусымның соңынан жүгірдім. Не автобустың нөмері есімде жоқ. Тек кондуктор қыздың үстіндегі сары кофтасы ғана есімде қалыпты. Таксиден түсіп өткен кеткен қоғамдық көліктерге мініп, «сары кофтаны» іздеп – түсіп-мініп жүріп екі сағат уақытымды жоғалттым. Соңында заттарымды тауып, универге келсем ешкім жоқ, тіпті охранник те. Сыртқы есік ашық тұрғанын көріп, аудиторияма жүгіріп кірдім. Бос тұр. Сыртқа қайта шыққанымда қарауыл жігіт шыңғырып жіберді де, кекештеніп, «қазір аралап келдім, ешкім жоқ еді ғой» деді. Бір жапырақ қағазға «сокурсниктерім»: «Педтың общягасына кел» деп жазып кетіпті. «Педтің общягасының» сахнасы елестеп, шабыттана шаптым. Кіріп келсем, үлкендеу аудиторияда көрермендер, яғни жатақхананың студенттері орындықта отыр да, оларға қарама қарсы менің тоғыз «сокурснигім» тұрып тұр. Үш қадам аттаса екі жақ бетпе-бет соғысатындай жақындықта концерт өтіп жатыр екен. Кәдімгі аудитория.
Жүргізуші Жандос мені көріп: Сахнада Құралай Сейсенбекқызы! Әнші, – демесі бар ма?... Жаңа документті жоғалттым деп ойлап жылағаным бар, шаршағаным бар әбіржіп, дода додам шығып тұр. Жандос мені тағы қайталап ортаға шық, – деп белгі берді. Мен көзім бақырайып, қозғала қоймаған соң арқамнан итеріп, қолымнан тартқылап ортаға көрермендерге бетпе-бет тұрғызып қойды. Өзім білетін жалғыз әнді бастадым:
«Айтшы жаным,
Кеттің қайда?
Біліп тұрмын, домбыра бір жақта, ән бір жақта, мен бір жақта. Біреулер мырс етсе, енді бірі мені көргісі келмегендей көзін жұмып алыпты.
Қайырмасын тағы қайталадым:
«Айтшы жаным,
Кеттің қайда?
Жоқ еді ғой жазығым», – дей бергенде көрерменнің біреуі: «Ой, байғұс-ай» дегені. Лезде тартып отырған домбырамды тоқтата салып, бәріне қадала қарап алып: «Ол кім ә?» деппін ғой...
Бәрінен де ызам келгені біз концертті әншілер мен музыканттарға қойыппыз ғой сол жолы... Расында байғұс екенбіз, ә..
Құралай Сейсенбекқызы
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста